Білім • 25 Маусым, 2018

Ақтауда университет түлектеріне диплом табысталды

1341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау өлкесінің еңселі білім ордасы Yessenov University-де түлектердің диплом алу салтанаты өтіп, оқу орнын қызыл дипломмен бітірген 22 студент аймақ басшысының қолынан диплом алды.

Ақтауда университет түлектеріне диплом табысталды

Биыл Yessenov University-ді бакалавриат бағдарламасы бойынша 517, магистратура бағдарламасы бойынша 67, кешкі және сыртқы бөлімдерде 178 түлек тәмәмдады. Оның ішінде 22 студент қызыл дипломмен бітіріп отыр. Университетте бүгінде 3100 студент білім алуда, оның ішінде күндізгі бөлімде оқитын 2500 студенттің 265-і мемлекеттік грант  бойынша  оқып жатыр. Сонымен қатар,  облыс әкімінің грантымен оқитын 79 студент бар.

«40 жылдық тарихы бар, 35мыңнан астам маман дайындаған Университет түлектері облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқынды үлесін қосуда, халық шаруашылығының барлық салаларында қызмет атқаруда.  Бүгінде университетте 306 оқытушы қызмет етсе, оның 12-сі ғылым докторы, 148-і ғылым кандидаты. Соңғы дерек бойынша, Есенов университеті  республикада білім беру деңгейі жағынан 130 университеттің ішінде 18-орында. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін орындау мақсатында университетте 500 орындық 2 жатақхана, колледж студенттері үшін 1600 орындық 4 жатақхана салу жоспарланып отыр. Және де осы жылы университетте Үздіксіз Білім беру Институты ашылған болатын»,  деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, мерекелік от-шашумен аяқталды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар