Аймақтар • 03 Шілде, 2018

Алматы музейінде «Ақыска» түрік этномәдени орталығының көрмесі ашылды

1021 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Алматы музейінде «Ақыска» түрік этномәдени орталығының  көрмесі ашылды.  Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – достықта» көрмелер циклі аясында ұйымдастырылып отырған 13-көрме. 

Алматы музейінде «Ақыска» түрік этномәдени орталығының  көрмесі ашылды

Музейде елімізде тұрып жатқан орыс, бурят, белорус, украин, түркімен, татар, корей, т.б. ұлт өкілдері мәдени орталықтарының көрмелері тұрақты өткізіліп келеді. 

 «Ақыска» түрік мәдени орталығының мақсаты рухани-мәдени құндылықтарды, ұлтаралық татулықты сақтау болып табылады. Бүгінгі таңда елімізде шамамен екі жүз мыңға жуық түрік халқының өкілдері тұрады.

Аталған көрмеде ахыска түріктерінің ұлттық киімдері, зергерлік және тұрмыстық бұйымдары қойылған. Екі айға созылатын көрмені алматылықтар мен қала қонақтары тамашалай алады.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