Парламент • 09 Шілде, 2018

Мәжіліс депутаттары аймақтарда кездесулер өткізеді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары жаз маусымының екі айын аймақтарда өткізеді. Онда депутаттар өндірістік және әлеуметтік нысандарға барып, халықпен және еңбек ұжымымен кездеседі. Сонымен қатар азаматтарды қабылдап, өзекті мәселелерге де назар аударады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Мәжіліс депутаттары аймақтарда кездесулер өткізеді

Халық қалаулылары азаматттарға заң шығарушылық қызметі туралы айтып, үшінші сессия жұмысының қорытындысымен, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назазарбаевтың Жолдауы мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасын және мемлекеттік бағдарламаларды заңнамалық қолдау туралы баяндайды.

Үш парламенттік партия мен Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Мәжіліс депутаттары облыстық және аудандық орталықтар мен ауылдарға және елдімекендер мен қашықтағы ауылдарды аралайды.