Ұлттық бірыңғай тестілеуді қорытындылады

Орталық коммуникациялар қызметінде ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға қатысқан «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ қалыпты және штаттық режімде өткенін мәлімдеді. 

Егемен Қазақстан
02.07.2018 6414
2

«Өздеріңізге мәлім, биыл ұлттық бірыңғай тестілеу 167 бекетте өтті. Оның ішінде 3 бекет – колледж базасында, 116 бекет – мектеп базасында және 48 бекет жоғары оқу орындарының базасында орналасты. Жалпы, өтініштердің саны – 102 447, оның ішінде 77 224 (75 пайыз) қазақ тілінде, 25 177 орыс тілінде (25 пайыз) және 46 өтініш ағылшын тілінде болды», деді Р.Әлімқұлов.

Биыл бірінші рет ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсыруға мүмкіндік туды. Негізі, ағылшын тілінен түскен 46 өтініштің ішінде 28 мектеп бітіруші ғана тес­тілеуге кірді. Олардың ішінде Астанадан – 5, Атыраудан – 7, Шым­кенттен 6 түлек және бас­қа да қалалардан қатысқан. Ор­таша балл – 84,5, ал ағылшын тілінде тапсырғандарда 85 балл бол­ды. Бұл тест нұсқаулары және сапасының дұрыстығын көрсетеді.

«Нақты статистикаға келсек, өтініш берген 102 447 мектеп бітірушінің ішінен 98 698 адам ұлттық бірыңғай тес­тілеуге қатысты. Бұл 96 пайыз­ды құрайды. Аталған көрсеткіш былтыр 95 пайыз болған. Яғни қатысушылардың саны 1 пайызға өскенін бай­қаймыз. Шекті балды алған түлектердің саны – 84 065. Бұл 85 пайызды құрайды. Өкінішке қарай, шекті балды алмағандардың саны – 14 633. Яғни 14 пайыз. Былтырғы статистикамен салыстырған кезде шекті балдан өткендердің саны 1 пайызға өскен. Сондай-ақ 9 түлектің ҰБТ нәтижесі жоққа шығарылды. Қазақстан бойынша орташа балл – 83,1. Был­тыр бұл көрсеткіш 80,5 балл болған», деді ол.

Биыл ең жоғары 140 балды Алматы қаласының түлегі алды. Ол – Шиара Құдайбергенова. Бойжеткен тестілеу сынағын 25 маусым күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде тапсырды.

Сонымен бірге орталық басшысы ҰБТ-ны тапсыра алмаған түлектерге екінші мүмкіндік берілетіндігін жеткізді.

«Олар 25 шілде мен 3 тамыз аралығында ҰБТ-ны екінші рет тапсыруға өтініш бере алады. Емтиханды тапсыра алма­ғандар 15 тамыз бен 19 тамыз аралығында ҰБТ-ны қайта тапсырады. Егер одан өтпей қалса, онда қыста қайтадан өтініш беріп тапсыра алады», деді Р.Әлімқұлов.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.11.2018

Аустрияның Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

12.11.2018

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы музыкалық байқау өтеді

12.11.2018

Атырау облысында жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысан іске қосылады

12.11.2018

«Түркілердің атасына» көрсетілген құрмет

12.11.2018

Өскемен қаласының көшелеріне Әміре Қашаубаев пен Қалихан Ысқақтың аты беріледі

12.11.2018

Румынияда қазақ киносының фестивалі өтті

12.11.2018

Атырау облысында 1720 кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтереді

12.11.2018

Атырауда «1st Grand Ball Atyrau» қайырымдылық балы өтті

12.11.2018

Парижде үш жылға созылған төрелік дау Қазақстанның пайдасына шешілді

12.11.2018

Ақтөбелік қыз Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне қатысады

12.11.2018

Ыстамбұлда Д.Кәлетаев шетелдік қазақ ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді

12.11.2018

Ақтөбе мен Челябі ынтымақтастық туралы келісімге келді

12.11.2018

Алматы әкімі қаланың қыс маусымына дайындығын тексерді

12.11.2018

Парижде Трамп, Путин, Макрон және Меркель бірқатар мәселелерді талқылады

12.11.2018

Қазақстан Ауғанстан жөніндегі отырысқа қатысты

12.11.2018

Америкалықтар Қостанай облысына инвестиция салғысы келеді

12.11.2018

Қазақстандық ару Miss Asia Global титулын жеңіп алды

12.11.2018

«Астана LRT» ЖШС орталық кассасы бүгіннен бастап жаңа мекен-жай бойынша жұмыс істейді

12.11.2018

Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогінде үздік төрттікке енді

12.11.2018

Калифорниядағы орман өрті: Парадайс қаласы жанып кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы

Halyqaralyq bedel jáne syrtqy saıasat

Álemdik úrdister jyldamdap, halyqaralyq qatynastar shıeleniske túsken zamanda tıimdi syrtqy saıasatty iske asyra alǵan memleketter tabysty damıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу