Нұрлан Санжар: Қожа емес, қарапайым Нұрлан болып өмір сүргім келді

Түркиядағы «Қазақстан күндері» аясында түрік ті­ліне аударылған «Менің атым – Қожа» кітабының тұсаукесері өтіп, бала­лық шағы­мыз­бен ілесіп келе жатқан картина түрік тілінде экранға жолда­ма алған-ды. Жинақты түрік тілінде сөйлеткен қазақ әдебиетінің зерттеушісі, түрік ғалымы Жәмилә Кынажы болса, айтулы оқиғаға Қазақстанның Түркия­дағы елшілігі мен Кечиө­рен муниципалитеті қолдау көр­сет­кен еді. Алайда бұл шараға денсаулығына байланысты фильмде Қожа рөлін сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­кері Нұрлан САНЖАР қаты­са алмады. Ал енді Нұрлан Санжарды актер демей отырғанымыздың да өзіндік себебі бар. Қожа рөліне дейін актер болмаған 12 жастағы өзгеше бала «Менің атым Қожадан» кейін де актерлық жолды таңдаған жоқ. Бұл – бозөкпе баланың қабілетін шыңдаған Абдолла Қарсақбаевтай режиссердің хас шебер­лігі болатын. Сонымен сәті түскен жедел сұхбаттың ұзын-ырғасы төменде.

Егемен Қазақстан
03.07.2018 3502
2 Суреттерді Ш.Айманов атын­дағы­ «Қазақ­фильм» киностудиясы ұсы­нды

– Абдолла Қарсақбаевпен кез­­­дес­­кен тарихи күнді еске алы­ңыз­­шы.

– Бұл 1963 жыл еді. Біз оқитын №33 мектеп Алматыдағы ескі кино­студияның қарсы бетінде болатын, арасын жол бөліп жататын. Бір күні сабақтан кейін кәдімгі әдетіме басып, алдымда кетіп бара жатқан қыздардың шашын тартып, ойнап келе жатыр едім, бір ағай: «Әй бала, бері келші!» демесі бар ма? Қорыққанымнан зып беріп, қа­шып кеттім. Маған ызасы келген қыз­дар қай мектепте, қай сыныпты оқитынымды оған түгел айтып беріпті. Келесі күні көшеде көрген кісі мені іздеп келіп, кинопробаға шақырды. 

– Содан кейін кинематография­да көрінбей кетуіңіздің сыры неде? Қожадан кейін киноға түсуге ұсы­ныс­тар болды ма?

– Әрине болды. Шәкен Айманов «Земля отцов» деп аталатын фильм­ге шақырды. Бұл рөлге кейін Мұрат Ахма­диев түсті. 

– Аймановтай режиссермен жұ­мыс істеу кез келген актердің басына қона бермейтін бақ қой. Неге бұл рөл­ден бас тарттыңыз? 

– Мен Қожадан кейін ешқандай киноға түскім келмеді. Қарапайым ғана Нұрлан болып, өзімше өмір сүргім келді. 

– Балалық болар?

– Жоқ. Қожаның рөлі шаршатып жіберді. Бұл картина 11 ай бойы күн демей, түн демей түсірілді. Қыс­қасы, бір жыл бойы бала болып күле алмадым. Баяғы тентектік пен ойын­ның бәрі жайына қалды. Менің жасымда бұл өте ауыр жұмыс болатын. Психологиялық тұрғыдан да қинал­дым. Қожа – үлкен рөл еді. «Былай жүр, олай тұр» деген нұсқау­лардан қажы­дым. Таң атқаннан күн батқанша басқалардың әмірімен жүру әбден титықтатты. 
Осыдан кейін тек 2006 жылы ға­на режиссер Ардақ Әмірқұлов «Қош бол, Гүлсары» фильміне түсуге көн­дірді. Екінші басты рөлді ойнадым. Бұл фильмге тек Әмірқұловқа көмек­тескім келгендіктен ғана келісім бердім десем де болады.

– Өмірде Қожа сияқты тентек бала болдыңыз ба?

– Тентектеу едім... Қожаға рахмет! Мені елге танытты.

– Осылайша мектепке танымал болып оралдыңыз...

– Мұрнымды шүйіріп кеткен жоқ­пын. Қарапайымдылығымнан айнымадым. Басқалар да мені ренжіткен жоқ, достарым да көп болды. Өйткені мен ешқашан атақты болуға ұмтылған емес­пін. 

