Аймақтар • 26 Маусым, 2018

Омбы облысының делегациясы Солтүстік Қазақстанда болды

304 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов пен Омбы облысының губернаторы Александр Бурков бірқатар мәселелер бойынша ой-пікірлер алмасып,  екіжақты әріптестік жөніндегі онға жуық  меморандумға қол қойды.

Омбы облысының делегациясы Солтүстік Қазақстанда болды

Облыс  80 елмен экономикалық әріптестік жасайды. ӨесейменРесейменткен жылмен салыстырғанда Ресеймен тауар айналымы 30 пайызға өскен.

«Зиксто» зауытында биыл вагон құрастыратын жаңа цех ашылады. Оған 25 миллиард теңге инвестиция құю көзделген. Бірлесіп жұмыс істеймін деген бизнесмендерге есік ашық. Мұнай-газ саласына қажетті құрылғыларды шығаратын Петропавл ауыр машина жасау зауыты мен «Мұнаймаш» кәсіпорындарының өнімдерін де жеткізіп беруге мүмкіндік жеткілікті», деді Қ. Ақсақалов.

Құмар Іргебайұлы туризм саласында да тығыз ынтымақта жұмыс істеуге шақырды. Екі өлке студенттерін алмастырып оқытып, оларға қос тараптан  грант бөлуді ұсынды.

«Қызылжар өңірінде машина жасау саласы қарқын дамып келе жатыр екен. Осы ретте бір-бірімізге құрал-жабдықтар жеткізіп, тәжірибе алмасуға болады. Бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі «Сиб Завод Агро» кәсіпорынына  жер телімінен қолдау көрсетуіңізді өтінемін. Жоба жүзеге асса, егістікке қажетті техника жасап шығармақ. Сондай-ақ  ескі тракторларды  жөндейтін зауыт ашу да артықтық етпес еді», деді А. Бурков.

Қ. Ақсақалов  бұл салада әріптестік орнатуға әзір екендіктерін білдірді. Екі тарап IT технологиялар саласында да бірлескен жобаларды іске асыруға келісті.

БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттарында қос облыс басшылары шекара аймақтарында жүктерді құжаттық рәсімдеулерге қатысты  проблемаларды айта келіп, бұл  ретте цифрландыруды қолданудың маңызын атап өтті. Әлеуметтік байланыстар да назардан тыс қалмайды.

Қазіргі таңда екі ел бойынша 200-ден астам біріккен жоба жұмыс істейді.

Губернатор теріскейліктерді тамыз айында Омбы қаласында өтетін «ТМД және ЕАЭО елдерінде жасалған» атты көрме-жәрмеңкеге шақырып, ұсыныс қабыл алынды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар