Ұлттық Банк: «Банктердің қаржылық орнықтылығы ұлғайды»

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі іске асырған Банк сек­торының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы банк жүйесін қалпына келтіруге және экономикадағы кредиттік бел­сенділікті жандандыру үшін алғышарттар жасауға мүмкіндік берді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктерді қадағалау департаментінің директоры Олжас ҚИЗАТОВ айтып берді.

Егемен Қазақстан
13.07.2018 21336
2

– Олжас Төлегенұлы, Ұлттық Банк өткен жылы Банк секторының қар­жылық орнықтылығын арттыру бағ­дарламасын әзірлеп, іске асырды. Бү­гінгі күні осы ауқымды жұмыстың ал­дын ала нәтижелері туралы айтуға бо­ла ма? Қабылданған шаралар, оның ішінде банктердің кредиттік бел­сен­ділігін арттыру бойынша шаралар қан­шалықты тиімді болды?

– Дұрыс аңғарғансыз, өткен жылы Ұлт­тық Банк сіз атаған бағдарламаны та­бысты іске асырды. Оның басты мақ­саты жұмыс істемейтін кредиттердің дең­гейін төмендету және экономиканы кре­диттеуді одан әрі арттыруға жағдайлар жа­сау үшін банктер акционерлерінің қара­жатын белсенді түрде тарта отырып, банк секторын қалпына келтіру болды. Бүгінгі күні еліміздің ірі банктерін уақтылы қолдау өзінің тиімділігін дә­лел­­деді деп тұжырым жасауға болады. Банктер нашар кредиттерінің негізгі үле­сін есептен шығарып, экономикаға кредит бере бастады.

­Банк секторын қалпына келтіру бағ­дарламасын іске асыру нәтижесінде банк­терді капиталдандыру айтарлықтай өзгерді. 2017 жылы және 2018 жылғы 4 ай ішінде реттеушілік капитал 518 млрд теңгеге (16%) өсіп, 3,7 трлн теңгені құрады. Капиталды ұлғайтумен қатар, банктер тәуекелді активтердің мөлшерін тө­мендетті, бұл жиынтығында капитал жеткіліктілігінің (к2) 2017 жылдың ба­сын­дағы 16,3%-тен 2018 жылғы 1 мамырда 21,5%-ке дейін өсуіне мүмкіндік берді.

2018 жылғы 1 сәуірде банктердің 517 млрд теңге сомаға провизиялар қа­лып­­тас­тырғаны, ал есептен шығарыл­ған қа­рыз­дар мөлшері 690 млрд теңге бол­ғаны да банктердің қаржылық жай-күйі­нің жақ­сарғанын білдіреді.

Бұдан басқа, қарыз алушыларды қайта құрылымдауды ескере отырып, Бағдарламаға қатысушы банктердің 865 млрд теңгеге жуық сомаға қарыз беруі байқалды, оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілеріне – 315 млрд теңге, корпоративтік бизнеске – 329 млрд теңге, жеке тұлғаларға – 222 млрд теңге. Бұл ретте осы банктерде проблемалық берешек (NPL) таргеттелетін деңгейде, яғни несие портфелінің 10%-інен аспайды.

– Бағдарлама шеңберінде мемле­кет­тің алғаш рет өз тәуекелдерін банк­тердің акционерлерімен бөлісті де­ген пікір дұрыс па? Бұрын банктерге қол­дау көрсету бойынша барлық шы­ғыс­­тарды мемлекет көтеретін еді ғой.

– Иә, шын мәнінде, бұл Бағдарламаның бұрын іске асырылған, банктерді қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардан ерек­шелігі акционерлердің ортақ қа­тысуы болып табылады. Екінші дең­гей­дегі банктердің акционерлері ортақ не­гізде 5 жыл бойы банктерді 421 млрд тең­ге сомаға үстеме капиталдандыру жөнінде шаралар қабылдауға тиіс. Соны­мен бірге қарыз алушыларды оңалту, қо­сымша кепілдер қабылдау, берешекті өндіріп алу сияқты активтердің сапасын жақсарту жөніндегі шаралар 1,2 трлн теңгеден астам сома болуға тиіс.

Банктердің акционерлері бағдар­ла­маға қатыса отырып, өздеріне тек қаржылық сипаттағы ғана емес, маңыз­ды міндеттемелерді қабылдағанын атап өткен жөн. Олар бағдарламаға бастап­қы кіру кезеңінде Ұлттық Банкте қор­ға­ған бизнес-модельге сәйкес қаржы инс­­титутының тиімді жұмыс істеуін жә­­не экономиканың басым салаларын кре­­дит­теу­ді кеңейтуді қамтамасыз етуге тиіс.

Банктің қаржылық жай-күйі одан әрі нашарлаған жағдайда бағдарламада жұмыс істеп жүрген акционерлердің үле­сін азайта отырып, банктің капиталы­на реттелген борышты айырбастау мүм­кін­дігі көзделген.

– Бағдарлама бірінші кезекте оған қатысқан қаржы институттарының қара­пайым салымшыларына көмек­тес­ті деп айтуға бола ма?

– Әрине, банк секторын қалпына кел­тіру жағдайларында банктердің ха­лық, мемлекет және жеке компания­лар алдындағы айтарлықтай міндет­те­ме­ле­рінің болуы маңызды рөл атқарды. Олар­дың қаржылық ахуалы нашарлаған жағдайда жеке және мемлекеттік компаниялар, сол сияқты халық, сондай-ақ шағын бизнес зардап шегуі мүмкін еді. Соған қарамастан, біз қолданған тәсіл банктердің орнықтылығын арттыруға мүмкіндік берді, бұл ретте қаржы инс­титуттарын мемлекеттік қолдау қай­та­рымдылық негізінде көрсетілді. Жал­пы алғанда, Бағдарламаны іске асыру қар­жы жүйесінің орнықтылығын жә­не эко­номиканың жай-күйін сақтау тұр­ғы­сынан аса маңызды.

– Бағдарламаның маңызды бөлігі Ұлт­тық Банктің реттеушілік мандатын күшейту, тәуекелге бағдарланған қа­да­ғалауды енгізу екені анық. Заң­на­маға тиісті өзгерістер енгізу қандай са­тыда?

– Ұлттық Банк қолданып жүрген қадағалау құралдары шектеулі және қалыпты болып табылады. Бүгінгі күні Ұлттық Банк активтерді шығару бойынша банктердің операцияларын анықтай отырып, егер де заңнаманың талаптары формальді түрде бұзылмаса, оларды тоқтата тұруға мүмкіндігі болмайды.

Осы мақсатпен 2019 жылғы 1 қаңтар­дан бастап тәуекелге бағдарланған қа­да­ғалау енгізілетін болады, оның шең­бе­рінде Ұлттық Банк тәуекелдер туын­да­ған жағдайда алдын алу шараларын қабылдауды көздейтін уәжді пайымдау институтын пайдаланатын болады. Басқаша айтқанда, реттеуші банктердің қаржылық жағдайының нашарлауын күт­пестен, дағдарысты ахуалдардың туын­дауын болдырмау мүмкіндігіне ие болады.

Мысалы, Ұлттық Банк мынадай төрт салада уәжді пайымдауды пайдалануға ниеттеніп отыр: менеджментті және акцио­нерлерді келісу; құрылған про­ви­зиялардың (резервтердің) барабарлығын бағалау, банкпен ерекше қатынастармен бай­ланысты тұлғаларды анықтау; тәу­еке­л­-
дерді басқару және ішкі бақылау жүйе­лерін бағалау.

Қадағалап пайымдауды енгізу Ұлттық Банктің ағымдағы қадағалау өкілеттігін кеңейтпейтінін атап өткен жөн. Негіз­гі өзгерістер банктерді реттеудің қолда­ныс­тағы аясы ішінде орын алады. Іс жүзін­де, Ұлттық Банктің қадағалау құрал­дары және оларды қолдануға арналған не­гіздер реттеледі. Мемлекет басшысы тиіс­ті заңға үстіміздегі жылғы 2 шілдеде қол қойды.

– Кеңейтілген реттеушілік өкілет­тік­терге ие болған жағдайда банктегі проб­лемаларды реттеу мәселелерінде Ұлт­тық Банк қандай әрекеттерге баратынын қарапайым болжамды мысалдармен айтып берсеңіз.

