Аймақтар • 29 Маусым, 2018

Семейдегі Абай алаңын аббаттандыруға 87 млн теңге бөлінді

617 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі  Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша  «2018-2020 жылдарға арналған менің аулам» бағдарламасы Семей бойынша қабылданды. Биыл көп қабатты тұрғын үйлердің маңындағы он екі ауланы  абаттандыруға қалалық бюджеттен 611 миллион теңге бөлінген. 

Семейдегі Абай алаңын аббаттандыруға 87 млн теңге бөлінді

-Семейдің көшелерін және аулаларды аббаттандырып, гүлдендіріп, көріктендіруге   қалалық бюджеттен 1 милиард 196 миллион теңге бөлінді,-деді қала әкімі Ермак Бидахметұлы,-бұл жұмысты күн сайын қадағалап отырмыз.  Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін  қаланың әр жерлерінде   11 спорттық алаң салыну жоспарланған.Оған  90 миллон теңге қаражат берлді. Әсіресе қала тұрғындары  арасында қолдау тапқан Абай алаңын жөндеуге  87 миллион теңге бөлінуі өте құптарлық болды.

Қала көшелерін  күрделі және ағымдағы жөндеуге осы жылға  2 милиард 235 миллион  теңге  бөлінді. Жыл сайын  қала көшелерінің жөнделуі  тұрғындар  тарапынан  қолдау тауып отыр.

Семей қаласы әкімінің баспасөз мәслихаты барысында таратқан деректеріне сүйенсек, мәселен, көптеген жылдары бойы жөнделмеген Әсет Найманбев көшесі ағымдағы жөндеуден өтуде. Сонымен қатар автокөліктер көп жүретін Тәңірбергенов, Титова, Орманды, Қабанбай батыр, Аймауытов тағы басқа көшелер жөнделуде.    Қазіргі уақытта  36 көше жолдары  ағымдағы  жөндеуден өтті.

Жалпы кездесу барысында қала әкімі  журналистердің қойған барлық сауалдарына жауап беріп, жыл басынан бері қаланың экономикалық дамуында оң өзгерістер қалыптасып отырғандығын айтты, кейбір сауалдардың жауабын журналистермен бірге  қарастыратындығын  жеткізді. Мәселен, алдағы уақытта автобус қозғалысы, жер асты жолдарының тазалығы бірігіп шыққан рейдтерде қарастырылмақ.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,

 суреттер автордыкі.

СЕМЕЙ