Жеңіл атлетика • 01 Шілде, 2018

Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден Қазақстан рекордын жаңартты

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда өткен Ғұсман Қосановты еске түсіруге арналған дәстүрлі жарыста ерлер арасында 400 метрге жүгіруден Михаил Литвин 34 жыл сақталған Қазақстан рекордын жаңартты, деп деп хабарлайды Жеңіл атлетика федерациясы.

 

Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден Қазақстан рекордын жаңартты

Литвин жеңіске жетіп ғана қоймай, Қазақстанның рекордын жаңартты. 22 жастағы атлет 400 метрді 45.50 секундта жүгіріп өтті.

Литвин алғашқы метрден қарқынын үдетіп, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Соңғы сәтке дейін жылдамдығын бәсеңдетпеген спортшы мәреге жеткенде 34 жыл бойы жаңармаған Қазақстан рекордына өзгеріс енгізді. Бұған дейінгі Қазақстан рекорды Александр Курочкинге тиесілі. Ол 1984 жылы аталған қашықтықты 45.52 секундта жүгіріп өткен. Ал Михаилдың бұған дейінгі жеке рекорды 46.08 секунд болған. Қосанов атындағы турнирде 2015 жылғы жеке рекорд бірден 0,58 секундқа жаңарды.