– Егер сол күні Қарсақбаевпен кез­дес­пегенде өміріңіз қалай жалға­суы мүмкін еді?

– Ғылым жолындамын, тағы да ғылым жолын таңдаушы едім. Барлық кезде менде ізденуге, бір нәрсені зерт­теуге деген құштарлық болды. Фило­логия факультетін бітірдім. 3-курста жүргенде-ақ зерттеу жұмыс­тарым республика бойынша бірінші орын алды. Аспирантураға түсіп, бірақ тас­тап кеттім. 

Ал ғылыми диссертациямды 55 жасымда қорғап, философия ғылым­дарының кандидаты атандым. Ол мәдениет, кинематография, телевизия философиясына қатысты тақырып болатын. Кейін монография жаздым. Бұл кітап Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы мен ҚазҰУ-дің жур­налистика факультетінде жақсы сұранысқа ие. Оған қоса болашақ жур­налистердің ерекше тобына арнап оқулық жазып, лекциялар топтамасын шығаруға әрекет етіп едім. Бұл журналистерге деректі фильм­дер түсіруге, көркем фильмдер мен телесериалдарды редакциялауға көмек құралы ретінде жазылды. Өкінішке қарай, бұл кітаптар өз елімізде жарық көрген жоқ. Жалпы, шетелдерде телесериалдарды журналистер жасайды, яғни телевидениенің өзі түсіреді. 

Біраз жылдан бері ғылыми-педа­го­гикалық жұмысымды «Қазақ­фильм» киностудиясындағы көр­кем фильмдердің редакторлығы қызме­тімен ұштастырып жүрмін. Қысқасы, кітаптар, сценарий жазамын. 

– Бұрын сізбен бір дидарласқанда үш адамға алғыс білдіргіңіз келген...

– Осы арада мынаны айта кетейін. Атақты да, бас­пананы да кейін алдым. Иманғали Тасмағамбетов Ал­ма­тыға әкім болып келгеннен кейін үйлі болдым. Бұл күнді 25 жыл бойы күттім десем де болады. Осыдан 9 жыл бұрын Мұхтар Құл-Мұхаммед хабарласып, жағдайымды, қандай атақ-дәрежемнің бар екендігін сұ­рас­тырды. Халықтың өзі берген «Халық әртісі» деген атағымнан бас­қа мемлекеттің берген атағы жоқ де­дім қалжыңдап. «Жоқ, бұлай болуы тиіс емес» деді ол кісі қынжылып. Осыдан кейін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген атақты алуы­ма ықпал етті. Ал үшінші адам «Қазақ­фильм» киностудиясының бұ­рын­ғы басшысы – Ермек Аманшаев. Ол ұлттық киностудияны түпкілікті қайта құруға әрекет етті. Қазір де «Қа­­зақ­фильм» заманауи технологиялар­мен жабдықталуда. Тәуелсіздіктің ар­қасында жас режиссерлер шетелдерде тәжірибе байытып жүр. Көркем картиналар түсіріліп, деректі фильмдер жүйелі түрде түсіріліп жатыр. 

– 25 жыл демекші, құдай ақы, көңіліңізге тимесін, ширек ғасыр жал­­ғыз тұрғаныңыз рас па? 

– Қазір мен отбасылымын. Зайы­бым – дәрігер. Екі балалы болдық. Үлкен қызымыз биыл мектеп бітір­ді. Шет тілдері институтының, аудар­машылық бөліміне түссе деп армандап отырмыз. Шынымды айтсам Аяулы аудармашы-зерттеуші ғалым болғанын қалаймын. Қызым менің ғылым мен өнердегі жолымды жалғайды деп үміттенемін. Екінші ұлым Әли. Ол әлі 8-сыныпта оқиды. Балаларым қазақ мектептеріне барады. Өйткені біздің буынға мұндай мүмкіндік туған жоқ. Айналамызда тек орыс мектептері болды. 

– Актер Нұржұман Ықтымбаев сізді Абдолла Қарсақбаевтың алты бала­сының бірі дейді ғой? 

– Бұл күнде халыққа танылған Нұржұман Ықтымбаевтың, менің, Дос­хан Жолжақсынов, Гүлнара Дус­ма­­това, Болат Қалымбетов жә­не Қыр­­ғызстанның халық әртісі Ашир Чокубаев сынды талантты ак­терлердің өнер­дегі ортақ әке­міз – Абдолла Кар­сақбаев. Осы ал­тауы­мыздың ішінен киноға бірінші кел­гендіктен, олардың мені аға тұтатыны бар. 

– Сізді қазір жұрт көшеде тани ма?

– Кейде бір адамдар танып: «Мы­нау Қожа» ғой деп, балаларына көрсетіп жатады. Ал олар Қожаның енді жас емес екендігін көріп, таңданыс білдіретіндіктерін де байқаймын. Бірде троллейбус кондукторы танып, алғыс айтып, тіпті жол ақысын алудан бас тартты. Жылдар осылай өтіп жатыр. Бірақ мен үшін өмір енді басталатын сияқты. 

– Дәл осы күндері нендей тірлік­тер­мен айналысып жүрсіз?

– Менің де мақтанатын тірліктерім бар. Жоғарыда айтқан, жоғары оқу орны студенттеріне арналған екі бір­дей ғылыми кітабым жарыққа шық­ты. Бұл кітаптар Еуропадағы ең ірі «Ламберт» баспасында жарық көрді. Қазір кітаптарым «Амазонда» сатылып жатыр. Өкінішке қарай, олар өте қымбат – 56 еуро. Ал мен бұл кітап­тарды өз студенттеріміз тегін пай­дала­ну үшін жазған болатынмын. Бірақ кезінде біздің академиялар мен университеттер жұмыстарыма қызығушылық таныта қоймады. Өкінішті! Енді осы кітаптарды қазақ тіліне аудартып, студенттерге берсем деп ойлап жүрмін. Тек демеуші табылса ғой. 

Сол сияқты «Оралман» фильміміз жарыққа шық­ты. Осы картинаның сценарийін жаздым. Ол бес бірдей халықаралық кинофестивальдің бас жүл­десін жеңіп алды. Азия мен Орталық Азия­ның ең үздік картинасы ретінде мойындалды. Ал Германияда ең көрнекті фильм деп атанды. 
Биыл да жаңа бір фильмнің тұ­сауын кесеміз. Біздің бұл картинамыз да табысты болады деп ойлаймын. Қазірге фильм режиссері кім және не туралы екендігін құпия ұстай тұралық. 

Ең бастысы, қазір үздік сценарий­лер мен прозадан тұратын 3 том­ды­ғымды әзірлеу үстіндемін. Бұл кітап­тарды енді өз министрлігіміз қар­жылан­дырып қалар деп, үмітімді үзбей отырмын. Айтпақшы «Ангелочек» атты повесім Қазақстандағы бестсел­лерге айналды,  тез таралып кетті. Енді баспа осы повесті қай­та басып шығаратын шығар деп күтіп жүрмін. 

– Әңгімеңізге рахмет. 

Әңгімелескен
Айнаш ЕСАЛИ,
 «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.11.2018

Арқалықта қуатты, заманауи ет комбинаты жұмысын бастады

22.11.2018

Жеке куәлікті саусақ таңбасы алмастыратын болады

22.11.2018

Президенттік олимпиададан олжалы оралды

22.11.2018

Жамбыл облысында жылқы ұралағандар ұсталды

22.11.2018

Дамир Исмағұловтың қарсыласы анықталды

22.11.2018

Алматының ірі жылу магистралінде апат болды

22.11.2018

Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

22.11.2018

Мәнерлеп сырғанаушылар Загреб пен Таллинде сайысқа түседі

22.11.2018

Елбасы мақаласы шетелдік БАҚ назарында

22.11.2018

Тарихи сана тұғыры – ұлттық болмыс

22.11.2018

Шымкенттіктерге арнайы медициналық көмек көрсетті

22.11.2018

Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

22.11.2018

«Digital Urpaq» Пионерлер сарайы өз жұмысын бас­тады

22.11.2018

Қалдықтар да кәдеге жарайды

22.11.2018

Зиялы қауым өкілдері «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайлы не дейді?

22.11.2018

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

22.11.2018

Дулат Исабеков: Қазақ баспасөзінің көшбасшысы – «Егеменге» жазылыңыз!

22.11.2018

Астана Операда «Күміс ғасыр балеттері» көрсетіледі

22.11.2018

«Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» көрмеcі ашылды

22.11.2018

Балалар Барнаулға неге барады?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

Elbasy Nursultan Nazarbaev bıylǵy jylǵy halyqqa Joldaýynda úkimet múshelerine qaratyp, «Bizde árqıly baǵdarlamalar qabyldanyp jatyr. Indýstrıalyq baǵdarlama, ınfraqurylymdyq baǵdarlama, sondaı-aq, áleýmettik máselelerdi qamtyǵan kóptegen baǵdarlama bar.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу