Қазақстан • 06 Шілде, 2018

Михаил Швыдкой: Көреген Көшбасшы

325 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Михаил Швыдкой: Көреген Көшбасшы

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің туған күніңіздің Астана қала­сының 20 жылдық мерей­тойымен тұспа-тұс келуі кез­дейсоқ оқиға емес. Сіз жаңа Қазақ­станның басты архитекторына, ежелгі мекенде болашаққа қа­рыштап қадам басқан жаңа қала салған тұлғаға айналдыңыз. 

Отаныңызда өмір сүре­тін көпэтносты Қазақстан халқы­ның ар­ман-тілегін тереңінен түсі­не­тініңіз анық. Осы бір түсіністік Сіздің тарихи бастамаларыңызды жүзеге асыруға көмектесті. 1980-ші жылдардың ортасында Қазақ КСР-і Үкіметінің Төрағасы ре­тінде отандастарыңыздың сеніміне ие болып, беделіңіздің арқасында республикадағы азаматтық бей­бітшілікті сақтап қалдыңыз. Мұны жоғары бағалаған жерлестеріңіз әуелі Сізді Қазақ КСР-нің, кейін­нен Тәуелсіз Қазақстанның Пре­зиденті етіп сайлады. 

XX ғасырдың 90-шы жылдары жаңа мемлекеттің қалыптасу кезеңінде Сізбен танысудың сәті түскен болатын. Сіздің беделіңіз ортақ пікір ұстанатындарды жинап, Қазақстанның экономикасы мен әлеу­меттік өмірінде тү­бегейлі өз­геріс­тер­ жа­сауға сеп болды. Сізге халық сен­ді жә­не сене береді. Сіз­дің стра­тегиялық мақ­сат­тарды күнде­лікті өмір­­дің қажеттілік­терімен қатар қоя­тын көрегендігіңізді жоғары баға­лайды. Сіз халықты өзіңізге сендіре аласыз және соңыңыздан ертетін қабілетке иесіз. Осы бір нағыз көшбасшыға тән қасиетіңіз қазіргі Қазақстанды қалыптастырып, заманауи қала құрылысының жақұтына айналған, әлемнің ең әдемі қалаларының бірі – Астана шаһарын салуға жағдай жасады. 

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік универ­сите­тінде жасаған атақты баян­да­ма­ңызда мемлекет­тер мен ха­лық­тардың Еуразия­лық эко­номикалық одағын құру туралы бастама көтергеніңіз әлі есі­мізде. Бүгінде дамудың осы ма­ңызды тұжырымдамасы шын­дыққа айналып, елдеріміздің ке­лешегін анықтап келеді. Осы қоғамдастықтың негізі ретінде Қазақстан мен Ресейдің одағы сая­си және экономикалық бай­ланыстармен ғана емес, дос­тықпен, рухани және туыстық қарым-қатынаспен бе­­кі­­ген. Ресей Феде­ра­циясының прези­денті Владимир Путин­мен қарым-қатынасыңыз осыған дәлел.

Астана қаласының мерейтойы мен Сіздің туған күніңізді Қа­зақстанда ғана емес, Сізді және Қазақстан мен халықтарымыздың игілігі үшін атқарған қызметіңізді жоғары бағалайтын Ресейде де атап өтеді. 

Сізге және барша Қазақстан хал­қына гүлдену, амандық, бақытты өмір тілеймін!

Михаил ШВЫДКОЙ,
Ресей Федерациясы президентінің халықаралық мәдени қатынастар бойынша арнайы өкілі

Соңғы жаңалықтар