Қазақстан • 29 Маусым, 2018

Дүниеге келген астаналық сәбилерге 17 заттан тұратын жиынтық табысталады

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әкімдігі жаңа дәстүр қалыптастырды. Енді елордада дүниеге келген әрбір сәбиге өмірінің алғашқы кезеңінде қажетті заттары бар жиынтық табысталады, деп хабарлайды Елорда инфо сайты.

Сыйлық жиынтығы 17 заттан тұрады: тоқыма кеудеше, тоқылған бас киім, қолғаптар, тоқылған жамылғы, 2 жаялық, 2 жейде, 2 телпек, 4 жұп шұлық, конверт, сәбидің алжапқышы, сөмке т.б.  Баланың алғашқы айында қажетті бұл заттардың барлығы отандық өнім.

Айта кетейік, күн сайын елордада 70-80 сәби дүниеге келеді.

Соңғы жаңалықтар