Қазақстан • 06 Шілде, 2018

Шығыс пен Батыстың озық дәстүрлерін бойына сіңірген қала

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шығыс пен Батыстың озық дәстүрлерін бойына сіңірген қала

Қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазақстан Рес­пуб­ликасы астанасының 20 жылдығы мен Сіздің туған күніңізге бай­ла­ныс­ты жүрекжарды және ыс­тық құттықтауымды қабыл алыңыз!
Сіздің есіміңіз тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығы тойланып жатқан Астана қаласының авторы-архитекторы ретінде тарих беттеріне алтын әріп­термен жазылды. Ас­тана Қазақстанның ұлттық құн­ды­лығына, ал оның да­муы тұтас ел дамуының үлгісіне, тәуелсіздігінің сим­во­лы­на және Сіздің бас­тама­ларыңыздың табыс­ты жүзе­ге асырылуының көрі­нісі­не айналғанын батыл айту­ға болады. Бүгінде Ас­тана – Шығыстың озық дәс­түрле­рі мен Батыстың серпінді үдеріс­терін бойына сіңірген қала.

Сіздің жоғары мемлекеттік лауазымдағы ұзақ жылғы қызметіңіз, өмірлік және кәсіби тәжірибеңіз өз хал­қыңыз бен елдің дамуына бай­ланыс­ты қабылданған салмақты, са­лиқалы ше­шімдерге негіз болды. Сіз Қа­зақ­стан мен Ре­сейдің достық қарым-қаты­настарының да­муына және ТМД мемле­ке­т­терімен арадағы байланысты нығайтуға зор үлес қостыңыз. 

Сіз экономика және гума­ни­тарлық салада қарым-қаты­нас­тарды тереңдете түсу мақ­сатында Еуразиялық эконо­ми­калық одақтың құрылуы мен қалыптасуының бастауында тұрдыңыз. 

Мен Өзіңізбен арамыз­да­ғы ұзақ жылдардан бері қа­лыптасқан терең байланыстарды жоға­ры бағалаймын. Біздің бір­лес­кен жұмыстарымыздың ұмы­тылмас жылдарын асқан жы­лы­лықпен еске алып отырамын. 

Сізге, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бақыт, зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қыз­мет­те табыс тілеймін және Қа­­зақ­станның әрі қарайғы өр­кендеуіне тілектестік біл­ді­ремін. 

Николай РЫЖКОВ, 
Ресей Федералдық 
жиналысы Федерация кеңесінің мүшесі, КСРО Министрлер Кеңесінің 1985-1991 жылдардағы төрағасы