Қаржы • 05 Шілде, 2018

«Астана» ХҚО: неміс бизнесінің іскерлік мүдделерінің назарында

419 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Халықаралық қаржы орталықтарын құру бүкіл әлемде елдің тұрақтылығын, бай-қуатты және келешегі зор екендігін көр­сетеді және мұндай мемлекет әлемдік қар­жы ағындарын басқаруға лайықты ел ре­тінде қабылданады. Сонымен қатар ХҚО-ның табысты жұмыс істеуіне қажетті алғы­шарттар қаржылық ортадағы сенімділік, қаржы институтының өзектілігі, басқа да осыған ұқсас мекемелермен салыстырғанда қызмет қарапайымдылығы ретіндегі қадамдары ХҚО-ның қызметінің жоғары сапалы заңнамалық және инфрақұрылымдық қол­дауы, күшті кадрлық ресурстары болып та­­былады. Осы критерийлерге Нью-Йорк, Лондон, Майндағы-Франкфурт, Цюрих, Дубай, Гонконг, Сингапур сияқты әлемдегі ең ірі қаржы орталықтары сай келеді.

«Астана» ХҚО: неміс бизнесінің іскерлік мүдделерінің назарында

Алайда халықаралық қатынастардағы жағ­дайларға байланысты туындаған бүгін­гі саяси және экономикалық тур­бу­ле­нттілік олардың да қызметіне әсе­рін тигізіп отыр. Валюта бағамының тұ­рақ­сыздығы, сан­кциялық шаралар, шикізат бир­жа­ла­рын­дағы бағаның күрт ауытқуы, сонымен қа­тар протекционизмге ұмтылу қаржы на­рығының тұрақсыздығына және тиісінше ха­лықаралық қаржы орталықтарының жұ­мысына зиян келтіреді. Осындай теріс әсердің мысалы ретінде ең алдымен Еуропаға және одан әрі Альбион кеңістігіне мигранттардың ағымынан алыс болу ниетімен Еуропалық одақтан шығу туралы қабылданған Британияның шешімін атауға болады. «Брекситтің» елеулі әсері – әлемдегі №1 халықаралық қаржы орталығы болып саналатын Лондоннан еуропалық капиталдардың кетуі болды.

Енді бірте-бірте қаржы ағындарының негізгі еуропалық астанасына айналып келе жатқан Майндағы- Франкфуртпен көпшілігі ынтымақтасуды қалайды. Тиісінше, бұл еуропалық және жаһандық істерде Германияның рөлі артып келе жатқандығын көрсетеді. Өз кезе­гінде Май­ндағы-Франкфуртте қаржы ресур­с­та­рының шоғырлануы осындай ХҚО жоба­ларын жүзеге асыруға ұмтылған елдер Гер­маниямен ынтымақтастыққа қызы­ғу­шылық танытады. Әрине бұл Қазақстан үшін де өте маңызды, себебі осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана аймақтық қаржылық хабын құру туралы идеясын ұсынды.

Осы жобаны іске асыру және бұл бас­таманың болашақ әлеуеті тұрғысынан басы­нан бас­тап сипаты айқын, ал іске асыру жағынан ұсақ мәселелерге дейін егжей-тегжейлі есептелген деуге болады. Қазіргі таңда AХҚО ұйымдастырушылық, материалдық-тех­ни­калық, инфрақұрылымдық, тиісті құ­қықтық базамен қамтамасыз етілген. Ор­талық Мемлекет басшысының тағы бір бас­тамасы, еліміздің тарихындағы салтанатты кезеңінің бірі болған ЭКСПО-2017 үшін тұрғызылған ультразаманауи ғимараттарда орналасқандығын айтсақ та жеткілікті. АХҚО-да қаржы арбитражы және тәуелсіз соты болады, жұмысы осы саладағы ең жоға­ры халықаралық стандарттарға сай келетін ағыл­шын заң үстемдігіне негізделеді.

Биылғы жылдың 4 шілдесіне жоспар­лан­ған «Астана» ХҚО халықаралық тұсау­ке­сері қарсаңында елордадағы қаржы ор­та­л­ығының болашағы туралы Германия Фе­деративтік Республикасында қалыптасқан көзқарастарды жеткізу қызықты болады деп ойлаймыз. Себебі Германия – Қазақстанда бағалауы мен ұсынымдарына үлкен назармен қарайтын Еуропалық қайта құру және даму банкі, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры сияқты халықаралық қаржы институттарының мүшесі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жария­ланған неміс сарапшыларының ұстамдарына жасалған талдаулар олардың Астанадағы жаңалықтарды мұқият қадағалап, Қазақстан қаржы жобасын іске асыруға қатысты берген түсініктемелеріне, AХҚО идеясына қызы­ғушылық танытқандығын көрсетеді.

