Қазақстан • 03 Шілде, 2018

Астана шежіресі: 2010 жыл

1091 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұл жылы Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Президенті Нұрсұлтан Назар­ба­ев Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төр­ағалық қызметіне кірісті. Үкімет Ел­басы тапсырмасы негізінде өздеріне жүк­телген индустриялық-инновациялық бағ­дарламаны жүзеге асыра бастады. Со­нымен қатар үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағ­д­арламасы қабылданды. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде осы жылы 140-тан астам жаңадан бәсекеге қабілетті өнеркәсіп, кәсіпорындар іске қосылды. 

Астана шежіресі: 2010 жыл

14 қаңтар – Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ төрағалық қызметіне кірісуіне орай ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Үндеу жолдады. Онда: «Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға барынша үлес қосып келеді. ЕҚЫҰ-ның өзге де мемлекеттерімен бірге Шығыс пен Батыс арасын жақындастыруға бағытталған ұмтылыстарды жан-жақты қолдаймыз» делінген.

1 сәуір – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада салынып жатқан құрылыс нысандары «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы мен «Шабыт» шығармашылық сарайын аралап көрді. 

26 сәуір – Астанада ТМД елдері ұстаздарының басын қосқан І құрылтай басталды. Оған 500-ге тарта маман-ұстаз қатысты.

9 мамыр – Астанада Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған салтанатты шеру өтті. Шеруге 120 соғыс ардагері бастаған 7 мыңнан астам әскерилер қатысты. 

25 мамыр – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада елімізге ресми сапармен келген Түркия президенті Абдолла Гүлмен кездесті. Мемлекет басшылары «Түркі өркениеті: дәуірлер жалғастығы» атты маңызды конгреске қатысып, қазіргі халықаралық Түркі академиясын ашты. 

1 маусым – Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақ хандығының негізін салушы Керей және Жәнібек хандар ескерткіші ашылды. Ескерткіш салмағы – 16,20 тонна. Мүсіндердің іргетасынан ұшар басына дейінгі биіктігі – 12 метр. 

19 маусым – Астанадағы Абай көшесі бойына қазақтың бас ақыны Абай Құнан­баевтың ескерткіші орнатылды. Мүсіннің биіктігі – 14,750 метр, салмағы – 10 тонна.

27 маусым – елордада экшн-фильмдердің І халықаралық кинофестивалі басталды. 

28 маусым – Астанада халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орны – Назарбаев Университеті ашылды. Рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 

29 маусым – Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ЕҚЫҰ-ның толе­ранттылық және кемсітпеушілік жөнінде конференция болып өтті. 

5 шілде – Астанада Еуразиялық эконо­микалық қоғамдастық кеңесінің мемле­кетаралық 27 мәжілісі өтті. 

6 шілде – қала мерекесімен орайлас елордада Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен әйгілі сәулетші Норман Фостердің жобасы негізінде салынған «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы ашылды. 

30 тамыз – Астанадағы «Қазақ елі» монументі алаңында ел Конституциясының 15 жылдығына арналған әскери шеру өтті. Оған Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

18 қазан – Астанада алғаш рет Бүкіл­әлем­дік рухани-мәдени форум бастал­ды. Оған 500-ге жуық делегат қатысты. Олар­дың арасында «Оскар» сыйлығының иегері Эдриан Броуди, т.б. танымал тұлғалар болды.

3 қараша – Астананың Индустриялық паркінде бетон және темірбетон өнімдерін шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Кәсіпорынды «Қазақстан даму банкі», «Найза құрылыс концерні» ЖШС және «Цесна корпорациясы» АҚ бірлесіп қаржыландырды. 

1 желтоқсан – Астанада ЕҚЫҰ елдері мемлекет басшыларының саммиті басталды. Саммитке 65 елдің делегациясы, соның ішінде 28 мемлекеттің президенті, 10 елдің премьер-министрі және беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. 

13 желтоқсан – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордада халықаралық стандартқа сай салынып жатқан велотрек ғимаратында болып, «Астана» велокомандасы мен Қазақстан велоспорт федерациясы басшыларымен кездесті. 

15 желтоқсан – Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. 

31 желтоқсан – Астана және Алматы қалаларында VII Қысқы Азиада ойындары басталды. Оған Азияның 27 мемлекетінен 1000-нан астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальға ие болып, жеңімпаз атанды. 

Дайындаған 
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, 
«Егемен Қазақстан»