Дархан КӘЛЕТАЕВ. Ұлылық пен көрегендік табиғаты

Елорданың 20 жылдығына орайлас­ты­рылған әлеуметтік-мерекелік ша­ра­лар үстінде Елбасы, Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев: «Біз ХХІ ғасырда ға­ла­мат дүниені бірге жасадық. Адамзат тарихында мұндай қалалар ешқашан 20 жылдың ішінде салынбаған. Ал біз салдық!» деді.

Егемен Қазақстан
05.07.2018 2810
2

Елбасы жүз жылдықтарға татитын ши­рек ғасырдың ішінде қала ғана емес, әлем танып, мойындаған, ішкі-сыртқы сая­саты орнықты, халқы берекелі де ба­қуатты, ынтымақ-бірлігі мығым, эконо­микасы дамыған мемлекет құрды. Астана – сол мемлекеттің жүрегі, күре­та­мыры.

Мұндай толайым жетістіктердің бастау­лары қайда жатыр? Н.Назарбаев жү­зе­ге асырған «қазақстандық даму үл­гі­сінің» айрықша табиғатын немен түсіндіруге болады?

«Таулар алыстаған сайын биіктей береді» дейтін қанатты сөз бар. Байып­тап қарағанға, таулар ғана емес, сол таудың табиғаты тектес ұлы істер мен бастамалар да, идеялар да, тұлғалар да уақыт өткен сайын асқақтай түседі.

Осы тұрғыдан алғанда, Қазақ­станның тәу­елсіздік жылдары қол жеткізген табыс­тары мен жетіс­тіктерінің Елбасы үшін, еліміз, ұл­тымыз үшін қаншалықты қа­жыр-қайратпен келгенін де әрі қан­ша­лықты қымбат екенін де бүгінгі күннің биігінен көз жіберген адам терең түсінер еді деп ойлаймын.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихи жолы қоғамдық өмірдің барлық тара­бын­да­ғы түбегейлі өзгерістерден, саяси, эко­но­микалық құрылымдағы жүйелі және кешенді жаңарулардан басталғаны белгілі.

Еліміздің болашақтағы даму жағ­дайы, конструкциясы мен бағыт-бағдары сол кездің өзінде-ақ айқын болатын. Ол бағыт-бағдарды Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» еңбегінде, осыдан 26 жыл бұрын нақтылап берді.

Қазақстандағы түбегейлі рефор­ма­лардың бастауында осы бір аса құн­ды, тарихи құжат тұр. Мерзімінен бұ­рын орындалған «Қазақстан-2030» бағ­дарламасын, «Қазақстан-2050» Стра­тегиясын, қазіргі уақытта қарқын ал­ған елдегі саяси, экономикалық руха­ни жаңғыруды, «5 әлеуметтік бас­та­маны» жоғарыдағы аса маңызды бағ­дарламаның заңды жалғасы деуге әбден болады.

Президенттің тұңғыш кешенді бағ­дар­­ламасындағы мақсат-міндеттердің табысты жүзеге асарына сол уақытта біреу сенген, біреу сенбеген болар деп те ойлайсың кейде. Бұл да астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру жөніндегі тағ­дырлы бастамаға ұқсас мысал.

Әрине, кеңестік шаруашылықтың қиян бір түкпірінде, елеусіз қалған, он- жыл­дықтар бойы шикізат өндірумен ғана айналысқан провинциялық қауым­дас­тықты өз алдына мемлекет қылып, аяғы­нан нық тұрғызу, мүлде жаңа на­рыққа бейімдеу, бейімдеп қана қоймай, айналдырған он бес, жиырма жылдың ішінде халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті эконо­микаға айналдыру екінің бірінің қолынан келетін іс емес екені ақиқат.

Мұның сыртында қатып-семген саяси жүйенің қабырғасын бұзып, ғасырлар бойы отарлық езгіде болған халықтың ойы мен санасын сауықтыру міндеті тұрды.

Бірақ Президент әдеттегідей елі үшін, болашақ үшін жасалып отырған бас­тамаларының өміршеңдігіне қалт­­­­­қы­­сыз сенді. Елі соңынан ерді, өз Елбасына деген сенімінен айныған жоқ. Бұл әлем тарихында сирек кездесетін саясаткер мен халық арасындағы, тұлға мен қоғам арасындағы риясыз сенім мен сөзсіз қолдаудың, ұлылық пен көрегендіктің жарқын көрінісі болатын.

Сондықтан да тәуелсіздік дәуірін­дегі үздік­сіз, үзіліссіз оң өзгерістердің, жа­­­­ңару, жаңғырулардың барлығы да Ел­ба­сының тұлғасымен, мақсат-мұра­ты­мен, қызметімен біте қайнасып, сабақтасып жатыр. Өркениеттердің, халықтар мен мемлекеттердің өркен­деп, дамуындағы «тұлғалық фактор» дегеніміз – осы.

Н.Назарбаев реформалары туралы әлемнің саясаткерлері, ға­лым-оқы­мыстылары, сарапшылары үнемі жо­ғары баға беріп келеді. Сарап­шы­лар­дың пікір-пайымдауларына талдау жасай отырып, жоғарыдағы реформалар логикасының негізінде екі бас­тау тұрғанын аңғаруға болады. Оның бірі – инновациялық дүниетаным, көзқарас, ұстаным болса, екіншісі – эволюциялық қозғалыс қағидаларынан ешқашан ауытқымау. Осы екі бастау қазақстандық модернизация үлгісінің кепілі.

Ал қазақстандық модернизация үлгісінің табысты іске асуына Н.Назарбаев ұстанған «алдымен – эко­но­мика, кейін – саясат» формуласы негіз болғанын бүгінде барлығы мойындайды. Себебі кез келген мем­лекеттің, қоғамның, кәсіпорынның дамуы эко­но­микалық мәселелерге басыбайлы тәу­елді екенін, әсіресе бүгінгі дәуір, соның ішінде қазіргі заманғы геосаяси, әлеуметтік жағдайлар, тех­нологиялық өзгерістер, қаржы-экономикалық қаты­нас­тар ұқтырып отыр.

«Алдымен – экономика, кейін – саясат» формуласы Қазақстанды 90-жылдардағы алапат сілкіністерден аман-есен алып шықты. Мемлекет еш қақ­тығыссыз, соғыссыз, шығынсыз, бейбіт жолмен өзіндік даму жолына түсті. Халықтың әл-ауқаты анағұрлым жақсарды, орта тап қалыптасты, қо­ғамның саяси, құқықтық мәдениеті өсті. Ең бастысы, Тәуелсіздікті көздің қа­ра­шығындай қастерлейтін, білімді, бәсе­кеге қабілетті жаңа буын өсіп шықты.

Бұл үлгі мемлекеттегі түрлі ма­ңызды элементтердің басын қосуға да мүмкіндік берді. Экономикалық реформаны табыс­ты жүзеге асыру арқылы қоғамның жа­ңа әлеуметтік құрылымын, бет-бей­несін жасауға қол жеткіздік. Сол ар­қылы өткеннен қалған масылдық пен бос­белбеулікті еңсердік, ескі стереотиптерден бір­тіндеп арылдық. Нәтижесінде Еу­разияның нақ ортасында жаңғыру мен тұрақтылықты тұғыр еткен іргелі, қуатты мемлекет бой көтерді.

Мұны әлем сарапшылары бір­ауыздан «қазақстандық даму үлгісі» деп атады. Әлем тарихындағы «қазақ­стандық да­му үлгісі» – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолтаңбасы. Аталған үлгіні саяси, экономикалық, рухани жаң­ғыруды жаппай реформаны жүзеге асырудағы мүлде жаңа әдістеме десе де болады.

Осыдан келіп, алыс-жақын шетел­дегі саясаткерлер, сарапшылар, жур­­налистер арасында «Назарбаев праг­матизмі» деген ұғым пайда болды. Назарбаев прагматизмі жаңа, жас мемлекеттің халықаралық сахнадағы айрықша табиғаты мен ұстанымын білдірсе, ХХІ ғасыр қазағы үшін сакралды қағидаға, дәстүрлі дағдыға айналды.

Біз бәрін басынан бастаған болатынбыз. Батыстың технологиясы мен инвестициялар, әлемнің инновациялық идеялары мен дәстүрлі әлеуметтік, мә­де­ни дәс­түрлер үйлесімін тапты. Саяси жігер мен экономикалық да­му­ға арқа сүйеген мем­лекет рухани тұрғыдан жаңғыру, әлеу­меттік тұр­ғыдан өркендеу жолына түсті.

Бір сөзбен айтқанда, қазақстандық даму үлгісінің ерекше табиғаты мен та­бы­сының бастаулары Н.Назарбаев ре­фор­маларының алтын жүлгесінде жа­тыр.

Біз не дегенмен таңғаларлық тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз.

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, Сарыарқа төсіндегі, Есіл бойындағы өркендеген, өскен, гүл­денген ақшаңқан қалаға қарап отырып, бүкіл мемлекеттің болмыс-бітімін, болашағын танығандай, түйсінгендей боласың.

Осы уақыт ішінде бой көтерген ға­жайып шаһар, онда өтіп жататын аса маңызды, түрлі әлемдік, халық­ара­лық жиындар мен басқосулар, қазақ­стан­­дықтардың өз елордасына деген ыстық ықыласы мен мақтанышы, аста­на­лық­тардың жарқын, жас келбеті – бәрі де тәуелсіздік дәуірінде жүргізілген бай­ыпты да прагматикалық, көреген сая­саттың, эволюциялық таңдаудың, мемлекет құру жолындағы ұлы қажыр-қайрат пен ерік-жігердің қосындысы. Және бұл ұстаным жыл өткен сайын жаңа мақсат-мұраттармен, нақты міндеттермен толығып жатыр.

Сол қажыр-қайрат пен ерік-жігер­дің, халықтық құрмет пен ұлттық мақ­таныштың кейіпкері, Тәуелсіз Қазақстан мен Астананың бас архитекторы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

 

Дархан КӘЛЕТАЕВ,

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

23.02.2019

Мақсат - әр тұрғынға отыз шаршы метр баспана беру

23.02.2019

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

23.02.2019

Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

23.02.2019

Павлодарда  «Ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды

23.02.2019

Ұлттық нейрохирургия орталығында түрлі науқастар тегін қаралды

23.02.2019

Кетіп жатқан әкімге «кетпе» деді 

23.02.2019

Полиция департаменті тұрғындарға арналған кеңсе ашты

23.02.2019

Майқайың кентінде өрт сөндірушілер газ толы баллондарды алып шықты

23.02.2019

ҚХЛ: Тұрақты біріншілік аяқталды

23.02.2019

Михаил Кукушкин жартылай финалға шықты

23.02.2019

Еуропа лигасының жеребесі тартылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу