Аймақтар • 03 Шілде, 2018

Павлодар облысында «Бір шаңырақ аясында» атты фестиваль күндері өтуде

391 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы қалалық саябақта этномәдени бірлестіктер Астананың 20 жылдығына арнап «Бір шаңырақ аясында» атты фестиваль күндерін өткізуде.   

Павлодар облысында «Бір шаңырақ аясында» атты фестиваль күндері өтуде

Өткен аптада чуваш этно-мәдени бірлестігі саябақта кон­церттік бағдарлама ұйым­дас­тырды. Облыстық чуваш мәдени орталы­ғы мен қатар құрылған халық ән­дері мен билерін орындады. «Сес­пель» фольклорлық ансам­блі құрылған-ды. Баянда ойнайтын Гайнутдин Ташимов осы ансамбльдің көркемдік же­текшісі. Ұлттық фольклорлық ансам­бль жастардың өз халқының салт-дәстүрін, ән, билерін, тілін ұмыт­пай жалғастырулары үшін қажет. 
Қалалық саябаққа жиналған тұрғындар чуваш халқының әндерін тыңдап, мәдениетімен, ұлттық тағамдарымен және салт-дәстүрлерімен танысты. Тағы бір басты ерекшелігі, чуваштар қазақ және орыс тілдерінде Астанаға арналған әндер шырқады. 

Мерекеге жиналған жұрт­шылық чуваштардың ыстық та, дәмді бәліштерінен ауыз тиді. 

– Жалпы, чуваш халқы жаз­ғы уақытта «Агатуй», «Щи­мек», «Уяв» сияқты көптеген ме­ре­­­­келерін тойлайды. Әрқай­сы­сы­ның өз ерекшелігі бар. Біз осы мерекелердің маңызын, ерек­­шелігін чуваш жастары ұмытпасын дейміз. Мысалы, «Агатуй» көктемгі егістің бас­талуына, ал, «Уяв» аяқталуына арналады. Ал, біз бүгінгі күндері еліміздегі достық пен бірліктің, берекенің төрі – Астанамыздың мерейлі тойын қарсы алудамыз. Өйткені, барлық жақсылық пен мейірім Елбасының баталы сөзімен және әсем де арайлы Астанадан тарайды. Құтты болсын Астана тойы! Бұл біздің жастарымызға қажет рухани ой салар мерекелер, – дейді бірлестік төрайымы Елена Софронова. 

– Біздер Достық үйінде чуваш тілін үйреніп, өзара туған тілімізде сөйлесеміз. Чуваш тілі жоғалып барады деу дұрыс емес. Тілді сақтауға біздің өңірдегі «Жаң­ғыру» мектебінде бар­лық жағдай жасалған. Бүгінгі мере­кедегідей салт-дәстүр­лері­мізді дәріптеп, насихаттай аламыз,– дейді чуваш жастар бірлес­тігінің жетекшісі Оксана Копотун.

Бұл күндері өңірде 700-ге жуық чуваш ұлтының өкілі тұрады. Бауырлас халық қазақ жерін отан­дарындай көріп, ұлт­тық құнды­лықтарын сақтап, туған тілдерін жаңғыртып өзге­лерге үлгі. 

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР