Аймақтар • 26 Маусым, 2018

Алматыда биыл алқабилердің қатысуымен 3 қылмыстық іс қаралды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мәртбек Кәкімжанов айтты. 

Алматыда биыл алқабилердің қатысуымен 3 қылмыстық іс қаралды

Мәртбек Кәкімжановтың мәлімдеуінше, Ммемлекеттің нашақорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен қоғам бірлесіп, нашақорлық дертін жоюда күшін салу керек.

Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2015 жылы – 3 қылмыстық іс, 2016 жылы – 5 қылмыстық іс,  2017 жылы – 4 қылмыстық іс және 2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша – 3 қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Алқабилерге үміткерлерді жинау барысында негізгі мәселе, азаматтардың өзінің алқаби ретіндегі азаматтық борышын орындамауы және сотқа келмеулері. Алқабилер институтын түсіндіру және мамандандырылған соттың жұмысын көрсету мақсатында, сот қызметкерлерімен тұрақты түрде Ашық есік күдері өткізіледі, шара барысында кез келген қызығушылық танытқан азамат, сот жұмысымен және сотта қаралып жатқан істер бойынша сұрақтарға жауап ала алады. Сонымен қатар баспасөз қызметкерлері қоғам қызығушылық танытқан, қаралып біткен қылмыстық істер бойынша баспасөз парақшаларын таратады, – деді Мәртбек Әшімұлы.

Дайындаған

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

 АЛМАТЫ