Қазақстан • 06 Шілде, 2018

Элиот Энгел: Әлемге үлгі болар шаһар

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқын Астана қа­ласының 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Қысқа уақыт аралығында Қазақстан астанасында Ядролық қарусыз әлем жөніндегі халықаралық форумдарды қоса алғанда бір­қатар жоғары деңгейдегі сая­си және дип­ломатиялық іс-шаралар өткі­зілді. 

Элиот Энгел: Әлемге үлгі болар шаһар

Былтыр Астанада болашақ энер­­­гиясы тақырыбындағы ЭКСПО-2017 халықаралық ма­ман­­дандырылған көрмесі табыс­ты өтті. Қазақстан АҚШ-тың энер­гетика саласындағы маңызды эко­номикалық серік­тесі. Сондай-ақ Париж келісіміне қосылу, таза энергия және климаттық өзге­рістің алдын алуға ар­налған басқа да халық­аралық күштерге қолдау біл­діреді. 

20 жылдық тарихы бар Астана Ор­талық Азия­­дағы заманауи қала­лар­дың бі­ріне айналды. Шаһар – Шығыс пен Батыстың ара­сындағы байланыстырушы көпір.

Вашингтон мен Астана ара­сындағы ұзақмерзімді серік­тес­тікті дамытуды қалаймын. Атал­ған серіктестік экономика және қауіп­сіздік салаларындағы нәтижелі ынтымақтастықты, сон­­­­дай-ақ егеменді, тұ­рақ­­ты жә­не саяси еркін Қазақстанның дамуын нығайту жолындағы іс-әрекет­терді қамтиды. Аталған жетістіктерді ескерсек, Астана ор­тақ мақсаттарға қол жеткізуде бас­қа елдер мен серіктестер үшін үлгі болады. 

Элиот ЭНГЕЛ, 
Нью-Йорк штатындағы АҚШ-тың Өкілдер палатасының мүшесі