Аймақтар • 03 Шілде, 2018

Батыс Қазақстанда «Protecting Business and Investments» жобасы таныстырылды

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті «Protecting Business and Investments» жобасын таныстырып, Орал қаласында инвесторлармен кездесу ұйымдастырды.

Батыс Қазақстанда «Protecting Business and Investments» жобасы таныстырылды

Шара барысында Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов «Protecting Business and Investments» жобасын таныстырды. Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Департаменті басшылығы және «KAZAKH INVEST ҰК» АҚ аймақтық өкілдігі, инвесторлар және кәсіпкерлерқатынасты.

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасын іске қосты. Бұл жоба сыбайлас жемқорлықты жоюдың озық механизмдерін қолдана отырып, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға бағытталған, - дейді Болат Исақов.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі бұл жобаны «KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен, тиісті министрліктермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асыруда. Жобаның басым бағыты – кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнес үдерістерді оңтайландыру, қоғамдық бақылау орнату және инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында қатысушылар бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан кешенді іс-қимыл туралы өз ойларымен бөлісті.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Орал қаласы