Таным • 05 Шілде, 2018

«Нұр Әлем» сферасы оқушылар мен студенттердің жиі келетін орнына айналды

472 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, облыс әкімдіктері мен  «Атамекен» ҰКП ара­сында үшжақты ын­ты­­мақ­тастық туралы жа­­сал­ған меморандум ша­рт­та­ры сәтті іске асыры­лу­да, деп хабарлады «Ас­тана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бас­пасөз қызметі.

«Нұр Әлем» сферасы оқушылар мен студенттердің жиі келетін орнына айналды

Естеріңізге сала кетейік, құ­жат Қазақстан өңірлерінің оқу­шылары мен студенттері үшін халықаралық мамандандырылған көрме мұрасы нысандарына мә­дени-білім беру турларын ұй­ым­­дастыруды қамтиды. Осылайша, жыл басынан бері «Нұр Әлем» сферасын 32 мыңнан астам оқу­шы мен шамамен 6 мың студент келіп көрген.

Бастапқыда жоба физика, био­логия және басқа да көптеген пән­дер бойынша елордалық гим­назияларға ашық сабақ өткізуді көздеген болатын. Алғашқы сабақтан бас­тап-ақ балалардың жа­ратылыс­тану ғылымдарына деген қызығушылығы арта түсті. Өйткені теорияны қарапайым баян­дағаннан гөрі, материалды интерактивті түрде жеткізген баланың есінде тез сақталып, тез бекітіледі. Енді «Нұр Әлем» сфе­расында ашық сабақтарды Астана қаласы ғана емес, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да облыс мектептері өткізе алады.

Жақында жасалған меморандум аясында «Болашақ энергиясы» мұражайын Жамбыл облы­сының оқушылары тама­шалады. Ұлттық компания және мұ­ғалімдермен «Халқым­ның ұлт­­тық дәстүрлері» тақыры­бын­да және әр қабатта өткізілген ша­ғын экскурсия түрінде ағыл­шын тілінен ашық сабақтар ұйым­дас­ты­рылды.

– Жоба аясында Отанымыздың салт-дәстүрлеріне арналған инс-
талляциялары бар зал үлкен әсер қалдырды. Оқушыларды қызықтырғаны интерактивті ашық сабақ болды. Балалар алған әсерлерін түрлі түсті қа­рын­даш пен фломастерлердің кө­мегімен қағаз бетіне түсірді, – деп атап өтті Жамбыл облыстық мектеп олимпиадалары мен мектеп­тен тыс іс-шараларды өткізу орталығының әлеуметтік-мәде­ни бағдарламалар бөлімінің мең­герушісі Ольга Сагандыкова.

Жас суретшілер сфераның әр қабатында суреттеме орындап, соңында бірінші қабатта тосыннан ұйымдастырылған көрмеде бала­лардың қылқаламынан шық­қан шығармаларымен бар­лық келушілер таныса алды.

«Нұр Әлем» сферасы 8 қабаттан тұрады. Әр деңгейінде энер­гия түрлерінің жарқын эле­ме­нттері мен экспозициялары ұсы­нылған. Мысалы, екінші қа­батта балалар су энергиясын өндіру тәсілдерімен, ал жетінші қабатында ғарыш энергиясымен таныса алады. Бірінші қабатта ұлттық павильон орналасқан, онда әртүрлі ландшафттар, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы ұсынылған.