Қазақстан • 06 Шілде, 2018

ТМД Атқару комитетінің төрағасы: Достастықты қалыптастырудағы ерен еңбек

392 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ТМД Атқару комитетінің төрағасы: Достастықты қалыптастырудағы ерен еңбек

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің туған күніңізге және Қазақстанның астанасының 20 жылдық мерейтойына орай менің шын жүректен құт­тық­тауымды қа­был алыңыз. 
Тәуелсіз Қазақстанға күр­делі және бетбұрысты жылдары бас­шылық жасай отырып, Сіз елді даналықпен сенімді түрде демократия мен прогресс жолында басқарып келесіз. Осы жылдар бойы Сіз Қазақстан халқының мо­йындалған көшбасшысы ғана емес, жаһандық сын-қатерлердің шешімін дәл табатын, әлемдік саясат аренасындағы сөзі мен ісі қабысқан жарқын тұлғаға ай­налдыңыз. 

Тәуелсіз мемлекеттер дос­тас­­тығы кеңістігінде Сіз­дің көп­­жақты мемлекетаралық ын­ты­мақтастықты дамытуға қос­қан жеке үлесіңізді өте жоғары ба­ғалайды. Достастықтың қа­лыптасу кезең­дері мен қазіргі форматтағы қыз­меті Сіздің есі­міңізбен тікелей байланыс­ты. Өйт­кені Сіз енгізген бас­та­ма­шы­лықтар ТМД-ның одан әрі­ дамуы тұжы­рымдамасының, оның атқарушы органдарын оң­тайландыру мен заманауи жағдайға бейімдеу негізіне алынды.
ТМД кеңістігіндегі ин­те­грациялық ын­ты­­­­­­мақ­­­тастыққа сіз­дің дәс­т­үрлі қолдауыңыз Қазақ­стан Республикасының жүйелі дамуына, дос­тастық мемлекеттерінің көп қырлы іс-қимылын және көршілік қатынасын дамытуға одан әрі ықпал ете беретіндігіне сенімдімін. 

Сіз еуразиялық континент ор­­та­лығында керемет қаланы қа­­­лыптастыра отырып, Астана бей­несіне терең саяси және руха­ни мән енгіздіңіз. Бүгінде Астана – заманауи қайталанбас ар­­­хи­тектуралық өр­негі бар, Еуропа мен Азия мәдениеті ас­тасқан кере­мет астаналардың бірі. Ол – ұлт­тық идея мен мем­лекеттіліктің ұштасуының симво­лы. Жал­пы, Ас­тананың салынуы, дамуы пост­кеңестік ел­дер­ ара­сындағы ең үл­­кен мега­­жо­баға айналды. Қала ірі халық­ара­­лық ауқымды форум­дар, же­­тек­­ші ел­дердің мемлекет бас­шы­лары­ның кез­десулері, діни-кон­фес­сияаралық кон­ференциялар, әлеу­мет­тік-мәдени, спорттық және гу­манитарлық шаралар жиі өтетін еңселі ордаға айналды. 

Әлем астаналарының ортасы­нан лайықты орнын алып үлгер­ген, алға ұмтылған жас Ас­тана одан әрі сұлуланып, айбындана түс­сін! 

Сізге, қадірлі Нұрсұлтан Әбіш­ұлы, деніңізге саулық, ал көп қыр­­­лы мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін.
 
Сергей ЛЕБЕДЕВ,
ТМД Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшы