Аймақтар • 12 Шілде, 2018

Жұмысшылар Мәжіліс депутаттарынан тұрғын үйлерді  орталықтандырған жылу құбырына қосуға көмек сұрады

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірге келген жұмыс сапары аясында  Мейрам Пішембаев, Альберт Рау, Александр Суслов, Айгүл Нұркина, Айзада Құрманова мен Анар Жайылғанова «Қазақстан Алюминийі» АҚ-ның өндірістік цехтарына барды.

Жұмысшылар Мәжіліс депутаттарынан тұрғын үйлерді  орталықтандырған жылу құбырына қосуға көмек сұрады

Мәжілісмендер кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті. Зауыт директоры Рафаэль Қадыров жалпы, кәсіпорын жұмысымен, атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды.

«Алюминий зауыты қуатты кәсіпорны. Елімізде ғана емес, шетелде де  сұранысқа ие өнім шығаратын алып өндіріс орны. Біз жаңа технологиялардың  жұмыс жасап жатқанын көрдік. Цифрландыру жүзеге асырылуда. Кәсіпорын ел экономикасының  өркендеуіне үлес қосуда. Айналасында кіші және орта кәсіпкерлік те жетілуі тиіс», - дейді  Мейрам Пішембаев.

Бұдан ары қарай сапар Ақсуда жалғасты. Мәжілісмендер Ақсу ферроқорытпа зауытында да кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті. Ашық әңгіме барысында ескі қаладағы тұрғын үйлерді қаладағы орталықтандырған жылу құбырына қосу мәселесі айтылды.

 – Күні бүгінге дейін пеш жағуға мәжбүрміз, - деді ескі қала аумағында тұратын зауыт жұмысшылары. 

Сонымен бірге депутаттар қаладағы «ҚазРудПром» ЖШС шлакты байыту кәсіпорны, коворкинг-орталық, балалар эко-тех орталығында болып қалалық ішкі  істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген: Айбек Жұматов