Аймақтар • 03 Шілде, 2018

Павлодарда атты полиция жасағы құрылды

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ішкі істер департаментінің бастамасымен құрылған Жол-патрульдік қызмет батальоны құрамындағы полиция жасағы облыс  орталығындағы саябақтар мен саяжайларда қоғамдық тыныштық сақтауда  қызмет көрсетуде. Бұл қызмет үшін әкелінген 15 аттың барлығы да қолға үйретілген. Аттардың күтімімен полицейлердің өздері  айналысады. Жасақ арнайы кестеге сәйкес қызмет жасайды.

Павлодарда атты полиция жасағы құрылды

Суретті түсірген Ораз Саяхат

Өткен жылы облыс  орталығындағы саяжайларда 157 құқық-бұзушылық орын алыпты. Сондықтан, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында қазір атты полиция жасағы 3 аусым бойынша күндізгі, кешкі, түскі  уақыттарда саяжайларды бақылайды. Атты полицейлер  белгіленген бағыттарда екі-екіден жүреді. Қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің хабарынша, алдағы уақытта аттар саны  70-ке жетіп, полицейлер қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан саяжайлармен қатар Ертіс жағалауындағы тыныштықты қадағалайды. Атты полицейлер маусым мен қазан айларының аралығында қызмет атқарады.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар ​​​​​​​