Қазақстан • 26 Маусым, 2018

Елорда – тәуелсіздік жемісі

2234 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел астанасын Алматы­дан Арқа төріне көшіру идеясы тәй-тәй басқан тәуелсіз елі­­міз үшін көптеген игіліктерге жол ашты. Сарыарқа сау­ы­­рын­да күн санап толағайдай толысып келе жатқан Аста­на­­­ның айшықты сәулеті, жаһан алдындағы биік мәртебесі жа­­­сам­паздықтың жаршысындай көрінеді. Астанамыз ал­ғаш Алматыдан Ақмолаға көшкен сәтте сол ұлы көштің ке­­­руенінде болған азаматтың бірі ретінде уақыт бедерінде қат­­­талып, санамызда сақталып қалған кейбір сәттерді қа­ғаз бетіне түсіруді жөн көрдік. 

Елорда – тәуелсіздік жемісі

Әлі күнге дейін есімде. 1995 жылдың қыркүйек айының 15 жұлдызында ел Пре­зи­дентінің «Қазақстан Рес­пуб­ликасының астанасы туралы» Жарлығымен минис­трлер кабинетіне жыл со­ңына дейін астананың қоныс ауда­руының уақыты мен соған байланысты шығыс көле­мін анықтау тапсырылды. Сон­ы­­мен қатар жоғары және орта­лық билік жүйелерінің кө­шіп-қонуын ұйымдастыру мәселесін қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік комиссия құрылып, оған орталық және жергілікті билік ұйым­да­рының жұмыстарын үйлестіру құқығы жүктелді. Үкіметке «Жаңа астана» бюджеттен тыс қорын құрып, елорданы лайықты абаттандыру ісіне қаржы жинақтау ісі де тапсырылды. 

 1996 жылдың қазан айында сол кездегі Ақмола қаласында Президент кеңей­тілген кеңес өткізіп, онда әуе­жай, темір жол вокзалын ретке келтіру, жол жөн­деу, салу, көгалдандыру, жарық­тан­дыру жайы тал­қы­ла­нып, бас қаланың инфра­құ­ры­лы­мын жақсарту ісі жан-жақ­ты сарапқа салынды. Аэро­порт, вокзалдар және жол­дар Көлік және коммуни­ка­ция ми­нис­трлігінің қ­ұзы­рында бол­ғандықтан, бірін­ші болып көш бастау осы минис­трлікке жүк­­телді. Сол уақыттарда бұл саланы Ю.И.Лав­ри­нен­ко басқарды. Мен минис­тр­­дің бірін­ші орынбасары бол­ған­дық­тан, көшуге бай­ла­нысты жұ­мыстарды ұйым­дастыру ісімен айналыстым.

Арқаның алғашқы қысы бәрі­мізге үлкен сынақ болды. Қызылшұнақ аяз, алай-тү­лей боран, уақытша жатақханадағы лекерленген пәтерлер, жұпыны дүкен сөре­лері, тамақтанатын орын­дар­­­дың тапшылығы біраз адам­­­ның сағын сындырардай әсер етіп, кейбіреулер тіпті Алматыға қайта оралып жатты. Алайда көпшілік аза­мат­тар бұл маңызды іс ел бо­ла­ша­ғы­на аса керек екенін тү­сі­ніп, қанд­ай қиындыққа бол­сын қарсы тұра білді.
1997 жылдың шілде айында министрлік толықтай көшіп, кадрлармен қамта­ма­сыз етілгеннен кейін тамыз айы­нан бастап өзінің жұ­мы­­сына толыққанды кірісіп кет­ті. Сол жылдың өзінде атал­ған құрылым зор жұмыс атқа­рды деп айтуға болады. Қысқа мерзімде аэровокзал ғимаратының күрделі жөн­деуден өтуі, ұшып-қону жо­лағы заманауи жарық белгі жүйе­сімен қамтылып, оның 3000 метрі іске қосылуы, жа­ңа ұшу жолақтары аралық бұ­ры­лыс жолдарының соғылуы, VIP зал ғимараты көлемінің ұл­ғайтылуы сынды елеулі жұ­мыстар атқарылды. Ең бас­­тысы қалааралық жолдың кеңейтілу жұмыстары аяқ­талып, алғашқы айналмалы жол салынды. 

Тың теміржол басқар­ма­сының күшімен қалалық темір­жол вокзалының ғима­раты жөнделіп, вокзал аума­ғы кеңейтілді, көптеген әкім­ші­лік ғимараттар жөндеуден өтіп, жаңа әр алды, қызмет ау­мақ­­тары өзгертілді. Темір­жол­шы­лар мәдениет сарайы да жаң­ғыртылып, «Күләш Бай­сейітова атындағы опера және балет театры» (кейін Жастар театры аталды) қала тұр­ғын­дары мен қонақтарына ру­ха­ни азық беретін іргелі мә­де­ниет ошағына айналды.
Осы жұмыстардың жүйе­лі жолға қойылуына көш-ке­руен­нің басы болған Көлік жә­­не коммуникация минис­тр­лігі үлкен үлес қосты деп айта аламыз. Әсіресе Алматыдан көші­рілген қыруар жүк пен халықты тасымалдауда авто­кө­лік­шілер мен темір­жол­шы­лардың орасан еңбегін айрық­ша атай кеткен жөн. Алғаш­қы жылдары байланыс мәселесі де айтарлықтай қиындық туғызды. Бар АТС-тер­дің құрал-жабдықтары ескі болғандықтан, барлық аудан­дар­­мен тұрақты байланыс­ты толықтай қамтамасыз ете алмады, телефон нөмір­ле­рінің тапшылығы сезіліп тұр­ды. Жаңа құрылған «Қазақтелеком» мекемесінің кү­ші­мен кейіннен бұл мәселе оң шешімін тапқанын да көзіміз көрді.

Талай қиындық артта қал­ды. Қазақ елі тарих сахна­сын­да биік белеске қайта шық­ты. Халық өз Президентін қолдап, ғасырлар бойы аңсаған тә-
у­ел­сіздігінің айғағындай бол­­ған арайлы Астанасын мақ­тан етеді. Біз Көлік және ком­муникация саласының ар­да­герлері ерен еңбектің нә­тижелі болғанына шын жү­рек­тен қуаныштымыз және Елба­сының Астанамыздың 20 жылдығын атап өту жөнін­де­гі жарлығын қуанышпен қ­а­был­дадық. 
Шын мәнінде тәуелсіз елі­міздің Тұңғыш Прези­де­нтінің тарихи шешімі өмір ағымын күрт өзгертіп, жаңа қуат әкелді, Елбасының өз бас­тауымен, қадағалауымен со­ғылған жаңа қала көне да­ланың көркіне, әлемдегі әсем шаһарлардың біріне ай­нал­ды. Айбынды Астана – бейбітшілік пен берекенің құтты бесігі, тәуелсіздіктің жемісі.

Серік ӘЛІҒОЖА,
Қазақстан Республикасы Автокөлікшілер одағының басқарма төрағасы