Бағдарламалар • 27 Маусым, 2018

Олег Смоляков: Ұлттық Банк «7 – 20 – 25» бағдар­ла­ма­сын түсін­діру жұмыстарын жүр­гізуде

506 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген «7 – 20 – 25» ипо­текалық мемлекеттік бағ­дар­ла­масы көптеген қазақ­ста­н­дық­қа меншікті тұрғын үйін сатып алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы нарығына ынталандырушы әсер етеді.

Олег Смоляков: Ұлттық Банк «7 – 20 – 25» бағдар­ла­ма­сын түсін­діру жұмыстарын жүр­гізуде

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орын­басары Олег Смоляков «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында хабарлағандай, реттеуші бағдарламаны алдағы іске қосуға байланысты дайын­дық жұмысын аяқтауда. Жаңа мем­лекеттік бағдарлама бойынша алғашқы ипотекалық кредит­терді үстіміздегі жылдың екінші жартысында беру жоспарланып отыр.

– Олег Александрович, Қазақстан Президенті үсті­міз­дегі жылғы нау­рызда жария еткен әлеуметтік бас­тамалардың бірі жұмыс істеп жүр­ген қазақ­стан­дық азаматтарға оңтай­лы мөлшерлемелер бойынша тұрғын үй сатып алуға жәр­дем­д­есуге тиіс ипотекалық бағдар­ла­маны әзірлеуді тапсыру болды. Бағ­дарламаны әзірлеу қазір қандай сатыда тұр? Оны іске асыру қашан басталады? 

– Бірінші кезекте, мемлекеттің Қазақстан азаматтарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мін­де­тін шешу жүйелілігін атап өткім келеді. Тәуел­сіздік жылдары мемлекеттің аза­мат­тардың тұр­ғын үй мәселесін ше­шу бойынша бір­неше рет ауқымды шара­лар қабылдағаны белгілі. Іске асы­рылған, сондай-ақ күні бүгінге дейін іске асырылып жатқан тұр­ғын үй бағдарламаларының топ­тамасы өз тиім­ділігін көр­сет­ті. Бұған 2016 және 2017 жыл­дардағы тұрғын үйді пай­да­лануға енгізудің өскені дәлел бола алады. Осы екі жылда елімізде 21 мил­ли­он шаршы метр тұрғын үй салынды. Құрылыс саласының жоғары өсу қарқыны, тұтастай алғанда, ел эко­но­ми­касының өсуіне айтарлықтай үлес қосады, ха­лық шаруашылығының түрлі сала­ларындағы өсуге қолдау көр­­сетеді. Өз кезегінде пәтер са­тып алу үшін қаржылық ре­су­рс­т­арды алудың ха­лыққа түсі­нік­ті әрі тартымды тетігін құру бойынша мемлекеттің күш-жі­ге­рі салынып жатқан тұрғын үйге жоғары сұраныс дең­гей­ін ұстап тұруға көмектеседі. Бас­­­қаша айтқанда, тұрғын үй құ­ры­­лысының мемлекеттік ын­таланды­ру те­тіктері және пә­тер са­тып алуға қа­жет­ті бүкіл со­ма­­­ның жинақталуын күт­­пес­тен аза­­маттарға пәтер сатып алу­ға мүм­­кіндік беретін «7 – 20 – 25» бағ­­­дар­­ламасы бір-бірін толық­ты­­рады жә­не мемлекеттің эко­номикалық жә­не әлеуметтік сая­сатының басым мін­дет­терінің ауқымды бөлігін оң шешеді.

Қазіргі уақытта Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасы бойынша әзір­ленген жаңа ипотекалық бағ­дарлама бекітіліп, Ұлттық Банк­тің ресми интернет-ресурсында жарияланды.

Сонымен қатар бағдарлама операторы – арнайы компания, «Баспана» ипотекалық ұйы­мы» АҚ құрылды. Банк­тер бағ­дар­лама шеңберінде ипо­те­ка­лық қа­­рызд­арды үстіміздегі жыл­дың екінші жартысында бере бастайды деп күтілуде.

Бағдарлама ипотекалық тұр­ғын үй қарыздарын берудің негізгі талап­тарын, бағдарламаға қатысу үшін қа­рыз алушылар мен банктерге арнал­ған өлшем­шарттарды, банктердің оператор­мен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ оны табысты іске асыру үшін заңнамалық актілер деңгейінде қабыл­дануға тиіс шараларды айқындайды.

– Бұл бағдарламаның алдың­ғы бар­лық бағдарламадан ма­ңыз­ды ерек­­шелігі неде? 

– Жаңа ипотекалық бағдар­ла­маның алдыңғы немесе ағымдағы мемлекеттік бағ­дар­ламалардан маңызды айыр­ма­шы­лығы – онда мемлекеттік қар­жы­лан­ды­рудың болмауында. Бағдарламада қар­жыландыру көзі ретінде қор на­ры­ғының құралдары пайдаланылатын болады. Мәселен, ипо­текалық қарыздарды сатып алуды қаржыландыру үшін «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ тартымды кірістілігі бар сенімді обли­гацияларды инвесторлардың шек­­­теу­сіз аясы арасында қор на­рығына ор­­на­ластыра отырып шығарады. Осы­лай­­ша бағ­­дар­лама мемлекеттік бюд­жет­­­­тің қа­ражатын тартпастан дер­бес қар­жыландырылады. Бағ­­дар­ла­маның жұ­мыс істеуі үшін қа­жетті қаражатты тиімді тар­ту­ға бірнеше жағдай ықпал ете­­ді. Біріншіден, «Баспана» ипо­текалық ұйымы» АҚ Ұлт­тық Банктің 100% енші­лес ұйы­мы болады, бұл оның аса жоға­ры сенімділік деңгейін біл­ді­реді. Екіншіден, сенімді қар­жы құ­рал­дарының қазіргі тапшы­лы­ғы жағдайларында «Баспана» ипотекалық ұйымы» облигация­ларына деген жоғары сұраныс күтіледі.

Бұдан басқа, жаңа ипотекалық бағдар­лама бүкіл алдыңғы және қол­да­ныс­тағы мемлекеттік ипо­те­­калық бағдар­ла­малардың ая­сын­да өзінің бұрын-соң­ды бол­­­мауымен және ауқымымен айтар­­лықтай ерекшеленеді. Бір жағынан, халық­қа тарихи тұр­ғыдан ең аз 7% мөлшерлемесі бойынша ипотекалық кредит алудың теңдесі жоқ жағдайлары ұсынылады, кредитке берілетін тұрғын үй құнынан 20% мөлше­рін­де бастапқы жарнасы және кредиттің ең жоғары мер­зімі 25 жылға дейін болады. Осы­ның бәрі меншікті баспанасы жоқ аза­мат­тардың тұрғын үйді ипотекаға са­тып алуына және бұл қарызды өз бюд­жеті үшін ауыр­тпалықсыз өтеуіне мүм­кін­дік береді. Екінші жағынан, бола­шақ ипо­текалық бағдарламаның ауқымы бойы­нша рекордтық мөлшері бо­лады, бұл – 1 трлн теңгеге жуық. Бұл бағ­дар­лама табысты іске асырылған жағ­дайда елі­міздегі бүкіл ағымдағы ипо­текалық портфельдің іс жүзінде екі есе ұлғаюын білдіреді.

Іс жүзінде Бағдарлама ұзақ уақыт ше­шілмеген бірнеше проблеманы шешеді:

1) құрылыс салуға деген сұранысты ынталандырады және бүкіл тұрғын үй-құ­рылыс нарығын одан әрі дамы­ту үшін қозғаушы күш бола оты­рып, елдегі тұрғын үй секторын толығымен жаң­ғыр­туға мүм­кіндік береді деп күтіледі;

2) еліміздің тұрғын үй пробл­ема­ла­рын шешуге мұқтаж аза­маттарының ау­қымды саны үшін қолжетімді баспана ұсынады;

3) өз тетіктері есебінен ипотекалық қарыздар беруге және Бағдарламаның жұ­мыс істеуіне қажет қаржыландыруға қол­жетімді болуға мүмкіндік береді.

– Бағдарлама шеңберінде қандай жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға болады?

– Елде құрылыс саласына жаңа қарқын беру бағдарламаның маңызды та­лаптарының бірі болып табылады. Біз бағ­дарлама тұрғын үй секторын тол­ы­ғы­мен қайта іске қосып, бүкіл тұр­ғын үй құрылысы нарығын одан әрі дамыту үшін қозғаушы күш болады деп күтеміз. Осы себепті бастапқы кезеңде бастапқы тұрғын үйді ғана кредиттеу болжанады. 

– Меншігінде баспанасы бар қазақ­стан­дықтар бағдарламаға қатыса ала ма?

