Аймақтар • 02 Шілде, 2018

Атырауда облыс әкімі жас мемлекеттік қызметкерлерге дәріс өткізді

391 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақтағы мемлекеттік әкімшілік қызметке жаңадан келіп, біліктілігін арттыру мақсатында даярлық курстарынан өтіп жатқан мемлекеттік қызметкерлерге «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында дәріс өткізді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда облыс әкімі жас мемлекеттік қызметкерлерге дәріс өткізді

Дәріске Қазақстан Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында қайта даярлау курсында оқып жатқан жас мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Олардың ішінде 27 жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшіcі, 15 республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бөлімдердің қызметкері бар.

Шарада аймақ басшысы жас мемлекеттік қызметкерлерге облыстағы жетістіктер туралы айтты. Сонымен қатар, дәріс барысында Нұрлан Ноғаев жинаған тәжірибесімен бөлісті. Аймақ басшысы жиынға қатысқан қызметкерлерге мемлекеттік қызметтің ауыр жұмыс болса да, жауапты жұмыс екенін жетік түсіндірді.

«Елбасымыз айтқандай, мемлекеттік қызметкер болу – халық пен басшылықтың тарапынан бізге білдірген үлкен сенім. Әр азаматтың құқығы мен міндеттерін жүзеге асыруды ұйымдастыру әрбір мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметкерлердің тікелей міндеті. Мемлекеттік қызметші жоғары жауапкершілік пен кәсіби білімді, адалдық пен өмірлік ұстанымда белсенді, адамгершілік сияқты қасиеттерге ие болуы керек. Ол өз елінің патриоты болу қажет. Өз білімін үнемі жетілдіріп отырып, үнемі ізденісте болуы керек. Мемлекет басшысының жариялаған бұл қағидалары мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге бел байлауға шешім қабылдағандар үшін анық нұсқаулық болуы керек», дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы басшысы Сәуле Кубашеваның айтуынша, облыста Мемлекеттік қызмет туралы Заңды жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Жас кадрлар дайындау мен қайта даярлау Мемлекеттік қызмет академиясының, сондай-ақ Атырау облысының әкімдігінің басты міндеті.

«Облыс әкімі біздің бастамаымызды қолдап, жас мемлекеттік қызметкерлерге дәріс оқығаныңызға қуаныштымыз. Әрбір жаңадан келген маман үшін жақсы үлгі болуға, жұмыс жолының басында күшті тәлімгерге ие болуы керек. Облыс әкімі мемлекеттік қызметте өзінің жолын қалыптастыру тәжірибесімен бөлісіп тұрғаны бізді қуантады. Біздер өз жұмысымызда тікелей пайдаланылатын өте құнды және пайдалы ақпарат алғанымызға сенімдіміз», дейді Сәуле Кубашева.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 15 мамырдағы №125 қаулысына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш келген мемлекеттік қызметшілер қайта даярлықтан өту міндетті екенін айтқан болатын. Бүгінгі күні өңірімізде 42 жаңа мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін арттыру мақсатында оқуда.