Төріңе шығарсаң да, төбеңе шығарма!

«Қазақ – қонақжай халық». Ақиқатын айтар болсақ, бүгінде «қонақжай» сөзі жаттандылыққа, таптаурын теңеуге айналып бара жатқандай. Өйткені, алаш жеріне ат басын бұрғандар қонақжайлықты басқаша қабылдайтын тәрізді: шектен тыс еркінсу, қазаққа ақыл үйрету, қалай ел болуға баулу, несібесіне қол салу. Қазақтың «қонақжайлылығын» пайдаланып, төрлеткеннен кейін төбесіне шыққысы келетіндей ме, қалай?!

Егемен Қазақстан
26.06.2018 455
2

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Асхат Әлімов ұлт мәселесі төңірегінде студенттер арасында сауалнама жүргізіп, өз халқының болмыс-бітімі туралы пікірін білген екен. Жастар мынадай ортақ тұжырымға тоқталыпты: «Қазақ – қонақжай, кішіпейіл, шыдамды, сабырлы, білімге құштар, кеңпейілді; алайда өз-өзіне немқұрайды, басқаға бейімшіл және өз дәстүрлерін ұстанбайтын халық». 

Жастар қазіргі қазақ болмысын, мінезін дөп басқан деп айтуға болады. Әсіресе, «басқаға бейімшілдігі» халықтың өркендеуіне бірден-бір кедергі болып отырған жағымсыз қасиет. Ғасырлар бойы санаға сіңген құлдық психологиядан арылу оңай болмай тұр. Бүгінгі халіміз осындай. Ал бұрын ше...

Бұрын басқа едік. Бөтеннің алдында құрақ ұшып, жайылып төсек болмай, қадір-қасиетімізді өзіміз бағалай білетін, басқаларға бағалата білетінбіз. Қаз дауысты Қазыбек бабамыздың: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз; ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз» деп қайыратыны да сол тұста. Досқа дос ретінде сый көрсетіп, төбесіне шыққысы келгенін тәубесіне түсіре білетін халық болатынбыз.

XVIII ғасырдағы қазақтың болмысы бұл. Мінезі һәм менталитеті. Орыс патшалығына бодан болғанмен, өршіл мінезі бұғаулыққа бас ұрмаған кезі. Ресей патшасының қитұрқы саясаты қазақ жеріне сыналай кіріп, алып аумаққа билігін жүргізіп, шұрайлы жерлерін қара шекпенділердің иелігіне беріп жатқан тұста да қазақ мойынсынған жоқ-ты. Исатай мен Махамбет, Сырым батырлардың атқа қонып азаттық үшін арпалысып, «егеулі найза қолға алмай ерлердің ісі бітер ме?» деп жүргені де сол кезең. Оны айтасыз, одан бертініректе Кенесары Қасымұлының «Кезенген жаумен кескілесіп тұрып өлісуге шыдайтын ұл болмаса, сондай ұлды туғызып тұрған ел болмаса, қазақтың қай ісі өрге басар дейсің?!» дейтіні туған жер мен ел үшін шыбын жанын шүберекке түйгендігін көрсетсе керек-ті. Ел үшін жан құрбан.

Алаш жұртының азаттық үшін күресі ешқашан тоқтаған емес, отаршылдықтың темір құрсауы қаусырылып, бодандықтың қамыты тарылған сайын салқар дала сайыпқырандарының рухы айбындана түсті. Қызылдардың пиғылы да Ресей патшасының саясатынан алшақ емес екенін сезген алаш қайраткерлері азаттық үшін күресті жаңаша бағытта демократиялық тұрғыда, өркениет жолымен жалғастырды. Алайда, кеңес өкіметі де өз диктатурасын орнатуға келгенде қанды қырғыннан аянып қалған жоқ, алаштың асыл ұлдарын оққа байлап, қуғын-сүргінге ұшыратты. Большевиктермен күрес барысында ғой Міржақыптың: «Біз онша сатып алған құл емеспіз, Әркімді басымызға шығаратын» деп айтатыны. Бәлкім, ақын төрге шыққан қызыл идеологияның ертең қазақтың басына шығатынын ерте бастан сезген ғой...

Кейінірек кеңес өкіметі тұсында интер­националистік тәрбиені бойына сіңірген қазақ жұрты өзіндік «менінен» ажырап қала жаздады. Ғасырлар бойы қаймағы бұзылмаған салт-дәстүр социалистік қоғам тұсында «сыр» берді. Қазақ емес, «кеңес адамы» болуға ұмтылды. Орыс тіліне бас ұрып, анасының тілінен алшақтағандар көбейді. Коммунистердің идеологиялық тоқпағының құдіретімен бас-аяғы 40-50 жылдың ішінде қазақ саны жағынан ғана емес, рухани жағынан да құлдырауға ұшырады... 

Қай кезде де халықтың рухани иммунитеті сыртқы факторларға қаншалықты қарсылық көрсете алады, ұлттың рухани өрісінің өмір­шеңдігі де соған байланысты өрістейді. Егерде сыртқы мәдени, рухани экспансияға қарсылық көрсететіндей қауқары болмаса, ол халықтың иммунитеті жеңіліске ұшырайды. Жеңілгені сол, ол төл тілінен, мәдениетінен айырылып қана қоймай, оның жеке-дара ұлт ретінде өмір сүруіне қауіп төнеді. 

Қазір азаттық үшін күреске шақырып аттандаудың қажеті жоқ, саналар соғысында сан соғып қалмау керек. Ұлттық саналар қақтығысы, идеологиялар бәсекесі. Осы тұрғыдан алғанда, Алаш жеріне ағылған жұрттың бәріне «қонақжайлық» танытып, тоғызыншы территорияның төріне шығарып жақсы атты көрінудің ақыры жақсы болатынына кім кепілдік береді!? «Егер біз өзімізді өзіміз қорғай алмасақ, бүліншілік зора­йып, қиыншылыққа айналғанда, қазақ халқы құрбан болады» деген еді Әлихан Бөкейхан. Ендеше, ең алдымен «өзімізді өзіміз қорғап», «Еңкейгенге еңкей, Атаңның қара құлы емес. Шалқайғанға шалқай, Пайғамбардың ұлы емес» деген баба қағидасына беріктік танытатын кез бұл!

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу