Тарих • 28 Маусым, 2018

Шөппен жазылған Құран Кәрім

874 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада шөптен жасалған сиямен жазылған Құран Кәрім кітабы сақтаулы тұр.

Шөппен жазылған Құран Кәрім

Бұл кітап 1740 жылы Мы­сыр шаһарындағы «Фарухи» баспасында қатталған екен. Мұқабасы қоңыр түсті, мал те­рісімен қапталған, араб ті­лінде жазылған Құран түсініктемесі 446 беттен тұ­рады. Бұл құнды жәдігерді кітап­хананың ғы­лыми қыз­меткерлері экспедиция ке­зін­де тауыпты.

– Облыс бойынша 4590 кі­тапты цифрлы фор­мат­қа кө­шіріп болдық. Оның 2390-ы кітап болса, қалғаны газет-журналдар. Бұл еңбектер өлкетануға қатысты араб, пар­сы, түрік, шағатай, қазақ, өзбек, орыс тілдеріндегі әде­биеттерден құралған, – дей­ді Ә.Тәжібаев атындағы облыс­тық әмбебап ғылыми кі­тапхана директоры Нұр­жа­мал Мырзамұратова.

Кітапхана қорында 410 мың дана кітап бар екен. 600-ден астам жәдігердің бар­­­лығы электронды фор­мат­қа көшіріліпті.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар