Шигео Катсу: 2025 жылға қарай Назарбаев Уни­вер­си­тет студенттерінің саны екі есеге өседі

Биыл ТМД елдері ішіндегі ең атақты төрт университеттің біреуі саналатын Назарбаев Уни­верситет өзінің IV түлектерін салтанат­ты түрде шығарып салды. Осы жылы бака­лав­­риат, магистратура және докторан­­тура бағдарламалары бойынша 800-ден астам сту­де­нт диплом алды. Оның ішінде Ғылым және техноло­гия­лар мектебі дәстүрлі түрде ең көп студенттер шығарған. Жоғары оқу ор­нын бітіруші 218 түлектің арасында болашақ биологтер, ғалымдар, инженерлер бар. Осы орайда «Назарбаев Университет» ДББҰ президенті Шигео КАТСУМЕН сұхбаттасқан болатынбыз.

Егемен Қазақстан
03.07.2018 6220
2

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, қазір Назарбаев Уни­верситет әлемге танымал ірге­лі оқу орындарының бірі болып саналады. Университет өз дамуын­да көп нәр­сеге қол жеткізіп үлгер­ді. Жас да­рындарды одан әрі қолдау мақ­са­тында қандай шаралар қарас­ты­рылып жатыр?

– Бүгінде Мемлекет басшысы Назарбаев Университет және елі­міз­дің жалпы ғылыми әлеуетін дамыту перспективаларын талқылауға зор мүмкіндік беріп отыр. Бұл жұмыс­тар­ды сала-сала бойынша тарқатып ай­туға бо­лады. Айталық, биыл универ­ситет шы­ғарылымында Медицина мектебі алғаш рет өзінің 25 түлегіне дип­лом берді. Олар болашақ докторлар, ғылыми зерттеушілер мен ака­де­миялық клиникалық дәрі­гер­лердің бірін­ші санаты сияқты еліміздің ер­теңгі жар­қын болашағы, білікті де бесас­пап мамандар. Айта кетуіміз керек, жоғарыдағыдай мектептердің саны жыл сайын артып келеді. Оның ішінде жаңадан ашылған Кен ісі мектебін ерекше атауымызға болады. Сол бойынша қазір мамандар даярлау үстіндеміз. Қазақстанның өзінің та­би­ғи қазба байлықтарының көп екенін ескере отырып, болашақта сол саланы игеретін біздің университет түлектері болса дейміз.

Ал жалпы университеттің алдағы жоспарларына үңілетін болсаңыздар, 2025 жылға қарай Назарбаев Уни­вер­си­тет студенттерінің саны екі есеге өседі. Ондағы бакалавр дәрежесін алып шығатындар саны 5 мың 300-ге дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар алдағы уақытта атал­мыш оқу орны ғылыми зерттеу жұмыстарын да жандандыруды тү­бе­г­ейлі қолға алмақшы. Сондай-ақ жыл соңына дейін өз зертханасы бар жаңа нысан ашылуы тиіс. Біз­дің университеттің іргетасы қалан­ған­ға дейін жас дарындар мектеп бітір­ген соң мақсатына жету жолын­да шетелде білім алуға бел буатын. Бірақ өз елінде де әлемнің бетке ұстар университеттерінен кем түс­пейтін оқу ордасының барын есті­ген олар бүгінде жоспарлы түрде Қазақ­станның ең беделді жоғары оқу орнына түсуді дұрыс санайды. Біздің университеттің ерекшелігі сол, 4 жылдан соң бакалавр дәрежесін алып шыққаннан кейін, осы жоғары оқу орны жанындағы медициналық мектепте білімін жалғастыруға мүмкіндік алады. Көпшілігі бұл университетті тек ғылым жолына бет бұрған білім оша­ғы деп түсінеді. Бұл – қате пікір. Біз­дің түлектер оқудан бөлек қосымша ғы­лы­ми зерттеу жұмысын жасауға үй­ре­неді. Демек бұл алаң өз алды­на ғы­лы­ми зерттеу жүргізе алатын дәрігер дайындайтын бірден-бір университет болып табылады. Сонымен қатар тек жаратылыстану ғылымдары емес, сондай-ақ саясаттану және әдебиет мамандығын да қатар оқып шыққан түлектер жетерлік. Олар да бакалаврды тәмамдаған соң магистратураны шетелде оқу арқылы өз ісінің ең озық, алдыңғы қатарлы маманы болып шығады. Магистратураға тапсырған олар­дың біздің елде алған білімі то­лық­тай жеткілікті болатынын кез келген түлек дәлелдеп жүр. Бұдан демек Назарбаев Университет шетелдің озық оқу орындарынан асып түспесе, кем түспегені деген ой түюге болады.

