Аймақтар • 04 Шілде, 2018

Қостанай облысында бірнеше аудандар мен Арқалық қаласында әкімдер ауысты

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудандық және қалалық мәслихаттар депутаттарымен келісе отырып, жаңа әкімдер тағайындады. Сарыкөл ауданына Амантай Балғарин тағайындалды, ол  осыған дейін Арқалық қаласын басқарған болатын.

Қостанай облысында бірнеше аудандар мен Арқалық қаласында әкімдер ауысты

Ал Арқалық қаласына Сарыкөл ауданының әкімі болған Елдар Күзенбаев барды. Қарабалық ауданына    осыған дейін Амангелді ауданын басқарған  Нұржан Өтегенов жіберілді.  Амангелді ауданына Әмірхан Асанов таныстырылды.  Ол Қостанай облысы Тексеру комиссиясының  төрағасы  қызметін атқарған болатын.

Науырзым ауданын енді  Талғат Кәрбозов  басқаратын болады. Ол Аманкелді ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Сондай-ақ, обылс басшысы Қарабалық ауданы мәслихатының депутаттарымен келісе отырып,  аудан әкімі етіп Нұржан Өтегеновты тағайындады.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай