Қаржы • 29 Маусым, 2018

Заман талабына сай жабдықталған қаржы ұйымының бөлімшесі тұрғындарға қызмет ете бастады

352 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Ақтау қаласында заман талабына сай жабдықталған қаржы ұйымының филиалы салтанатты жағдайда ашылып, ел игілігіне қызмет ете бастады.

Заман талабына сай жабдықталған қаржы ұйымының бөлімшесі тұрғындарға қызмет ете бастады

Жаңа орталықтың тұсаукесеріне ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили мен филиал директоры Аббат Урисбаев қатысты. Олар офистердің тұжырымдамасы мен стилі ұзақ талқыланғанын және Италияның DINN дизайнерлік компаниясының кәсіби мамандарымен мұқият әзірленгенін айтты. 

Банкоматтар мен терминалдарға тәулік бойы қолжетімділік жоспарда көзделген. The Financial Brand (АҚШ) басылымының хабарлауынша, еліміздегі бұл екінші деңгейлі банктың офистері әлемдегі банк бөлімшелерінің үздік дизайндарының қатарына кіреді. Алайда клиенттерді кезектегі күтуден құтқаратын өздігінен қызмет көрсетудің қолайлы аймақтары жаңа форматтағы бөлімшелердің ең басты ерекшелігі болып табылады. Барлық қажетті қызметтерді мобильдік қосымшаның көмегімен жасауға болады. Ал ол барлық пайдаланушылар үшін ашық.

«Көктемде елдегі банктік карталардың барлық пайдаланушылары үшін мобильдік қосымшаны аштық. Кез келген банктің клиенті бола тұрып, Сіз ForteBank қосымшасын жүктеп, өз картаңыздың нөмірін енгізіп, тіркеліп, осылайша барлық қызметтерді пайдалана аласыз. Біздің сервиске 200 мыңнан астам қазақстандық баға берді, ай сайын мобильдік қосымша арқылы 2 миллионға жуық транзакция жүргізілуде», - деп атап өтті ашылу салтанатында Гурам Андроникашвили.

Егер клиенттердің біреуі әлі онлайн-қызметтерді қалай пайдалануды соңына дейін білмесе, оған өздігінен қызмет көрсету аймағында сыпайы консультант әрдайым көмек беруге дайын. 2017 жылы банктің мобильдік қосымшасы Қазақстанда №1 болып танылды және Ресейдің Markswebb талдамалық агенттігінің хабарлауынша, ТМД-дағы 10 үздік банктің қатарында.

Салтанатты рәсім аясында Маңғыстау облысының әкімдігі мен ForteBank арасында өңірдің дамуына ықпал жасайтын жобаларды іске асыру, сондай-ақ халыққа сапалы банк қызметтерін көрсету мақсатындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Қаржы институттарының арасында ForteBank айрықша орын алып отыр және елдегі ең өтімді әрі тұрақты банктердің бірі болып табылады. Біз ForteBank пен Маңғыстау облысы әкімдігінің өңірдің одан әрі дамуы бойынша ортақ жоспарларының бар екендігіне және тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз, бұл жөнінде бүгін қол қойылған меморандум куәландырып отыр», – деді Ералы Тоғжанов.

Қазірдің өзінде банк өңірде халыққа және компанияларға қызметтер көрсету бойынша көшбасшы орындарға нық сеніммен шығып келеді. ForteBank облыстық филиалы клиенттерінің 34 000-нан астамы жеке тұлғалар болса, 3000-ға жуығы кәсіпкерлер. Бұл қаржы ұйымы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады, ал Маңғыстау облысындағы филиал бірнеше рет бөлінген қаражаттарды игеру қарқыны бойынша көшбасшы болды. 2017 жылдың қорытындылары бойынша 2,5 млрд. теңге сомаға 28 жобаны қаржыландырды.

Сондай-ақ ForteBank қаржыландырған «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша субсидиялаудың бірінші шартына қол қою жаңа офистің ашылуындағы ең басты сәттердің біріне айналды.