Өнер • 01 Шілде, 2018

«Әл-ФАР-А» - Шығыс халықтарының ұлттық домбырасы

853 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейлік композитор, абайтанушы, қолөнер иесі Арғынбек Ахметжанов тұрғын жаңа музыкалық аспап ойлап тапқаны жайлы көпшілікке белгілі.

«Әл-ФАР-А» -  Шығыс халықтарының ұлттық домбырасы

«Әл-ФАР-А» деп атанған үш ішекті аспабы негізінен ұлттық үш ішекті домбырамызға өте ұқсас. Үні де керемет. Арғынбек Ахметжанов қазақтың ұлттық аспаптарын жасаумен бала кезінен айналысады екен. Осы күнге дейін қолынан шыққан домбыраларын сатып, ақша табуды жөн көрмеген. Тек қана сыйға тартады. Және Әл-Фарабидің музыкалық теориясының негізінде осы ерекше аспапты жасап шығарған. «Фар» деген сол Фарабидің аты. Ал енді «А» деген соңғы қарпі Абайдың құрметіне арналған.

Арғынбек Ахметжановтың айтуынша, «Әл-ФАР-А» домбырасы Шымкенттің Сайрам жерінің жаңғағының кептірілген түрінен жасалған. Аспаптың ерекшелігі-көшпенді халықтың түйенің үстінде отырып ойнайтын кезеңінен сыр шертіп, керуен кезген, жер шалған дыбыстарын береді. Бұл аспаптың құдыреті бір адам емес, бірнеше адам ойнағанда немес топ болып ән-күй шерткенде ғана ерекшелене түседі.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,

Суретті түсірген автор

СЕМЕЙ