Осылайша экономикалық сарапшы Б.Трибе Қазақстанда биржа бар екенін, нақты айтқанда, Алматы қаласы солтүстіктегі ең ірі қалада екенін атап өтті. Сарапшының пікірінше, «Қазақстан екі сауда алаңы барын ескеруге тиіс, инвесторлар мен капиталды елге тарту мақсатында қаржы нарығын дамыту бойынша және келешекте олардың арасындағы мүмкін бәсекелестікті назарға ала отырып тиісті шаралар қолдану қажет екенін» АХҚО-ның басшылығы ескеруі қажет. Қазақстандық корпорациялар мен халықаралық инвесторлар әдеттегідей қор биржаларын қолдайды. Сонымен қатар ескі сауда инфрақұрылымына байланыс-
ты Алматыға инвесторларды тарту қиын. Сарапшының пікірінше, «Дубай қаржы нары­ғына сәйкес құрылған АХҚО, әлдеқайда дамы­ған және халықаралық табысқа үлкен мүмкіндіктерге ие». Б.Трибе АХҚО ұй­ым­дас­тырушылардың құштарлығын қол­дай­тынын атап өтті, олардың ойынша «мәселе Астана мен Алматыда емес, Қазақ­стан мен Лондонда».

Сонымен қатар сарапшының айтуынша, бұл орталықтың табыстылығының бас-
ты факторы «жоғары өтімділікпен сауданы жаңартуға» бағытталған іс-шараларды жандандыру болады. Осыған орай АХҚО қызметін ескере отырып, Қазақстанның жекешелендіру үдерістерін жүргізу ниеті қолдау табуда.

Неміс экономисі елдегі ірі корпорациялар «мұнай мен газ алыптары, ең ірі авиакомпания, уран өндірушісі немесе энергияны жеткізуші» бола тұра мемлекеттің иелігінде екенін айтады. «Бұдан беделділерін одан әрі сату күтілуде. Бұл реформалардың күн тәртібіндегі маңызды кезең болады» деп атап өтті сарапшы. Оларды IPO-да жеке­ше­лен­дір­у бағдарламасының ашық тетігі ретінде пайдалану ұсынылады.

Б.Трибенің айтуынша, беделді қаржы орталығы үшін Қазақстанға «қаржы тиімді жұмыс істейтін отандық индустрия» қажет. Банк секторы әлемдік қаржы дағдарысының, теңгемен түзетулердің және экономикалық құлдыраудың салдарынан туындаған сенімсіз несиелер мен төмен кірістерді азайту мақсатында жұмыс істеуге тиіс».

Неміс қаржы сарапшысы У.Вакурканың айтуынша, Германия банктері мен басқа қаржы институттары «жалпы АХҚО-мен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдіруде». Алайда шындығына келсек, олар Астанадағы орталықтың жұмысына тек өздерін мүмкін болатын инвесторлар арасында көрсеткен соң ғана, яғни «АХҚО тиімді сауда алаңы ретінде толықтай қалыптасқаннан кейін» атсалыса алады. Ол үшін нақты айтқанда, жүйелі түрде сауда өткізу керек, ликвидтік нарықтарды әртүрлі эмитенттердің құнды қағаздарын тиісті көлемде қалыптасу қажет.

2017 жылы 6 қарашада Майндағы- Франкфурт қаласында еуропалық Қаржы аптасы шеңберінде өткен АХҚО-ның тұсаукесері ГФР-дің іскер топтарының назарын аударған, әйгілі оқиғаның бірі болды. Тұсаукесерге Германияның «Deutsche Börse AG», «Deutsche Bank AG», «Commerzbank AG», «Rothschild» сияқты ірі банктері мен қаржы мекемелері қатысты. 

Ұсынылған жобаның келешегін неміс тарапы жоғары бағалады, сондай-ақ Қазақстанда құрылған қаржы хабымен одан да тығыз байланыстар орнатуға қы­зы­ғушылық білдірді. Орталық Азия жә­не Оңтүстік Еуропа елдері бойынша «Deutsche Bank AG» бұрынғы аймақтық ди­рек­торы П.Тильстің пікірінше, заманауи тә­сіл­дің және ақпараттық экономиканың арқа­сында астаналық Орталық «Орталық Азияның қаржы нарығында көшбасшы болуға барлық мүмкіндіктері бар», ал келешекте «Франкфурт қаржы орталығымен ынтымақтастық етеді» және банк секторында жаңа қызметтер мен өнімдердің пайда болуына әкеледі.

Rothschild банктің бақылау кеңесінің төр­ағасы К.Мангольдтің айтуынша, АХҚО «Қазақстанның одан әрі дамуы үшін үлкен рөл атқарады», өйткені елдің дамуы үшін тек қана жақсы платформа құрумен қатар, барлық Орталық азиялық бизнес қауым­дастық үшін Қазақстан үшін жаңа перспективаларды ашатын маңызды қаржы құралы болып табылады.

Неміс тарапының АХҚО-ға танытқан оң мүдделерінің дәлелі – Орталық пен Frankfurt Economic Development компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаны.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Германияның қаржылық секторындағы байланыстарды дамыту бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Осы орайда тиісті тараптардың назарын ынтымақтастықты нақтылауға аударған жөн. Атап айтқанда, Deutsche Bank-тің банк секторындағы дүниежүзілік жетекші ретіндегі рөлі баршаға мәлім, сондықтан оны АХҚО қызметіне тарту қазақстандық қаржы орталығы тиімділігінің өсуіне себеп болады. Өзара тиімді ынтымақтастықты құру үшін  банк басшылығымен тікелей бай­ланыс орнату керек және Deutsche Bank өкілдерін Орталық ұйымдастыратын маз­мұн­ды конференцияларға тұрақты түрде ша­қырып тұрған жөн.

Германия Федеративтік Респуб­ли­ка­сын­дағы мықты дамыған қаржылық техно­логиялар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты да жақсы перспективалар бар. Біздің пайымдауымызша, АХҚО үшін осы саладағы компаниялар, мысалы Raisin GmbH, N26 GmbH, Solarisbank AG, Aevi, Finleap, Axel Springer Plug and Play Accelerator сияқты компаниялар қызығушылық танытуда. Олармен ынты­мақтастықты Қазақстанда қаржылық тех­нологияларды дамытудың үш негізгі мін­деттерін іске асыру шеңберінде құруға мүм­кіндік бар. Олар: криптовалюта нарығын реттеу, қаржы-технологиялық салада жаңа технологияларды дамыту, тестілеу және қолдау үшін реттеуші тетік жасау, сондай-ақ Қазақстанда қаржылық-технологиялық стартаптарды жағдаймен және қолайлы ортамен қамтамасыз ету.

X Астана экономикалық форумының пленарлық отырысы барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік ортақ криптовалютаны енгізуді ұсынды. Президент атап көрсеткендей, «әлемдік қаржы құрылымын трансформациялау қажет,  уақыт жетті, халықаралық есеп айырысу-төлеу бірлігін енгізетін уақыт келді». «Бұл әлемді қаржылық соғыстардан, валютамен алыпсатарлық жасаудан босатады, сауда қарым-қатынастарында қателіктерді болдырмайды және нарықтарда құбылмалылықты азайтады» деп Мемлекет басшысы атап өтті. Елбасының пікірінше, «дүниежүзілік валютаны, мысалы, БҰҰ-ның арнайы құрылған комитетінің жанында орталық банктердің пулын құру арқылы енгізуге мүмкіндік бар». 

Биылғы жылдың наурызында Герма­ния­ның Федералдық қаржы минис­тр­лігі биткоин-
ды ресми төлем құралы ретінде растайтын қаулы шығарды. Осылайша криптовалютаға алынған тауар Германияда АҚШ-та болатындай капиталдың шығысына арналған салықтан босатылады. Алайда тауарды сатып алатын немесе қызметті биткоинмен төлейтін тұлға қосылған құн салығын төлейтін болады.

АХҚО қызметіне бизнес топтардың таңдаулы «CCA Europe LTD» және «CCA International» сынды компаниялардың қызы­ғу­шылық танытқанын көрнекі мысал деп қабылдаған ләзім. Қазіргі таңда олар АХҚО негізінде әлем бойынша қолданыстағы 250-клуб, атап айтқанда «Berlin Capital Club» секілді «Астана халықаралық клубын» ашу жөнінде келіссөздер жүргізуде.

Осылайша «Астана» халықаралық қаржы орталығына деген Германияның іскерлік топтарының қызығушылығын атай отырып, екі  мемлекеттің қаржы секторындағы стратегиялық ынтымақтастық қарқын алады деуге болады. Бұл АХҚО-ны әлемдік қаржы институттарының қатарына қосу және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін ілгерілету жөніндегі  Мемлекет басшысының тапсырмасын одан әрі іске асыруға оң ықпалын тигізеді. Сонымен қатар АХҚО-ның табысты дамуы мемлекеттің әрі қарай ілгерілеуіне, Президентіміздің бағдарламалық құжаттар мен Қазақстанның даму стратегиясын іске асыруға қуатты импульс беріп, ең басты міндетке – Қазақстан Республикасының жүзжылдық ортасына дейін әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуына қызмет етеді.

Болат НҮСІПОВ,

Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі