Б.Сағынтаев: Астана — жаңғырған, жаңа Қазақстанның жарқын символы

Бүгін Үкімет отырысында күн тәртібіндегі мәселелерді қарау алдында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Астананың 20 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Егемен Қазақстан
03.07.2018 1884
2

Құрметті әріптестер!

Ең алдымен, баршаңызды еліміз үшін айрықша маңызды белес — аяулы Астанамыздың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!  
Астана күні — бір қаланың ғана мейрамы емес, бүкіл ел болып атап өтетін жалпыхалықтық мереке.

Себебі, Қазақ Елінің тәуелсіз мемлекет ретінде орнығуы, сынақтардан сүрінбей өтіп, дамудың даңғыл жолына түсуі, бәрі еліміздің бас ордасымен тығыз байланысты.
   
Ел бола аламыз ба, әлде заманның алапат желіне ұшып жоғаламыз ба деген тағдырлы сәтте халықты биік мақсатқа жұмылдырып, болашаққа бастаған Астана — жаңғырған, жаңа Қазақстанның жарқын символы.

Ол — қастерлі Тәуелсіздігіміздің ұлы тұғыры, Алаш жұртының айбары, Елбасымыздың төл перзенті. 

Басында өзге түгілі өзіміз күмәнмен қараған ғасыр жобасы Елбасының саяси көрегендігі мен ерік-жігерінің арқасында табысты жүзеге асып, небәрі 20 жылда Арқа төрінде ғажайып қала бой көтерді.

Халқымыздың мың жылдық талайлы тағдыры мен асқақ армандарынан нәр алып, сайын далада сәмбі талдай бүр жарған бас ордамыз аз уақытта ел тірегі — алып бәйтерекке айналды. 

Астана — терең тарихтан тамыр тартқан даңқты өткенімізді бүкіл әлем таңдай қаққан бүгінгі биіктерімізбен және жаһандық нарықта бәсекелік қабілеті жоғары, Мәңгілік Ел болар кемел келешегімізбен жалғайтын Елдігіміздің алтын арқауы. 

Қарасаң көз жетпейтін Ұлы Даланың Аспанмен астасқан көкжиегіне көз салсақ, көк пен жерді жалғайтын алтын көпір іспетті Астананың алып мұнаралары алыстан асқақтап, менмұндалайды.

Ол — барша халқымыздың бақытты өмірі мен үкілі үмітінің символы.     
Бүгінде еліміздің саяси, экономикалық қана емес, мәдени, рухани жүрегі атанған Елорда Қазақстанның барлық өңірлерінің басты қозғаушы күші болып, аймақтардың дамуына қуатты серпін беруде.

Қадірлі әріптестер!

Бас ордамыз — дарынды, мақсаткер, еңбекқор, білімді жастардың арман-мүддесін бір арнаға тоғыстырып, барша қазақстандықтарды біріктірген кіндік қала.

Ол татулық пен тұрақтылықтың, жасампаздық пен бейбітшіліктің символы ретінде тұтас Еуразияға, одан қалды, жер жүзіне лайықты үлгі болуда.  

Әлемдік деңгейдегі бастамалар мен іс-шаралар Астананы жаһандық оқиғалардың ордасы ретінде паш етті.

Осының бәрі — кең байтақ Ұлы Даланың төрінде Ұлы Мемлекет құрған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дара басшылығы мен шексіз еңбегінің жемісі. 

Сәні мен салтанатына барша адамзат таңдай қаққан Бақ ордамызды қастер тұту, оны дамытып, көркейте түсу — бәрімізге ортақ парыз. 
Еліміздің асқақ рухы мен жасампаздығының жарқын нышаны болған Астананың 20 жылдығымен баршаңызды тағы да шын жүректен құттықтаймын!

Ортақ мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі Астана төрткүл дүниені түгел тамсандырып, жайнай берсін! 

Мереке құтты болсын!

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

19.11.2018

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

19.11.2018

Бітіруші түлектер мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасады

19.11.2018

Павлодар облысында кәсіпкер әйелдер 113 жоба жүзеге асырған

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

19.11.2018

«Ко­рей хал­қының дәс­түрлі маскалары» көр­ме­сі ашы­лды

19.11.2018

Қасқырдан құтқарып қалды

19.11.2018

Алматыда инклюзивті білім берудің үздік оқытушылары анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда спорт кешеніне Батыр Баянның есімі берілді

19.11.2018

Батыс Қазақстанда жаңа портал жұмысын бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу