Ұлағат ұясы

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қазіргі қоғамның пас­сионарлық тізгінін ұстаған қайраткер Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси-тарихи өмір-тарихына қатысты дәлел-дәйектермен танысу мақсатында, 1997-2004 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы, қазіргі Тұңғыш Президент музейіне ат басын бұр­дық. 

Егемен Қазақстан
06.07.2018 3602
2

Бұл мекеме 2004 жылы Елбасы резиденциясы сол жағалаудағы Ақордаға қоныс аударған сәттен бастап, жаңа заман, яғни тәуелсіздік тарихының ұла­ғат­ты ұясы ретінде жұмыс істей бастаған. Жалпы ау­мағы – 12 мың шаршы метр. Мұнда жүз­деген мың құжат пен құнды жәдігер шо­ғыр­ланған. Бұлар атаулы 15 залға бө­лініп орналастырылған екен.

Қазір мекеменің құрылымдық және әкім­шілік басқару жүйесі өзгеріпті. Яғни 2016 жылы елімізде мемлекет тари­хын жүйелі зерттеу мақсатында көп­функционалды ғылыми-талдамалық жә­не гуманитарлық-ағартушылық «Назарбаев орталығы» құрылғандықтан атал­мыш музей осы мекеменің құрамына енгі­зіліпті. 

Кейбір құнды жәдігерлер жаңа орта­лық­қа, сонымен қатар, сол жаға­лаудағы Елбасы мұрағатына бөлінгенімен экспозиция залдары сол қалпында сақталған. Бұл реткі сапарымызда Елбасына және елорда тарихына қатысты соңғы жылдары табылған тың деректермен танысып, онымен өз оқырмандарымызды хабардар етуді мақсат тұттық.

Сонымен алғашқы бас сұққанымыз – «Атамекен» залы. Мұнда Президенттің бала­лық шағы, жігіттік дәурені жайлы деректер сақталған. Атап айтқанда, Елбасының атасы Назарбай бидің 1911 жылы қаза болғаны жайлы Верный уезі басшысының орысша жазған хаттамасы, Әлжан анамыздың қолының табы сіңген тігін мәшинесі мен Әбіш атамыз қолданған ұстара-бәкіні көзіміз шалды. Және Нұрсұлтан Әбішұлының 1954-55 оқу жылдарындағы оқу үлгерімі жазылған табельді көрдік. Кілең бестік. Бізге жолбасшылық жасап жүрген Қазақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы кітап­ха­насы директорының орынбасары Бота­көз Мұттахиденқызы осы залды қызық­тау­шылар өте көп, соны пайдаланып, Елбасының оқуда озат, қоғамдық жұ­мыс­­тарға белсенді қатысқанын және өте қарапайым қазақ отбасында өскенін үл­гі ретінде көрсетіп, үнемі насихаттаймыз дейді. 

Мұндағы тағы бір тарихи құжат Қаскелең аудандық «Коммунизм үшін» газетінің 1958 жылғы 16 наурыз күнг­і саны (2-сурет). Газетке 9 сынып оқушысы Нұрсұлтанның қытайлық Чжоу Бай Сяо деген жігітке жазған «Алыстағы қытайлық досыма» дейтін ха­ты жария­ланыпты. Осы оқиға жайлы сол тұста газет редакторы болған Үсенбай Тастанбековтің естелігінде, бір қытайлық жас БЛКЖО Орталық комитетіне хат жазып, кеңестік замандасымен танысқысы келетіні жайлы өтінген екен. Ол хатты Мәскеу Қазақстанға жібереді. Ақыры хатқа жауап беруге лайық тұлға ретінде жас Нұрсұлтан таңдалыпты. Осыдан 5-6 жыл бұрын қытай елінен келіп, музейді аралаған бір журналист хатты көріп, еліне барған соң жоғарыдағы Чжоу Бай Сяоны іздейді. Бірақ онымен кезіге алмаған. Өйткені, бұл кісі 2014 жылы бақилық болыпты. Бір қызығы, Чжоу Бай Сяо Қытай еліне еңбегі сіңген ардақты ұстаз бопты.

Соңғы жылдары мекеменің ғылыми қызметкері Ләйла Омарова бастаған топ Нұрсұлтан Әбішұлының туған ме­ке­ні мен жас кезінде жұмыс істеген өңірлерді аралап, Нұрекең жайлы деректер жинастырумен шұғылдануда. Осынау ізденіс барысында табылған құжаттар мен фотодеректер шынында құнды әрі көпшілік назарына толық ұсыныла қоймапты. Соның бірі – жас натуралистердің 1957 жылғы суреті. Барлығы 26 адам. Бәрінің омырауында медаль. Тура ортада маңдайы жарқырап Нұрсұлтан Әбішұлы тұр (3-сурет). Зерттеуші Ләйла Әріпқызы берген мәліметке сү­й­ен­сек, осы жылдары қаскелеңдік бір топ натуралист жастар өздері қолмен өсірген көкөністерін 1956 жылы Мәскеуде өткен халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне жібереді. Бұл дүниелер ұйымдастырушыларға ұнап, топ мүшелері медальмен марапатталған. Фото-құжатты сақтаушы Валентина Дун­дыч оны 2011 жылы музейге тап­сыр­ған. Өзі қазір Шамалған ауылында аман-есен тұрып жатыр. 

Жоғарыда Нұрсұлтан Әбішұлы жас шағында қоғамдық жұмысқа белсене араласқаны жайлы айттық. Бұл сөзі­міз­ге дәлел боларлық құжаттар музей төрінен орын алыпты. Соның бірі – жас Нұрсұлтан жолдастарымен бірге тұңғыш ғарышкер Ю.А.Гагаринмен жолыққан сәт бейнеленген фото (1-сурет). Осы оқиға жайлы Елбасының замандасы ақтөбелік Үкітай Байжомартов былай депті: «1962 жылы сәуір айында Мәскеуде БЛКЖО-ның ХІV съезі өтті. Осыған өкіл ретінде теміртаулықтар атынан Нұрсұлтан Әбіш­ұлы барды. Қазақстандық делегация құрамында мен де болдым. Нұрекеңнің дипломатиясы арқасында ғарышкермен бірге фотоға түстік».

Одан кейін назарымызда аударған тағы бір құжат «Комсомольская правда» газетінің 1964 жылғы 16 қаңтар күнгі саны. Мұнда көппен бірге жас жігіт Нұрсұлтанның фотосы жарияланыпты. Орталарында ғарышкер В.Быковский тұр. Осы кісі космосқа аттанғанда өзімен бірге БЛКЖО-ның оншақты төсбелгісін ала барыпты. Ғарыштан оралған соң кеңістікті кезіп келген төсбелгілерді Одақ көлемінде аты танымал жастарға тапсыру мәселесі қозғалып, 15 республика ішінен үміткерлер ізделеді. Осы таңдаудың бірі қазақстандық Нұрсұлтан Назарбаевқа бұйырыпты. 

Сапар соңында біз 1997-2004 жылдары Президент отырған 1-ші және 2-ші кабинетті шолып қарадық. Кеңсенің төріне мемлекеттік рәміздер: Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран және ел Президентінің ерекшелік бел­гі­сін білдіретін штамп тұр. Жұмыс үс­те­лінде қаламсабы, қолымен толтыр­ған күнделіктері жатыр. Ал «Күміс зал­ға» Елбасын марапаттаған шет мем­лекеттердің жоғары дәрежелі орден­де­рі қойылыпты. Бұлардан басқа «Қау­іп­-
сіздік кеңес залы», «Мәжіліс залын» ара­лап көріп, «Қарулар коллекциясын» тамашаладық. Осындағы аса қымбат қа­рулардың бәрі Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­на тарту етілген дүниелер. Музейге ке­лу­шілердің таңданысын тудырып, ерік­сіз назар аударуға мәжбүр ететін орын – «Күмбезді зал». Дәл осы жерде Елбасы Н.Назарбаев 1997 жылдың 10 желтоқсанында «Ақмола қаласын елі­міз­дің астанасы» деп жариялаған. 

Музейде біз айтпаған қаншама тарих тұнып жатыр. Бұндағы жәдігерлер уақыт өткен сайын құндылығын арттырары сөзсіз. Сондықтан да болар мекеме ғимараты республикалық деңгейдегі Қасиетті нысандар тізіміне еніпті. Сондай-ақ мұнда 2010 жылдан бастап «Елбасытану» атты курс-сабақтар өткі­зі­ліп, бұл шара соңғы жылдары барлық облыстарды қамтып отыр екен.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, 
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2019

Орал қатты қалдықты өңдеуге кірісті

18.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралдан» ұтылды

18.02.2019

Семейде математикадан аймақтық олимпиада өтті

18.02.2019

Шымкентте өртеніп жатқан үйден сәбилерді аман алып қалған жас батыр марапатталды

18.02.2019

Семейде татар халқы  «Самавыр янында» бас қосты

18.02.2019

Жетісу кәсіпкерлері көшелерді  жарықтандыруға кіріседі

18.02.2019

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтеді

18.02.2019

Жапония мен Түрікменстан өкілдері кездесті

18.02.2019

Баку қаласында Каспий теңізі мәселелері жөнінде отырыс өтеді

18.02.2019

Алматыда 120 көшеге энергия үнемдейтін жарықдиодты жарықтандыру орнатылады

18.02.2019

Астана-Қарағанды тас жолы қатты бұрқасын салдарынан жабылды

18.02.2019

Алматы облысында 365 күнде 365 кәсіпкерден өтініш қабылданды

18.02.2019

Атақты дизайнер қиын жағдайға тап болған әйелдерге 50 киім үлгісін сыйлайды

18.02.2019

2018 жылы қызылшамен ауырғандар саны өскен

18.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді

18.02.2019

Ақтаулық ата-аналар Оксфордтық курсты оқыды

18.02.2019

Қостанай ювеналдық сотында «Отбасы бөлмесі» ашылды

18.02.2019

Донецк қаласында бірнеше жарылыс болды

18.02.2019

Үндістан үкіметі Эверестің биіктігін қайта өлшемек

18.02.2019

Қазақстанда қанша қасқыр бар?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу