Қазақстан • 08 Шілде, 2018

8 шілде күні Астанада өтетін мерекелік іс-шаралар

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі бүгін Елордада өтетін мерекелік іс-шаралар туралы хабарлады. 

8 шілде күні Астанада өтетін мерекелік іс-шаралар

 8 шілде күні 8.00-де Мұстафа Кемаль Ататүрік даңғылында Драг-рейсингтен Астана қаласының кубогінің 3 кезеңі өтеді.

10.00-12.00 және 17.00-19.00 аралығында «Жерұйық», «Астаналық, «Президенттік», «Студенттік», Астана триатлон саябақтарында «Fitness Park Astana»  бағдарламасы бойынша спорттық іс-шаралар (эстафета, қапта секіру,топтық жүгіріс, қақпаға допты тебу, стритбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, маунтинбайк) өтеді. 

10:00-де Жастар сарайында «Bravissimo» атты IV халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі болады. 

17:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда мажарстандық «Kurazsi» этно-би ансамблі өз концертін ұсынады.

  18:00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында «Ән мен Әнші» атты гала-концерті басталады. 

20:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда «Кеш жарық, Астана!» Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының концерті өтеді.