Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

Елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу салтанаты болып өтті. Айтулы шараға елуден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында Әбу-Дабидің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид әл Наһаян және Татарстан президенті Рустам Минниханов бар.

Егемен Қазақстан
06.07.2018 3576
2

Алдымен Қазақстан Президенті отан­дық және шетелдік компаниялардың цифрлы технологиялар көрмесін аралап көріп, цифрлы-қаржылық технологиялар саласындағы инновациялық әзірлемелермен танысты.

Іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Нұр­сұл­­­тан Назарбаев барша жұртты «Астана» қаржы ор­та­­лы­­­ғының ресми түрде ашылуымен құт­тықтады. 

– Біз Астана үшін осынау ауқымды әрі маңызды шараға көңіліміз ерекше толқып, зор қуанышпен келіп отырмыз. Қазақстан – ғасырлар тоғысында кең да­лада әсем астана тұрғызған әлемдегі жал­ғыз мемлекет. «Астана» халықаралық қаржы орталығы – тәуелсіз Қазақстан тари­хының жаңа кезеңінің бастауы, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қазақ елінің кемел келешегін қалыптастыруда экономикалық тұрақтылыққа бағытталған шаралардың жүйелі түрде атқарылып отырғанын, өз кезегінде «Астана» қаржы орталығының ашылуы жаһандық деңгейдегі ірі бизнес орталықтардың ел экономикасының дамуына жоғарғы деңгейде баға беруіне, сенім білдіруіне негіз болғанын айтты.

– «Астана» халықаралық қаржы орта­лығы − Тәуелсіз Қазақстанның жаңа парағы. Оның ашылуы маңызды қа­дам, біздің экономиканың бекем түрде да­муының жалғасы болмақ. Жаһандық сын-тегеуріндерге жауап ретінде АХҚО-ны құру туралы идеяны ең алғаш 2015 жылы айтқан едім, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы өз сөзінде қазіргі таңда Қазақстанда ауқымды құрылымдық және институционалдық реформалардың сәтті жүзеге асырылып жатқанын, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, дамы­ған 30 елдің қатарына қосылуға бағыт­талғанын мәлімдеді. Сондай-ақ АХҚО құрмас бұрын, әлемдегі озық қаржы орталықтарының тәжірибесі негізге алынғанын да айтты. 

– Қаржы орталығының қазақстандық моделі әлемдік қаржы құрылымдары қызметтерінің ең үздік тәжірибелерін бас­шылыққа алған. Бұл орталық Қазақ­стан Республикасының резидент­тері­мен де, резидент емес субъектілермен де жұ­мыс істейтін болады. «Астана» халық­ара­лық қаржы орталығының қызметіне қаты­сушылар Қазақстан мен оның өңірлерінің ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемнің капиталына қол жеткізе алады, деді Елбасы.

Президент бұған қоса, «Астана» халық­аралық қаржы орталығына халық­аралық қатысушыларды тартуға барлық жағдайлар жасалғанын, орталықтың құқықтық мәртебесі Заң аясында бекі­тіл­генін, оның ресми тілі ағылшын тілі екенін айтты.

– «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметіне қатысушыларға 50 жылға дейін салықтық жеңілдіктер, сондай-ақ жеңілдетілген валюта, виза және еңбек режімдері қарастырылған. АХҚО ағылшын құқығына негізделген бірегей орталыққа айналды. Онда Тәуелсіз Сот пен Халықаралық арбитраж орталығы әділетті болуға және тарап­тардың құқықтарын сақтауға кепілдік береді, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге Елбасы «Астана» ха­­лық­аралық қаржы орталығы бир­жа­сының қызметіне де тоқталып өтті.

– Қазіргі уақытта «Астана» халық­аралық қаржы орталығының биржасында активтерінің жалпы көлемі 34 миллиард доллар болатын 14 жергілікті және халықаралық брокерлер бар. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта арта береді, деді Мемлекет басшысы.

Бұл ретте, биыл орталық аясында исламдық құнды қағаз – «сукукты» шығару жоспарланып отырғаны да белгілі болды.