Биыл 811 студент Назарбаев Уни­вер­ситеттен түлеп ұшты. Оның 506-сы – бакалавр, 302-сі – маги­стр, тағы үшеуі – докторант. Был­тыр жоғары оқу орнын 737 түлек тәмамдаған. Биыл бітірушілер саны 10 пайызға көп. Өткен жылы Президент Н.Назарбаев 2025 жылға қарай студенттер санын екі есеге көбейтуді тапсырған еді. Бұл тапсырма бойынша жұмыстарды бас­тап кеттік. Қайталап айта кетейік, қазір­гі уақытта оқу орнын 750-800 түлек бітіріп шықса, 2025 жылға қарай бакалаврлар санын 5 200-5 300-ге дейін өсіреміз. Сонымен бірге ғылыми-зерттеу жұмысы қарқынды дамып жатқандықтан, PhD докторанттары санын арттыруды да алдағы ірі жоспарларымыздың бірі деп айтуымызға болады.

– Университетте ақылы білім алуға қанша қаражат қажет? 

– Назарбаев Университетте ақылы білім алу құны өзге университеттермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Өйткені педагогтер базасының үш­тен бірі – шетелдік мұғалімдер. Біз әлемнің кез келген үздік оқу ор­да­ла­рымен иық теңестіре аламыз. Бізді бітіріп, бакалавр дәрежесін алып шыққан 40 пайыз студенттер өздерінің білімдерін әрі қарай жалғастырады. Оған университеттің сапалы білім базасы негізгі тірек болып отырғандығына сенімдіміз. Сондай-ақ біздің студенттер үлкен мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті аудиториялар мен жатақхана орнын көбейту ісіне де ерекше мән береміз. Оның бар­лығы шәкірттің төлеген ақысына та­титындай болуы керек. Алайда шет­елде оқуға жұмсалатын қаржыға қарағанда Назарбаев Университетке төле­нетін сома әлдеқайда төмен. Оның ар жағында түлектердің елде оқып, ел­де қызмет етуіне де үлкен мүм­кін­ші­лік бар.

Осы жерде біз Назарбаев универ­си­теттің білім сапасы «Болашақ» бағ­дарламасымен оқып келген студ­ент­тердің деңгейінен бір де кем емес екен­дігін мақтанышпен айта аламыз. Биыл университетімізде тек қана ғы­лыми зертханалар орналасатын жаңа ғи­марат ашылады. Бұл жаңа ғимарат та 2025 жылға арналған жоспарды орындауға өз септігін тигізеді. Қандай жағдай болсын, студенттердің алаңсыз білім алуына жағдай жасауымыз керек. 

– Сонда алдағы уақытта «Бола­шақ» бағдарламасымен оқытуды мем­лекет тоқтатуы мүмкін бе?

– Мұндай тәжірибе 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Яғ­ни, қазір «Болашақ» бағдарламасы бой­ын­ша бакалавр дәрежесінде білім алу шектеулі деуімізге болады. Тек ерекше мамандықтар үшін ғана шетелде бакалавр дайындайды. Мысалы, сурет өнеріне қатысты мамандықтар бойынша шетелде оқытады. Ал магистрлерге келетін болсақ, 2017 жылы Үкімет біржақты тәртіппен «Болашақ» бағдарламасы бойынша дайындалатын магистрлер грантының біршама бөлігін біздің университетке ауыстырды. Және бұл ұсыныс Үкімет тарапынан жүзеге асты. Біз ешқандай сұраныс жасамаған болатынбыз. Мұның өзі білім ордасына деген үлкен сенім деп түсінеміз. 

– Назарбаев Университетте шетелдік студенттер білім алуда. Олардың үлгерімі қалай?

– Олар айтар­лық­тай көп емес. Тіпті өзге мемлекеттерден келіп оқып жатқан 0,5 пайыз маңайында ғана студент. Атап айтар болсақ, Ресей Федерациясынан, Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген шәкірттер осы пайыз­дың ішіне кіреді. Негізінен, өзге мемлекетте білім алудың көпте­ген артықшылықтары бар. Оған әсіресе жастар құлықты болуы керек. Тәжірибе алмасу, өзге мәдениеттердің дәс­түрлі мектептерімен танысу талап­кердің болашақ көшбасшылық қырын, қасиетін ашуға көп септігін тигізеді. Сондай-ақ ол студенттерден біздің уни­верситет те көптеген тәжірибе жи­нақ­тайтынын айта кеткен жөн. Олар кейін көршілес мемлекеттер ара­сындағы достық қарым-қатынасты жақ­тайтын мамандар болып өсіп шы­ғады. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дамыған 30 мемлекет қатарына Қазақстанның кіруіне жа­сал­ған алғышарттарының бірі еке­нін де айта кеткеніміз дұрыс. Мы­салы, бүгінде Қазақстан өзінің ішкі жалпы өнімінің 0,2 пайызын осы бі­лім саласына, оның ішінде ғылы­ми-зерттеу жұмыстарына жұмсап отыр. Ал дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 2,5 пайыздан 4 пайызға дей­інгі аралықты қамтиды. Айталық Оңтүс­тік Корея сияқты мемлекеттердің ғы­лы­ми-зерттеу әлеуеті зор мемлекеттер қа­та­рына енетіні сондықтан. 

– Түлектердің алдағы уақытта жұмыспен қамтылуы туралы айтып берсеңіз? 

Назарбаев Университет түлек­те­рі­не Қазақстанда қалу міндеті қой­ыл­­майды. Түлектеріміз өз білімін жал­ғастыру үшін шетелге де кетіп жа­тыр. Қазақстанда табысты еңбек етіп жүргендер де бар. Олар көбінесе қар­жы саласын, ірі консалтингтік ком­панияларды таңдаған. Көпшілігі өз бизнесін ашып жатыр, бұл бізді қуан­тады. Өткенде Алматыдағы аты белгілі жоғары оқу орнының ректоры өзінің баяндамасында Назарбаев Уни­вер­ситет болашақта тұралап қалад­ы деген болжам айтыпты. Оның пайымынша, бізді бітірген студенттер бәрібір шетел асып кететін сыңайлы. Бірақ Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бергі даму сатысы ол пікірге толық қайшы екенін айтқым келеді. 

– Назарбаев Университетке қа­был­дау талаптары өзгеру мүмкін бе? Сондай-ақ халықаралық, рес­пуб­­ликалық олимпиадалардың же­ңім­­паздарына жеңілдіктер қарас­ты­рыла ма?

– Талаптар бұрынғыдай. Ол ақпа­рат­тардың барлығы универ­си­тет­тің сайтында, басқа да ақпарат көздерінде толық көрсетілген. Негізгі ескеретін жағдай, ағылшын тілін жетік білу және үміткердің GPА жоғары болуы қажет. Бұл жерде талапкердің ғана көзқарасы ғана емес, ата-ананың шешімдері болатынын жасырмаймыз. Қайткен күнде де өзінің білімі мен білігіне сенген мектеп бітіруші қалаған уақытында біздің студент атана алады. 

Ал олимпиада жеңімпаздарына келетін болсақ, әрине талантты оқушы­лар­ды біз үнемі бақылап, өзіміз зерттеу жүргізіп отырамыз. Талантқа әр кезде талас күшті болады. Біз бә­се­­келестікке қабілетті балаларды бірін­ші қамтып қалу үшін көптеген же­ңіл­дік­тер қарастырамыз.

Жалпы, кез келген университеттің бас­ты үш ұраны болады: оның бірін­шісі талантты табу, яғни ұстаздың да, шәкірттің де таланттары бір ауди­тория­да тіл табысуы, екіншісі бай ресурс және үшіншісі басқару жүйесі. Осы үш бағыт университеттің жан-жақтылығы болып табылады.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен
Мирас АСАН
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу