Бизнес • 04 Шілде, 2018

Қызылордада шағын және орта бизнеске қолдау көп

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы ауданында кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың қатары жылдағыдан анағұрлым көбейіп келеді.

Қызылордада шағын және орта бизнеске қолдау көп

Кәсіпкерлік – қолда аз-маз қаржы болса соған малданып қойып кететін тірлік емес. Шаруашылықпен айналысатындардың бұл салада білігі, білімі жоғары болуы керек.

– «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 220 адамды оқыту жоспарланса, оқуға өтініш білдіргендер саны 240-қа жетті. «Бизнес-Кеңесші» жобасына қатысты 90 адамға меже берілсе, 219 адам курсты сәтті аяқтады. Жаңа бастамаларды жүзеге асыру үшін 25 қатысушыға мемлекеттік грант беру көзделіп отыр. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 8 кәсіпкер жалпы құны 37,1 млн теңге несие алды. Тағы 29 жобаның құжаты комиссия қарауында, – деді Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»                                 

Қызылорда облысы