Аймақтар • 29 Маусым, 2018

Семейде домбыраның қоңыр үні күмбірледі.

689 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласы мектептеріндегі жазғы лагерь оқушыларының қатысуымен «Домбыраның қоңыр үні» атты шара өткізілді. Шара  №5 тереңдетілген, үш тілде оқытатын мектептің оқушысы Бейсенбай Нұрисламның орындауында «Арнау» жырымен ашылды.

Семейде домбыраның қоңыр үні күмбірледі.

-Домбыра қазақ халқының ең танымал ұлттық аспабы,-деді өлкетану мұражайының қызметкері Гүлнар Тортанова,-домбырада тек күй мен терме ғана емес, сонымен қатар эпикалық жырлар, аңыз-күйлер, тарихи күйлер, классикалық шығармалар да орындалады. Сонымен қатар күй өнерінің негізін қалаған Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбет сияқты ұлы күйшілер домбыра аспабында өте шеберлікпен ойнаған.

Жиында Орталық саябақ қызметкерлері балаларға домбырамен сазды әндер сыйласа, №5, 34, 47 мектептердің өнерлі оқушылары тамаша күйлер шертіп, шараның сәнін кіргізді. Шара барысында Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қатысушылардың назарына «Домбыра үні» атты слайд-тұсаукесерінің көрсетілімін ұсынды. Бұнда домбыраға қатысты экспонаттық бұйымдар мен әдебиеттерге шолу жасалып, кішкентай оқырмандар  «Ақсақ құлан» мультфильмін тамашалады.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,

 суреттер автордыкі.

СЕМЕЙ.