Парламент • 26 Маусым, 2018

Венчурлік қаржыландыру мәселелері туралы заң жобасы қаралды

756 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі. 

Венчурлік қаржыландыру мәселелері туралы заң жобасы қаралды

Құжат Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында әзірленді.

Елімізде бүгінгі таңда жеке венчурлік капитал нарығының жүйелі түрде реттелмеген әрі ол Қазақстанда инновацияларды әзірлеу жөніндегі кәсіпкерлікті венчурлік (жоғары тәуекелді) қаржыландыру, оның ішінде шетелдерден трансферттеу арқылы туындауы мен дамуы үшін қажет болып отыр.  Отандық заңнама көптеген параметрлер бойынша венчурлік капитал нарықтарын реттеудің бүкіл әлемдік құқықтық үрдістеріне сай келмейді, сондай-ақ жеке венчурлік қаржыландыруды дамытудың оңтайлы заңнамалық тетіктері қамтылмайды.

Қолданыстағы заңнамасында елдегі венчурлік капитал нарығының дамуына негіз болатын:

- икемді азаматтық заңнама;

- мемлекеттік қолдау тетіктерінің, оның ішінде венчурлік жобаларды тікелей және (немесе) мемлекеттік даму институттары арқылы мүмкін болатын мемлекеттік қоса қаржыландырудың болуы;

 - венчурлік қызметтің ерекшелігін ескере отырып, венчурлік қаржыландыру үшін мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділігін бағалау;

- венчурлік қорларды құру мен қалыптастырудың еркін ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны сияқты бірқатар негізгі факторлар және басқа да факторлар жоқ.

Қазіргі кезеңде қазақстандық юрисдикциядағы венчурлік кәсіпкерлікті жүргізу әлеуетті инвесторлар үшін тартымсыз болып табылады. Заң жобасын қабылдау венчурлік қаржыландыру саласында заңнамалық базаны қалыптастыруға және жетілдіруге әкеп соғады, ол жеке венчурлік қаржыландыру нарығына қатысушылардың инвестициялық белсенділігінің артуы мен Қазақстанда инновациялық  және кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне алып келеді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.