Футбол • 05 Шілде, 2018

Жартылай қорғаушы үшін – 19 миллион

636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лондонның «Арсенал» командасы «Боруссия» Дортмунд клубының орталық жартылай қорғаушысы Сократис Папастатопулосты өз құрамына қосып алды.

Жартылай қорғаушы үшін – 19 миллион

 «Зеңбірекшілер» 30 жастағы футболшының трансфері үшін 19 миллион еуро қаржы жұмсаған. Сократис Грекияның АЕК клубының тәрбиеленушісі саналады. Ол футболшы карьерасында «Ники Волос», «Женоа», «Милан» және «Вердер» клубтарында доп тепкен.

Сонымен қатар Папастатопулос «Боруссия» клубында 198 рет жасыл алаңға шығып, 10 гол және екі нәтижелі пас асырған. Сондай-ақ ол Грекия құрамасының сапында 79 рет доп тепкен.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»