Президент • 11 Шілде, 2018

Елбасы «Визит-Центр» орталығына барды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Визит-Центр» орталығына барды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Елбасы «Визит-Центр» орталығына барды

Қазақстан Президентіне өңірдің туристік кластерін, атап айтқанда Щучинск-Бурабай курорттық аймағын, «Абылай хан» алаңын, «Ақ бура» курортты аймағын және басқа да нысандарды одан әрі дамытуға арналған жобалар таныстырылды.

«Визит-Центр» орталығы – тақырыптық музейлер, «5 D» кинотеатры, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында өмір сүретін және өзге елдерден әкелінген жабайы хайуанаттар саябағы бар туристік кешен.