Қазақстан • 07 Шілде, 2018

Баку қаласында Астананың туған күні тойланды

333 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әзірбайжан астанасындағы Гейдар Алиев орталығында Қазақстанның елордасының 20-жылдығына арналған «Астана – ұлы Дала жауһары» атты фотокөрме өтті. Іс –шара ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Әзірбайжандағы елшілігі және Гейдар Алиев Қорының ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президені – Елбасы қорының баспасөз қызметі.

Баку қаласында Астананың туған күні тойланды

Фотокөрмені ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов пен Гейдар Алиев орталығының директорының бірінші орынбасары Адил Керимли ашты.

«Астана – ұлы Дала жауһары» фотокөрмесі Мәскеу, Мадрид, Санкт-Петербург, Гаага, Бухарест, Астрахань қалаларында болып үлгерді. Болашақта Лондон, Париж, Берлин және Бейжің қалаларында болмақ.

Бірінші болып фотокөрмені Әзірбайжанның белгілі мемлекет қайраткерлері, дипломатиялық корпус, мәдениет қайраткерлері және журналистер тамашалай алды.Құрметті қонақтардың ішінде Әзірбайжан Парламентінің депутаттары, Венециялық Комиссияның Президенті Джанни Букиккиожәне Әзірбайжанның Конституциялық сотының төрағасы Фархад Абдуллаевбастаған Еуропа және ТМД елдерінің Конституциялық сотттарыныңбасшылары болды.

Қонақтар Бәйтерек, Пирамида және Нұр Әлем ғимараттарынәсіресе атап өтті.Сонымен қатар «Тұран» этно-фольклорлық тобының өнері жиналған қауымға өте ұнады.

Мәдени іс-шара барысында келген қонақтарға Астананың 20-жылдығына арналған «A Day in Astana» фотоальбомы және «Бурабай» ұлттық мемлекеттік табиғи бағына арналған«A Day in Burabay» атты фотальбомдары тарту етілді. Бұл альбомдар ҚР Тұңғыш Президенті қорының тапсырысы бойынша әзірленді. Бірінші альбом Астананың ультра заманауи ғимараттары, олардың архитектуралық және техникалық ерекшеліктері көрсетілген фотосуреттерден тұрады. Екінші фотоальбом «Қазақстандық Швейцарияның» кереметімен таныстырады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов: «2018 - бұл Қазақстан үшін ерекше жыл. Бүгін біздің елордамыз өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Біз үшін бұл оқиғаның тарихи маңызы зор. Бүгінде Астананы қазақ даласының жауҺары деп атауға болады. Астана тәуелсіздіктің, жаңа шексіз мүмкіндіктердің, батыл идеялар мен қазақ халқының үмітінің көрінісі болып табылады.20 жыл бұрын Қазақстан Президенті қабылдаған тарихи шешім бүкіл мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне жаңа серпін берді».

Қазақстан халқын Астананың мерейтойымен құттықтай отырып, Гейдар Алиев Орталығының директорының бірінші орынбасары Адил Керимли былай деп атап өтті: «Бүгінгі іс-шара Гейдар Алиев Қоры мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізілді. Біздің ынтымақтастығымыз елдеріміздің мәдени, тарихи және ғылыми мұраларын зерделеуге және таратуға, халықтар достығын күшейтуге бағытталған».

Сонымен қатар Әзірбайжанға сапар барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов «Құқықтық мемлекет пен конституциялық әділеттілік: құндылықтар және басымдықтар» атты халықаралық конференциясында«2017 жылғы конституциялық реформа және Қазақстанның құқықтық жүйесінің жаңғыртылуы»тақырыбында баяндамажасады.Бұл іс-шара Әзірбайжан Республикасының Конституциялық сотының 20 жылдығының аясында өткізілді.