– Бұған дейін де айтып жүргендей, бағдарлама тек әлеуметтік сипатта және, ең алдымен, меншікті баспанасы жоқ адамдарға ғана арналған, себебі басын­да баспанасы жоқ азаматтарды жеңіл­дік берілген тетікпен қамтамасыз ету – біз үшін маңызды. Жаңа бағдарлама шең­бе­рінде ипотекалық қарызды әлеуетті алушыларды бағалайтын маңызды өлшемшарт – қарыз алушыда кредитті қиындықсыз өтейтін кірісінің болуы. Бүкіл бағдарламаның орнықтылығы толығымен азаматтардың бола­шақта өз борыштарына қыз­мет көрсете алу қабілетіне байланысты болады. 

– Халықтың тарапынан бағдар­ла­ма шеңберінде ипо­текалық қарыз­ға деген сұ­ра­нысты Қазақстан Рес­пуб­­­­ликасының Ұлттық Банкі ал­дын ала бағалады ма? Ха­лықтың бағ­дар­ла­ма­да мәлі­м­делген талаптар бойынша ипо­текалық кредиттерді төлей алу қабі­леті бар ма?

– Бағдарламаның бұрын-соңды болмаған талаптарын ескерсек, біз халықтың ол бойын­ша ипотекалық қарызға деген сұ­ранысы жоғары болады деп күте­міз. Бағдарлама талаптары бола­шақ қарыз алушылардың тұрақ­­ты төлем қабілетін есеп­теуге мүмкіндік береді. Алдын ала жасалған есептер бағ­дарл­ама бойынша жұмыс істей­тін қазақстандықтардың отбасы бюджетіне зиян келтірмей қыз­мет көрсетуге болатынын айғақ­тап отыр. Мысалы, қарыз­дың сомасы 7 млн теңге болса, ипотекалық кредит бойынша ай сайынғы төлем мөлшері 50 мың теңгеден аспайды. Бұл – көптеген қарыз алушы үшін борыштық жүктеменің өте қолайлы деңгейі. Қатысушы банктердің қарыздар беру рәсімін бастауы туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкі­нің интернет-ресурсында қосымша орналастырылады.

– Бағдарламаны іске асыру кезінде Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі баспана бағасындағы айырманы қалай ескермексіздер?

– Бағдарламаның өлшем­ша­рт­тары мен талаптарын әзір­леу кезінде елдің өңірлік айыр­машылықтары, оның ішін­де тұр­ғын үй бағасындағы айыр­ма­шылықтар да ескерілді. Сон­дық­тан да тұрғын үйдің өңірге қарай сараланатын шекті құны айқындалатын болады. Мәселен, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау сияқты қалалар үшін тұрғын үйдің ең жоғары құны 25 млн теңге, басқа өңірлер үшін 15 млн теңге болады. Сонымен қатар «7 – 20 – 25» бағдарламасымен сатып алуға болатын тұрғын үйдің шекті құны бағдарламаның әлеуметтік сипатына байланысты белгіленген. Сонымен бірге бұл шектеулер баспана бағасының алыпсатарлық өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. 

– Бағдарламаның тетігі туралы айтып берсеңіз. Іс жүзінде ол қалай жұмыс істейді?

– Бағдарламаны іске асыру Ұлттық Банкке тапсырылған болатын және бағдарламаның жоғары әлеуметтік мәнінен басқа бұл, іс жүзінде, еліміздің қар­жы секторының осындай ауқымды мін­­деттерді шешуге дайын екен­дігін рас­тау мүмкіндігі. Бағдар­ла­маны іске асыру тетігі тікелей кредиттеумен айна­лысатын және қарыз алушылармен қаты­нас орнататын банктермен тығыз қарым-қатынас жасай отырып әзірленді. 

Жалпы алғанда, бағдар­ла­ма­ның жұ­мыс барысы мынадай болады: ком­мер­­циялық банк қа­рыз алушыға «7 – 20 – 25» схема­сы бойынша кредит береді. Кре­дит­теу теңгемен ғана жүзеге асырыла­ды. Одан кейін берілген кре­дит­тер­ді Ұлттық Банктің ар­найы еншілес компаниясы – «Бас­пана» ипотекалық ұйы­мы» АҚ банктерден сатып алады. Коммер­циялық банк кредитті сатудан алынған қаражатты келесі ипотекалық қарыз алушыларды кредиттеуге жібе­ре­ді.

Жоғарыда атап өтілгендей, Қазақстан Ұлттық Банкінің арнайы еншілес ұйымы ішкі нарық­та қаржыландыруды нарық­тық қағидаттармен тартады. Бұл – өте маңызды талап, ол болашақта бағдар­ла­маның орнықтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттен ақшаның ауқымды құйы­луын талап етпейді.

– Бағдарламаға қандай банктер қатысады?

– Жаңа ипотекалық бағдар­ла­ма ұзақ мерзімді және тұрақ­ты болуы тиіс, сондықтан оған орнықты капитал базасы, қар­жы­лық қызметтер нары­ғын­да белгілі бір үлесі, сенімді қол­­дау көздері, сон­дай-ақ рас­тал­­ған халықаралық кре­дит­тік рейтингі бар банктер қатыса ала­ды. Сонымен қатар қатысушы әлеу­­етті банктерге нақты өл­шем­­шарттар бағ­дар­­ламада ай­қын­далған және бағдар­ла­маға қатысушы банктер «Баспана» ипо­текалық ұйымы» АҚ-пен тиісті шарт­тар жасағаннан кейін олар­дың тізімі Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналас­тырылады.

– Әлеуметтік желілердегі түсін­дір­мелерге сәйкес, кей­бір қазақ­стан­дықтар бұл бағдар­ла­маны жеңіл­дік беретін және аса ауыр­тпа­лық тү­сірмейтін бағдар­ла­ма деп қа­был­дайды. Ұлт­тық Банк бағ­­дар­ламаның әлеу­­­етті қатысу­шы­ла­рына же­­ңіл­дік бе­ріл­ген талап­тар­дың да қарыз алу­шының бюд­­же­­тіне белгілі бір қар­жы­лық жүктеме болжайтыны ту­ралы ақ­паратты жеткізу үшін ха­лықпен ақпараттық-түсін­дір­ме жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр ма?

– Жаңа ипотекалық бағдар­ла­ма көптеген азаматтар үшін тұр­ғын үй мәселесін шешу мақ­са­тында жасалады. Осыған байла­нысты бағдарлама бойынша әлеуетті қарыз алушының борыш­тық жүктемесі осы жүктеменің оның отбасы бюджеті үшін ауыр­т­палық салмайтындай жоспарланады. Бағдарламаның талаптарына сәйкес, қатысушы банктер қарыздарды бергені және қызмет көрсеткені үшін қарыз алушылардан комиссия алуға құқылы емес.

Сонымен қатар жаңа ипоте­ка­лық бағдарламаны әлеуетті қарыз алушылар ешбір жағдайда мемлекеттен берілетін өтеусіз көмек ретінде қабылдамауы тиіс. Бағд­арлама төлем жасауға қабілеттілік жә­не қарыз алушылар, сол сияқты банк­тер тарапынан әділ нарықтық қағидат­тарды қатаң сақтау негізінде жасалады.

Ақпараттық ашықтық қағи­даты Ұлттық Банк қызметіндегі бас­­ты басым­дық­тардың бірі екен­дігін атап өту ма­­ңызды. Біз «7 – 20 – 25» бағдар­ла­ма­сын түсін­діру бойынша жұмыстар жүр­гізудеміз.

Брифингтер, дөңгелек үстел­дер өткізу мен сұхбат беруден басқ­а біз әлеуметтік желілердің жә­не басқа технологиялардың мүм­кіндіктерін кеңінен пайда­ла­­ну­ға ниеттеніп отырмыз. Мысалы, Ұлттық Банкке ха­лық та­рапынан «7 – 20 – 25» бағ­дар­ламасының талаптары туралы көптеген сұрақтардың келіп тү­сетінін түсіне отырып, біз Ұлт­тық Банктің «ҚҰБ Online» моби­льдік қосымшасында (Автор­дың ескертуі: iOS и Android платформаларында App Store және Play Market дүкендерінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде көшіріп алуға қолжетімді) жаңа бөлім аштық. Онда халықтың бағдар­ла­маға қатысты сұрақтарға жедел жауап алу мүмкіндігі бар.

Желі пайдаланушылары «Ұлт­тық Банк хабарлайды, түсін­ді­реді, түсініктеме бере­ді» тобына қосыла отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің Facebook желісіндегі ресми аккаунтында «7 – 20 – 25» бағдарламасы туралы өздерін қызықтыратын ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

«7 – 20 – 25» бағдарламасы – іс жүзінде халықтық ипо­те­калық бағдар­ла­ма және ол ту­ралы толық және дәйек­ті ақпа­ратты барлық әлеуетті қа­рыз алушылардың білуі біз үшін өте маңыз­ды.

Әңгімелескен Самат МҰСА,

«Егемен Қазақстан»