– «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің маңызды саласы – инновациялық қаржы технологияларын дамыту үшін тиімді орта қалыптастыру. Жаңа қаржы технологиялық өнімдерді сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін «реттеуші sandbox» жұмыс істейтін болады. Капитал нарықтарын дамыту және жеке тұлғалардың қаржысын басқару да «Астана» халықаралық қаржы орталығының басымдығы болып саналады, деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы, сонымен қатар «Астана» халықаралық қаржы орта­лығының тұсаукесер рәсімін Астана мерейтойы қарсаңында өткізудің сим­волдық мәні бар екенін атап өтті.

– Астана Еуразиялық кеңістіктің мойындалған орталығына айналды және қазіргі заманның ең өзекті деген мәселелері жөнінде халықаралық түсіністікті қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мұнда бизнес қарқынды дамып келеді, шамамен 100 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істейді. Сонымен бірге елордада технологиялық және мейлінше жайлы тіршілік ортасын қалыптастыруға бағытталған «Ақылды қала» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жаңадан құрылған Экспат орталығы жұмысының ерекшеліктеріне тоқталған Елбасы, орталықтың визалық көші-қон, салық, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету және әкімшілік полиция қызметтерінің бір орталықтан қолжетімді болуын қам­та­масыз ететінін тілге тиек етті. Онда әлем­нің жетекші қаржы институттарының өкіл­діктері ашылғанын, мүмкіндіктер мен ре­сурстардың барлығы «Астана» халық­ара­лық қаржы орталығының тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасайтынын жеткізді.

Мемлекет басшысы шетелдік инвесторлар мен отандық кәсіпкерлерді халықаралық қаржы орталығының қызметін пайдалануға шақырды. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен кейін жиынды жүргізуші модератор Дэниел Ергин Президент пен Қазақстан халқын Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтайтындығын айтты. Сонан кейін Халықаралық валюта қорының директоры Кристин Лагард ханымның Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) ашылуына байланысты жолдаған құттықтау хатын оқып берді. Кристин Лагард хатында жаңа халықаралық қаржы орталығының Қазақстан мен ол орналасқан өңір үшін капитал нарықтарын дамыту мен тереңдету және инвестициялар тарту үшін тамаша алаң болып табылатындығын атап көрсетіпті. Нарық үшін ашық, сенімді және қолайлы нормативтік база, заманауи инфрақұрылым және қуатты адам капитал бұл орталыққа өңірлік хабқа айналу мүмкіндігін беретіндігін жеткізген.

Астана халықаралық қаржы ор­та­лығын құру идеясын алғашқылар қатарында қолдап қана қоймай, сонымен қатар оған барынша консультативтік және техникалық көмек көрсеткен даму институттарының бірі – Еуропалық қайта құру және даму банкі. Осы банктің басшысы, АХҚО-ны басқару кеңесінің мүшесі Сума Чакрабартиден де құттықтау бейне-жолдауы келіп түскен. Онда ЕҚДБ басшысы Астана халықаралық қаржы орталығын өңір бойынша өте өршіл жоба ретінде бағалапты. Бұл жобаның іске асуы корпоративтік басқаруды енгізуге, қаржы қызметінің жаңа стандарттарын меңгеруге, бірінші сыныпты компания­ларды жекешелендіруге жақсы жол ашатындығын мәлімдеген. ЕҚДБ-ның осы бағытта Қазақстан Үкіметіне қолдау білдіріп келе жатқандығына тоқталып, соңғы жылдардағы оның жетістіктеріне оң баға берген.

АХҚО-ның алдына қойған бір мақсаты – исламдық қаржыландырудың өңірлік хабы болу екендігі белгілі. Осыған орай оның жанынан исламдық қаржыландыру бойынша Халықаралық сарапшылар кеңесі құрылып отыр. Жиында сөз алған Ислам даму банкі топтарының президенті доктор Бандар Хаджар Астана қаржы орталығының ашылуымен ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтау өзіне зор мәртебе екендігін айтты. Ол жаңа халықаралық қаржы орталығының пайда болуын тек Қазақстан емес, әлемдік қаржы жүйесі үшін де үлкен жетістік ретінде бағалады. Сонымен қатар бұл қаржы орталығының Астананың 20 жылдығымен тұспа-тұс келуінің үлкен символдық мәні барлығын жеткізді. Оның айтуынша жаңа елорда пайда болғаннан бері қаланың ішкі жалпы өнімінің көлемі 190 есе көбейген. Адамдар жыл сайын қалаға ағылып көшіп келіп жатқандығына қарамастан, ондағы жұмыссыздық деңгейі 3 есе қысқарған. Бұл – зор жетістік. Мейман осылай дей келе, жаңа орталықта құрылатын исламдық құрылымдарды қолдауға өздерінің барлық күш-жігер­лерін жұмсайтындықтарын, осының нәти­жесінде және Қазақстанның даму екпінімен АХҚО-ның исламдық қаржы­ландырудың өңірлік хабы ретінде тездетіп қалыптасуына жақсы мүмкіндіктер қалыптасатындығын мәлімдеді. 

Әрине АХҚО секілді ірі қаржы жобасын іске қосудың оңай болмағаны түсінікті. Салтанатты жиынды жүргізген Дэниел Ергиннің пікірінше, идеядан бас­тап бұл өңірде бұрын-соңды болмаған халықаралық қаржы орталығын өмірге әкелуге дейінгі жүріп өткен жол шетелдік әріптестер тарапынан сенім мен құрметке әбден лайық. Ал бұл идея қалай басталып, қалай іске асу биігіне көтерілген еді. Осыған орай салтанатты тұсаукесер жиынына қатысушыларға «Идеядан іске асуға дейін» атты бейнебаян көрсетілді.

Осыдан кейін сөз алған JPMorgan Chase International компаниясының басқарма төрағасы Джейкоб Френкель Астананы әлем бойынша ең жедел дамушы қалалардың бірі деп атады. Әрине Астананы көшіру кезінде түрлі кедергілердің болғаны анық. Енді Астана халықаралық қаржы орталығын өркендету ісінде де түрлі проблемалардың кездесетіндігін де жоққа шығаруға болмас. Өйткені үлкен идеялардың қай-қайсысы оңайлықпен жүзеге аспаған. Бірақ қазір бір мәселе айқын: әлем картасында жаңа астана пайда болған осыдан жиырма жыл уақыт бұрын әлемді нақты капитал басқарып келсе, қазір бұл жағдай өзгеріп, енді әлем идеялардың басқаруына қарай ойысты. Сондықтан ең жедел дамушы қалалардың бірінде халықаралық қаржы орталығының пайда болуының да өз заңдылығы бар секілді. Осылай деп ой толғаған атақты Морган банкінің басшысы жаңа орталықтың табысты жұмыс істеп кетуі үшін ең бірінші оған деген сенімділік пен ашық жұмыс тәртібінің қажет болатындығын, үшіншіден оның қызметін даналықпен реттеп отырудың мол табыстарға бастайтындығын атап көрсетті. Осы ретте үлкен істерді жүзеге асырып жатқан ұлы Қазақстан еліне сәттілік тіледі.

Boston Consulting Group басқарма төрағасы Ханс-Пол Бюркнер жаңа құрылып отырған халықаралық қаржы орталығына ағылшындық құқық қағидатының енгізілуі оны табысқа бас­тайтын, инвесторлар сенімділігін оятатын батыл шешім екендігін атап өтті. Оған АҚШ-тың NASDAQ, Кытайдың Шанхай қаржы орталықтарының қолдау көрсетуі дамудың өзіндік бір кепіліне айналмақ. Демек бұл жаңа қаржы орталығы Қазақстан дамуына қосымша серпін береді деген пікірін білдірді.

Сөз кезегін алған «Астана» халық­аралық қаржы орталығының басқа­ру­шысы Қайрат Келімбетов «Астана» қаржы орталығының құрылып, сенімді дамуына Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» жобасының қосымша серпін беруі тиіс деген үмітін жеткізді. 

Қайрат Келімбетовтің айтуынша, Елбасы Астанадан жаңа халықаралық қаржы орталығын ашу ниеті бар­лығын Нью-Йорк пен Лондонда ірі бизнесмендермен кездесуінде мәлімдеген кезінде бұл істің жуық маңда жүзеге аса қоюына сенімсіздік те білдірілген еді. Бірақ Қазақстан Президенті өз сөзінде тұрды. Көп күш-жігермен ақыры міне оны ашатын кез де жетті.

Өткен жылы ғана Астанада ЭКСПО халықаралық көрмесі табыспен өткен болатын. Көрме өткен алаңда енді міне халықаралық қаржы орталығы орналасып отыр. Осының өзі табысқа қол жеткізудің үздіксіздігі мен жаңа идеялармен жалғасушылығын білдірсек керек. ЭКСПО-ның Қазақстанда өтуіне жәрдем көрсеткен Елбасының досы, Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес Астанада өткен ЭКСПО-ның шын да адал ниет жетегінде тың жерден өріс алып, толымды табысқа жеткендігін, енді оның жалғасындай «Астана» қаржы орталығының құрылып, өз ісін бастағалы отырғандығын атап көрсеткен. Ол Астананы инвестициялық рухтың кернеп тұрғандығын айтқан. Демек кезінде халықаралық көрмені өтізетін орын ретінде Астананың таңдалуының өзі бекер емес. Солай дей келе жаңа қаржы орталығының табысқа жететіндігіне сенім білдірген.

«Жібек жолы» қорының президенті Ван Янчжи құттықтау сөзінде Қытай лидері Си Цзиньпиннің «Бір белдеу-бір жол» жобасын халықаралық қауымдастық алдында ең алғаш осы Астанаға келген сапары кезінде мәлімдегендігін еске алды. Өздерінің Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға барынша қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Модератор сөз кезегін АХҚО биржасы басқармасының төрағасы Тим Беннетке берді. Ол өздерінің негізгі міндеті инвесторларды биржаға тарту, экожүйені құру, биржаның тартымдылығын қамтамасыз ету екендігін атап өтті. 

Сондай-ақ АҚШ-тағы NASDAQ Төра­­ғасының орынбасары Мейер Сэнди Фру­чера мен Шанхай қор биржасы Бақы­­лаушылар кеңесінің төрағасы Пан Сюе­сянь де Қазақстан басшы­лығы мен халқын «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуымен құттықтап, оның жұмысына сәт сапар тіледі.
Салтанатты шара соңында Елбасы Нұр­­сұлтан Назарбаев «Астана» халық­ара­­лық қаржы орталығының ресми қыз­ме­тін арнайы гонг соғу арқылы іске қосты.

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының барлық әріптестеріне белсенді қолдауы мен орталықты құру ісіне атсалысқаны үшін зор ризашылығын білдірді.

– Ұзақ уақыт күткен сәттің тууымен құттықтаймын, осыдан бастап біздің Халықаралық қаржы орталығымыз қызметіне кірісті. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт. Біздің халқымыз болашақ гүлдену жолында үлкен қадам жасады деп ойлаймын. «Астана» халықаралық қаржы орталығы да осы мақсатқа қызмет ететіндігіне үміт артамыз. Ол өңірдегі негізгі қаржы хабына айналып, келешекте Азияның жетекші қаржы орталықтарының қатарына қосылуы керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, 
Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған TEDx форматында жиын өтті

12.12.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

12.12.2018

Астанада Гейдар Алиевті еске алды

12.12.2018

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

12.12.2018

«Жер жәннаты – Ақмола» деп аталатын жинақ жарыққа шықты

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Желтоқсан құрбанын еске алу турнирі өтті

12.12.2018

Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері талқыланды

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда цифрлы сүт фермасы іске қосылды

12.12.2018

Қазақ киносының Бауыржанын еске алды

12.12.2018

«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

12.12.2018

Павлодар облысында тұрғындар ауыз суды Ертіс өзенінен алуға мәжбүр

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда қарымды қаламгер Мәлік Мұқановтың  мерейтойы атап өтілді

12.12.2018

Маңғыстау полицейлерінің жалақылары өседі

12.12.2018

Отандық автоөндіріс саласының инвесторлары Қостанайда болды

12.12.2018

Конькиден Алматы қаласының біріншілігі аяқталды

12.12.2018

Қыздар университетінде тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жиын өтті

12.12.2018

Қазақ спорт және туризм академиясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

12.12.2018

Қарағанды облысында 2019 жылдың бюджеті бекітілді

12.12.2018

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

12.12.2018

Шытырман оқиға жазудың жүйріктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу