Футбол • 09 Шілде, 2018

Жаһан жаңалықтары. Левандовский неге ренжулі?

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаһан жаңалықтары. Левандовский неге ренжулі?

Польша құрамасының белді шабуылшысы Роберт Левандовский топтық кезеңнің кезекті ойынында өз командасы колумбиялықтардан 0:3 есебімен ойсырай жеңілуіне «мен кінәлі емеспін» деп мәлімдеді. «Өйткені, – дейді ол, – әріптестерім маған тоқсан минут бойы голға айналдыратындай бірде-бір пас бермеді» дейді ренішін жасырмай.

«Тіпті Германия мен Португалия құрамасымен де теңбіл доп үшін алысқан сәттерде аяғыма ең құрығанда шіреніп тұрып тебер бір доп тимегені-ай. Мына түрімізбен мандымаймыз, шынын айтсам, жоғарыдағы қарсыластардың барлығы дерлік техникасы мен тактикасы, ойын ұйымдастыру шеберліктері бізден көш ілгері», депті бавариялық шабуылшы.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»