Аймақтар • 26 Маусым, 2018

«Жетісу саябағы» – төр қаланың туған күніне тарту

1986 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астананың 20 жылдық мерейтойына Жетісу жұрты жемісті еңбек пен толағай табысымен үлес қосудан бөлек, бас қаланың келбетіне көрік беретін арнайы сый дайындап жатыр. Елорда төріндегі «Арай» демалыс саябағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алған Алматы облысының әкімдігі қала күніне орай астаналықтарға лайықты тарту жасамақ.

«Жетісу саябағы» – төр қаланың туған күніне тарту

Қазір «BI Group» құрылыс холдингі «Арай» саябағын абаттандырып, қайта жөндеу жобасын аяқтауға жақын қалды. Толықтай қайта жасалған саябақ арайлы Астанадағы Жетісудың бір бөлшегіне ұқсас кейіпке еніп, облыстың көрікті жерін көзбен көргендей әсер беретін орталыққа айналады. Әрі саябақтың атауы да өзгеріп, ол ендігі жерде «Жетісу» демалыс саябағы деп аталады.

Аумағы 15 гектар болатын саябақты жетілдіру жобасы аясында төрт негізгі аймақты құру жоспарланып отыр. Біріншісі – тыныш, серуенге өте ыңғайлы болмақ. Бұдан әрі орталық аллея айналасында балалардың ойын алаңы мен тамақтану аймағы, одан әрі автотұрақ аймағы орналасады. Сондай-ақ саябақта ұзындығы 1,5 шақырым болатын велосипедшілерге арналған айналма және жүгіру жолдары болады. 

– Саябақта арка, кіреберіс қақпа қойылуда. Бас субұрқақ пен облыстың символы бар «Апорт» алаңы – тауларға, павильондар мен киіз үйлерге апаратын төбеден тұрады. Аумағына әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңшалары кіретін Тәңір алаңы жасалады. Таңбалы тастың жазбалары бар балбал тастар мен Шарын шатқалы пайда болмақ және саябақта ашық аспан астындағы амфитеатр салынады, – дейді жоба менеджерлері.

Алаңның ортасында хош иісті шөптер, гүлдер, бұта­лар­дан тұратын Қазақстан­ның картасы болады. Сонымен қатар саябақта 270 ағаш отырғызылады, оның көбі же­міс ағаштары. Демек, аста­на­­лықтар осы баққа ке­ліп Же­тісу топырағында өніп-өсе­тін түрлі жемістердің дә­мін татады. Саябақ аума­ғын жа­­рықтандыру да толық­тай жү­зеге асады. Түнгі ты­ныш­­тық­қа мүлгіген демалыс орнын 380 арнайы шам сәу­леге бөлеп, самаладай жар­қы­ратпақ. 

Жуырда облыс әкімі Амандық Баталов жұмыс са­па­рымен Астана қаласына бар­­ғанында «Арай» саяба­ғын абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс­тар­дың қарқынымен танысқан болатын. Бүгінгі күні сая­бақ­та орналас-

тырылатын барлық кіші сәулет нысанда­ры құйылып, орнатылуға әзір. Қазір 15 гектар алқапқа со­зылған саябақ аумағының әр бұ­рышында жоспарланған жұ­­мыс­­тар қарқынды жүр­гізілуде. Нысандағы барлық жөндеу жұ­мыс­­тар осы маусым айының со­ңында толық аяқталады. 

– Бұл саябақ Алматы облы­­сы­ның елордасы Аста­на­ның 20 жылдық ме­рей­­тойына жасаған сыйы бол­мақ. Астанаға қыдырып бар­­ғ­ан әрбір жетісулық осы сая­­бақта серуендеп жүріп, ту­ған өлкесінің табиғатын көз­бен көргендей болар де­г­ен ойдамыз. Осы үшін сая­бақтың жаңа келбетін қалыптастыру кезінде танымал сәулетшілердің ерекше дизайн үлгілері таңдалды, – дейді облыс әкімі Амандық Баталов.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы