Қазақстан • 03 Шілде, 2018

Жаңғыруға темірқазық болған шаһар

611 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Осыдан екі ғасыр бұрын мұ­хиттың ар жағындағы сан ұлттан құралған ел – АҚШ  тәуелсіздігін жариялап, астанасын Вашингтонға көшірді. Джорж Вашингтонның саяси шешімі, алып мемлекеттің қалыптасуына жол ашты. Ол саясат – «өзін-өзі қорғай алған елдер ғана өсіп-өркендеген» ұғымнан ту­ған идеология. ХХІ ғасырдың табал­ды­рығында тәу­елсіздігіне жеті жыл бол­ған ел өмірбаянында тарихи және саяси ірі оқиға – ел ордасы Алматыдан Астанаға көшті. 

Жаңғыруға темірқазық болған шаһар

Қазақстанда сексен бес мың­нан аса ірілі-ұсақты өзен бар. Осы өзендердің жетеуі ғана бір мың шақырымнан әрі созыла ағады. Астананың орта­сын қақ жарып ағып жат­қан Есіл – сол жетеудің бірі. Сары­арқадағы Нияз тауынан басталып, Батыс Сібірге жет­кенде Ертіске қосылатын өзен­нің ұзындығы – 2450 шақы­рым. 

1830-1832 жылдары Есіл­дің жағалауы, қазіргі Қосшы­­да Ақмола әскери округі құ­ры­лды. Ұлан далада әскери бекі­ністер қаптап, қарулы казак­­тар­дың жергілікті тұрғындарға зорлық-зомбылығы көбейді. 

Хан Кене атқа қонды 

1838 жылдың 28 мамырын­да Кенесары хан Ақмоладағы әскери бе­кі­ніс­ті басып алды. Осы күнді жаңа стильге кө­шір­­генде 10 маусым шы­ға­ды. Хан Кене Ақмола бе­кі­нісін ал­ған күннен тұп-тура 160 жыл өткенде тәу­ел­сіз Қазақ­стан­­ның жаңа аста­на­сының тұ­саукесері өтті.  Бұл 1998 жылдың 10 маусы­мы болатын.

Кенесары ханның арман-мақ­сатына жетпегені тарихтан белгілі. Дала іштен тын­ды. Ал қала баяу да болса, іргесін ке­ңей­те берді. 1862 жылдың 23 қаза­нын­да Ақ­мо­лаға Ресей им­пе­рия­сы­ның қа­ласы деген дәреже бе­ріл­ді. Қаланың ұзақ жылдар бойы негізгі кәсі­бі сауда-сат­тық болды. Кей­ін­гі ғасырда ғана мұнда мә­де­ни мекемелер са­лы­нып, архи­тек­туралық ғ­и­ма­раттар бой кө­те­рді.

Қазіргі Астана қаласының әкім­дігі орналасқан ғимарат, 1961 жылы Кеңес Одағында салын­ғ­ан ең зәулім Компартия меке­месі. Коммунистік пар­­­тия­ның бас хатшысы Ни­ки­та Хру­щев еліміздің сол­түс­тік­тегі бес облы­сын Ақ­мо­ла, Көк­шетау, Қостанай, Пав­­ло­дар, Солтүстік Қазақстанды бі­рік­­тіріп «Тың өлкесі» деген аймақ құ­рды. Келесі шешім оны Ресейге қо­су болып жоспарланады. Осы 1961 жылы Ақмола қаласы Целиноград болып өзгертіледі.
Ел билігі өз қолында болма­са, саяси сұрқиялылықты адам­ның көз жасы да, күнәсіз құрбандықтар да тоқ­тата алмасы белгілі. Коммунистік пар­тия басшысының волюн­та­рис­тік қөз­қарасына сол кез­де тойтарыс бере алған азаматтар есімдері бүгінгі елорда көшелеріне берілді. 

Уақыттан өткен әділқазы жоқ. Қай кезде де мықтыны мықты түсініп баға­лаған. 

1997 жылы Астанаға кө­шіп келдік. Сол кездегі ел­ор­да тынысын бай­қататын Рес­пуб­ли­ка даңғылы еді. Ол әрмен қарай Жұмабек Тә­ше­нов кө­шесі болып жалғасады. Тә­ше­­­нов көшесі Тәуелсіздік даң­ғы­лы­мен жалғасып Ұлттық музей мен Тәу­ел­сіздік сарайына апарады.

Астанасына қарап елін таниды. Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі, мем­лекеттігіміздің ал­тын діңгегін құраған Ал­ма­ты­дан Астанаға Ұлы көш идеясы қалай туды? 

Әйгілі жазушы Оралхан Бөкейдің «Қазақ әдебиеті» га­зе­тінде 1992 жылы 17 шіл­деде жарияланған «Президенттің бір аптасы» эссесін оқығанда, сол кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел болашағы үшін ерекше шешімді іштей қабылдағанын аңғарамыз. 

«Осы жеті күнде Президент Нұрсұлтан Назарбаев жер ша­рының жар­тысын аралап шық­ты деуге болады. Қай жер­ге бар­сақ та сол жерден Қазақ­­стан­ның күн арқалап салынған қы­­ран құсы бар көк туын көр­дік. Құдай-ау, бізді де әлем та­ни бастаған, әлем мойындай бас­таған, егеменді ел болдық-ау, ұзағынан сүйіндірсін деп тіле­­дік», деген Оралхан Бөкей сан ға­сыр­лар ата-бабаларымыз аңсаған ұлт­тық санадағы өрелі өсиетке оралады. 

«Үлкен сапар Ақмоладан бас­тал­ды. Көңіліме түйгенім: алдағы ха­лық­аралық үлкен кездесулерге барар жолында Президент аруақты жер Сарыарқаға арнайы бұрылып, ата­жұрт­қа тәу еткені, батырлар бас қосқан жерге табанын тигізіп, рухани қуат, медет алғаны еді», деп бір ойдан хабар береді Оралхан ағамыз.

Қазақстан, Ресей, Еуро­па­да жеті күн Нұрсұлтан Назар­ба­­ев­пен сапа­рын­дағы өте қы­зу да қызықты кездесулерді жур­на­листік көзқараспен ба­қы­ла­ған Оралхан Бөкей жазу­шы­лар­дың бас газетінде осындай қорытындыға келеді. 

Ата тарихтан білеті­ні­міз­дей астана болған қала­лар­дың барлығы да ұлттың өсіп-өркендеуіне тікелей әсер еткен. Арада екі ай өте 18 қыркүйекте «Қазақ әде­би­еті­нде» пікіралысу орай­ын­да «Астананы Ақмо­ла­ға кө­шір­сек» атты бас тақы­рыппен үлкен мақала шық­ты. Апта сайын бұл мәселе зиялы­лар­дың басылымында екі жыл қатарынан талқыланып отырды.

1994 жылы 6 шілдеде Рес­пуб­лика Жоғарғы Кеңесі астана­ны Ақмолаға көшіру ту­ралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын қолдап, дауыс берді.

Жаңа астанада адам­дар­дың да санасы жаңар­уына жол ашылды. Екі апта­да Ақмоладағы басты көше­лердің барлығы дерлік ұлт­тық тұлғалар атымен жа­ңартылды. 

Тарих жолы қашанда тай­ғақ. Төл тарихымыздағы қа­си­ет­ті бабаларымыз жү­ріп өт­кен өмір салтынан үй­ре­­нер өнегелі үлгілер аз емес. Асы­ғыс жағ­дайда өз­ге­ртілген кө­шелердің қала сыр­­тын­дағы 200 метрлік бөлігі Қара­ке­рей Қабанбай батырға бұйырды. Ел өсті, мемлекет өр­­кендеді. Қазір бұл даңғыл 20 шақырымға созылып жатыр. Мемлекеттік Қабанбай қо­­р­ы­ғы, Ұлттық пантеон са­лы­­нуда.

Жер жүзі дүниетанымы өзгеріс үстінде. Ғылым мен технология­лар сала­сында үлкен төңкерістер күн сайын тір­­келуде. Бұл өзгерістерде ал­ға тар­т­қан озады. Кейін кеткен тозады. 

Елордада 100 мектеп, 20 колледж, 20 жоғары оқу орны бар.

Олардың қатарында ха­лық­­аралық стан­­дартпен са­бақ беретін мек­теп­тер­дегі оқу­шылар, сол Астана­дағы тап­­­сырған қорытынды емти­хан­дары­ның нәтижесімен дүние жү­зіндегі кез кел­ген жоғары оқу орындарына қабыл­да­на алады.

Біз де Астананың, Астана да біздің ұлт­тық сана-сезі­мі­­­мі­здің көкжиегін кеңей­те түседі. Осылайша бас қала бәрімізді рухани жаңғыруға бастай бермек.

Махат САДЫҚ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист