Президент • 09 Шілде, 2018

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

Газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

Жаңа технологиялар нарығын қаржыландыру тетіктерін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) арасындағы ФАО-ның Қазақстан Республикасындағы Байланыс және әріптестік жөніндегі бюросын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.