Қазақстан • 29 Маусым, 2018

Астанада қазақстандық-аустриялық аймақтар форумы ашылды

450 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанадағы «Марриотт» қонақүйінде қазақстандық-аустриялық аймақтар форумы ашылды.    

Астанада қазақстандық-аустриялық аймақтар форумы ашылды

Форумды Қазақстанның Энер­гетика министрлігі, Сыртқы іс­тер министрлігі, Астана қала­лық әкімдігі және Avantage AUSTRIA Almaty (Аустрия елші­лі­гінің Сауда бөлімі) ұйым­дас­тырды. Оған Энергетика минис­трінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов, Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев, Аустрияның Қазақстандағы елшісі Герхард Сайллер, Қазақстанның Аустрия­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Сарыбай және бас­қалар қатысты.

Форумда көтерілген негізгі тақырып – Қазақстанның тұрақты дамуына септігін тигізетін аус­трия­лық «жасыл» технологиял­ар­ды белсенді қолданысқа енгізу. Астанаға келген 16 компания әлемдік рынокта Аустрияны жаңғырмалы энергия көздері сек­­торын «жасыл» құрылыс, қал­дықтарды басқару, суды та­за­лау және «ақылды қала» сала­ла­ры бойынша танытуда. Со­ның ішінде екеуі Қазақстанда да өз қолтаңбасын қалдырып үлгерді. Атап айтқанда, Астанада жаңадан ашылған Рыскелді қажы мешітінің жобасын осы елдің Weissenseer GmbH және Neubau GmbH компаниялары жасаған. Ол мүлде дәстүрлі энергия көзін қол­данбайтын әлемдегі бірінші ме­шіт болып табылады. «Аймақ­тар форумының Астанада өтуінің өз мәні бар. Біз Экспо-2017 халықаралық көрмесіне табысты қатыстық, осы шара сол көрменің заңды жалғасы іспеттес, қазақ бизнесмендерін «жасыл» технологияларды белсендірек енгізіп, қолдануға шақырамыз. Аустрия «жасыл» технологияларды қол­да­нысқа енгізуде әлемнің алдың­ғы қатарында. Өндіріс пен экономиканы «жасыл» технологиялар арқылы тұрақты дамытуға ден қоюда. Елдегі жаңғырмалы энер­гия көздерінен алынатын жалпы энергияның көлемі 80 пайыз, ал электр қуаты, жылу және көлікке жұмсалатыны 33 пайызға дейін жетеді. Осы орай­да «жасыл» технологияларды қолдануға байланысты екі ел­ аймақтарының өкілдерін жи­нап, өзара таныстыру жөн деп шештік. Біз осы форумды ұйым­дастырған Қазақстанның Энер­ге­тика министрлігіне, Сыртқы істер министрлігіне, Астана қа­ла­сының әкімдігіне алғыс айт­қы­мыз келеді», деді форумды аш­қан Қазақстандағы Аустрия елші­лігінің Сауда бөлімі басшысы Михаэль Мюллер. 

Бұдан соң сөз алған Энергетика бірін­ші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов екі елдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқандығын жеткізді. 

Ал Аустрияның Көлік, технологиялар және инвестициялық жобалар федералды министрлігінің басшысы, бас хатшы Андреас Райхардт өз елінің Үкіметі атынан сөз сөйледі. ол Аустрияның жаңғырмалы энергия көзін жасап шығаруда тәжірибесі молдығын, энергиялық тиімділікті дамытып, олардың пайдалы қазбалар мен ядролық энергетикадан толық бас тартуға дайындалып жатқанын жеткізді. 

Ал Ержан Ашықбаев форум жұмысына сәттілік тілей ке­ле, қатысушыларға Қазақ­стан­­­­ның бүгінгі саяси-эконо­ми­к­а­­лық бағыты туралы кеңірек тү­сін­діріп өтті. Елдің сыртқы қа­­рым-қатынастарының жедел дамып, атап айтқанда, елге ви­за­­сыз кіру мүмкіндіктері қа­рас­­­тырылғанын айтып өтті. Е.Ашық­­баевтың айтуынша, Аус­трия­­­ның цифрландыру саласы бойынша жасаған жаңа жобалары, инновациялық шешімдері үйренуге тұрарлық тәжірибе. Сондай-ақ табиғат ресурстарын тиімді пайдалана­тын, қоғамына «жасыл» тех­но­ло­гияны белсенді енгізген аус­трия­лықтардың Қазақ­стан­ның энергетикалық әлеуетін да­мы­туға қосып жатқан үлесіне ризашылығын білдірді.  

Венера ТҮГЕЛБАЙ,
«Егемен Қазақстан»