Тарих • 05 Шілде, 2018

Астана шежіресі: 2014 жыл

388 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жылдың басында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Сондай-ақ осы жылы еліміздің әлеуметтік-эко­номикалық ахуалы іш­кі, сыртқы фак­торлардың әсерінен бі­раз өзгеріске ұшырады. Яғни әлем­дік нарықтағы сілкіністер ұлттық эко­номикаға да әсер етпей қоймады. Со­ның бірі – жыл басында теңге девальвациясы орын алды. Ақпан айының алғашқы онкүндігінде ұлттық валютамыздың долларға шаққандағы бағамы 185 теңгеге дейін жетті. Бірақ Ұлттық банк жағдайды дұрыс бағам­даудың арқасында бағаны тұрақты ұстай алды.

Астана шежіресі: 2014 жыл

1 қаңтар – Жаңа жылдың алғашқы күні елорда перзентханаларында 146 сәби өмірге келді.

7 қаңтар – елордада өмір сүріп жатқан мүгедек-зағип жандар үшін «Инватакси» қызметі пайда болып, оған қала бюджетінен 8 млн теңге қаржы бөлінді.

10 қаңтар – Астана тұрғындары Қа­зақ­стан әскерлерилерінің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес өткізілген автокөліктер шеруін тамашалады.

11 қаңтар – елордада «Дөңгелек алаң» атты көпшілік демалыс орны ашылды.

4 ақпан – бір жыл бұрын тұсауы кесілген «Астана Опера» театры алғашқы гастролін Алматы қаласынан бастады.

7 ақпан – елордадағы Тұңғыш Пре­зидент музейінде қылқалам шебері Жеңіс Кәкенұлының «Сәйгүлік серенадасы-4» атты жеке көрмесі ашылды.

22 ақпан – астаналық боксшы Мерей Ақшалов Азия бокс конфедерациясының шешімімен «Жылдың үздік боксшысы» атанды.

28 сәуір – «Тұран – Астана» универси­тетінде Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольновамен кездесу болды.

12 мамыр – Астанадан Қарағанды бағы­тына қатынайтын «Сарыарқа» электро­пойызының жаңартылған құрамы жолға шықты.

17 мамыр – Санкт-Петербург қаласында Астананың мәдени күндері басталып, Нева өзені жағалауына қазақтың этноауылы жасақталды.

24 мамыр – елорданың жаңа Оқу­шылар сарайында дарынды балаларға арналған «Триумф» балы өткізілді. Оған 200-ден астам әртүрлі ғылыми жобалар жеңімпаздары қатысты.

29 мамыр – Астанада Қазақстан, Бела­русь, Ресей президенттері – Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко және Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды.

2 маусым – «Астана – Шымкент» бағыты бойынша діттеген жеріне 15 сағат 35 минутта жететін жүрдек «Тальго» қатынай бастады.

4 маусым – Ресей Федерациясы Саратов облысының Астанадағы күндері «Пекин палас» мейманханасында салтанатты жағдайда ашылды.

9 маусым – «Астана Опера» театрында ресейлік балетмейстер Юрий Григорович дайындаған «Спартак» балетінің премьерасы болды.

30 маусым – Президент Н.Назарбаев жылдағы дәстүр бойынша Астана ма­ңындағы орман алқаптарын аралап, «Жасыл белдеу» бағдарламасымен танысты.

3 шілде – елордада Ұлттық қорғаныс университетінің жаңа ғимараты пай­далануға беріліп, ашылу рәсіміне Елбасы Н.Назарбаев қатысты.

4 шілде – Елбасы Н.Назарбаев Астана күнін мерекелеудің басы Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты.

6 шілде – қала мерекесіне орай елордада «Астана-алау» атты түркі музыкасының фестивалі басталды. Оған 14 елдің өнер шеберлері қатысты.

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тіл­дерінің XVI фестивалі басталды. Ол қыр­күйектің 19-ына дейін созылып, бірнеше атаулы бағдарлама бойынша конкурстар өткізді.

17 қыркүйек – «Астана Опера» театры­ның ұйымдастыруымен басталған «Жібек жолы» халықаралық фестивалі итальян композиторы Джакомо Пуччинидің «Тоска» операсымен ашылды.

20 қазан – елорда төрінде ұлты­мыздың біртуар композиторы Шәмші Қал­даяқовтың әндерін насихаттауға арналған «Менің Қазақстаным» фестивалі шымылдығын түрді. Ол 5 күнге созылды.

11 қараша – Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бас­тар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.

15 желтоқсан – елордадағы «Астана Опера» театрында еліміздің қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтті. Оған Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.

Бекен Қайратұлы,

«Егемен Қазақстан»