Президент • 26 Маусым, 2018

Елбасының БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары тағайындалды

501 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы Жарлық шықты

Елбасының БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы

1. Елдің әлеуметтік-эконо­ми­калық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұр­ғыдан қам­тамасыз ету ісін­де­гі бұ­қаралық ақпарат құ­рал­да­рының елеулі рөлін ес­кере отырып, Қазақстан Рес­­публикасы Президентінің бұ­­қа­ра­лық ақпарат құ­рал­дары са­­ласындағы сыйлықтарын бе­ру, грантта­рын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық ко­мис­сияның ұсы­ны­мын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Президент­інің бұқаралық ақпа­рат құрал­дары сала­сын­дағы сыйлықтары берілсін:

Дорофеев Михаил Викторовичке – «іnformburo.kz» интернет-порталының бас редакторына отандық бұқара­лық ақпарат құралдарын және ақпараттық-сараптамалық электронды ресурстарды да­мы­туға қосқан үлесі үшін;

Танысбай Ләззат Мұрат­қызына – «Астана» рес­пуб­ликалық телеарнасының бас директорына қазақстандық журналистиканы және ұлттық телевидениені дамытуға қос­қан елеулі үлесі үшін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпа­рат құралдары сала­сындағы гранттары тапсырылсын:

Әділова Айгүл Нұрхан­қы­зына – «Хабар» ре­с­пуб­ли­калық телеарнасының сарап­та­ма­лық бағдарламалар бөлімінің тілшісіне Мем­ле­кет басшысының қызметін жан-жақты әрі сапалы жариялап-көрсеткені үшін;

Жиенәлі Мейіржан Әлібек­ұлына – «Қазақстан» ұлт­тық телеарнасы ақпарат­тық-сараптамалық бағ­дар­ла­ма­лар дирек­ция­сы дирек­торының орынбасарына отан­­­дық телевидениедегі ақ­па­рат­тық-сарап­­тамалық бағ­­­дар­ламаларды ілгеріле­ту ісін­­­де қол жеткізген кәсіби же­­тіс­­­тік­тері үшін;

Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің бұқаралық ақ­па­рат құрал­дары сала­сын­дағы Алғысы жариялан­­сын:

«Алматы» телеарнасының шығар­ма­шылық ұжымына отандық телевизиялық жур­на­листиканы дамытуға қосқан үлесі үшін;

«Астана ақшамы» рес­пуб­­ликалық қо­ғамдық-саяси газетінің шығар­ма­шылық ұжы­мы­на Астананың әлеу­меттік-эко­номикалық және мәдени-гуманитарлық да­муы­н-

дағы маңызды тақырыптар мен негізгі мәсе­ле­лерді жа­рия­лап-көрсетуге қосқан ерек­ше үлесі үшін;

«Балдырған» респуб­ли­калық балалар журналының шығармашылық ұжымына еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеу ісіне және қазақ­с­тан­дық патриотизмді ны­ғай­ту­ға қосқан зор үлесі үшін;

«Өзбекстанның ұлттық те­ле­радио­ком­паниясы» шы­­ғар­машылық ұжымына Қа­зақ­стандағы Өзбекстан жылын және түрлі салалардағы Қазақстан-Өзбекстан ынты­мақтастығын дамыту мәсе­ле­лерін жариялап-көр­сеткені үшін.

2. Осы өкім бұқаралық ақпа­рат құрал­да­рында жария­лан­сын.

Қазақстан Республикасының 
Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 25 маусым
№ 246