– Ағымдағы қадағалау процесі қа­лып­­тылығымен ерекшеленеді, бұл оның тиімділігін төмендетеді. Мәселен, «А» банкінде активтерді байланысты тұл­ғаларды кредиттеу арқылы және тұ­рақ­ты емес қамтамасыз ету түрлері ре­тінде шығару белгілері байқалуы мүм­кін. Бұл ретте банктер тарапынан пру­ден­ция­лық нор­мативтер мен Қазақ­стан Респуб­ли­касы заңнамасының өзге де талаптары бұ­зылмаса, Ұлттық Банктің араласуға және активтерді шығару операцияларын тоқтата тұруға мүмкіндігі жоқ. Шын мәнінде, реттеуші формальді тәсілді таппайынша, банктердің қызметіне араласу және күмәнді операцияларды жүргізуді шектеу қиындайды.

Тәуекелге бағдарланған қадағалауға ауысқаннан кейін реттеуші пруденциялық талаптардың формальді түрде бұзылуын кү­тіп отырмастан, бірден күмәнді опера­цияларды жүргізуді шектейді, бұл мін­дет­ті түрде алдын ала отырып араласу жә­­не тәуекелі бар операцияларды шек­теу ес­е­­бінен қаржы институтының орнық­ты­лы­ғына ықпал етеді.

Оның үстіне тәуекелі бар операция­ларды өткізгені және банктерді төлем жасауға қабілетсіздік жағдайына дейін жет­кізгені үшін банктердің менеджменті мен акционерлерінің қылмыстық жауап­кершілігі күшейтілетін болады.

– Қаржы нарығына кейбір қа­ты­сушылар Ұлттық Банк банк­тер­дің кредиттік қызметін, олардың ак­тив­те­рінің сапасын бағалау мәсе­ле­ле­рін­­де басшылыққа алуды жоспарлап отыр­ған «реттеушілік пайымдау» субъ­­ек­тивті болуы мүмкін деп қауіп­те­не­ді. Ық­тимал дауларды реттеу тетігі қан­дай болады?

– Банктер тарапынан уәжді пайымдауды енгізуге қатысты орын алып отырған сын Ұлттық Банктің уәжді пайымдау-
ды пайдаланатын қызметкерлерінде ықтимал субъективизмнің болу мәсе­ле­леріне қатысты. Бұл банктер мен бас­қа да қаржы ұйымдары тарапынан қауіп­тенудің негізгі себебі болып табы­лады. Соған қарамастан, заңнамаға енгізілетін түзетулердің редакциясы оны пайдаланудың жеткілікті түрде түсінікті және ашық тетігін және оған сотқа дейін, сол сияқты сот тәртібімен шағым жасау мүм­кіндігін болжайды. Пайымдауды пай­далану кезінде заңдылық, негізділік, объек­тивтілік және бірыңғай тәсіл қағи­даттары сақталады.

Бұл орайда реттеушінің пайымдауы қадағалау процесін қатаңдату үшін, сол сияқты оны жұмсарту үшін пайдала­ны­луы мүмкін, мысалы, формальді та­лап­тарға шамалы сәйкес келмеген кезде.

Уәжді пайымдау Ұлттық Банктің бір қызметкерінің ғана пікірі емес, ол – Ұлттық Банктің тиісті бөлімшелері басшыларының қатысуымен Ұлттық Банк Төрағасы орынбасарларының бірі бас­шылық ететін алқалы органының кәсі­би негізді пікірі. Уәжді пайымдау қад­а­ғалау шарасын қолдану үшін негіз болып табылады.

Қадағалап пайымдаудың Ұлттық Банк­тің пікірі болып табылатынын ес­ке­ре отырып, қате пайымдаулар тәу­екел­дерін азайту үшін заң жобасында қадағалап пайымдауды қолдану және сотқа дейін шағым жасау рәсімі жан-жақты реттеледі. Қадағалап пайымдауды дайындау кезінде бастапқы кезеңде банк оның жобасымен 5 жұмыс күнінен аспайтын уақытта танысады. Одан кейін, қадағалап пайымдауды Ұлттық Банк­тің алқалы органы қарайды және қа­рау нәтижесі бойынша Ұлттық Банк қадағалап ден қою шарасын (жазбаша ұйғарым) қолдануға құқылы, ол 10 жұмыс күні ішінде күшіне енеді. Банк қадағалап ден қою шарасымен ке­лісп­е­ген кезде қаржы институты жазбаша қар­сылық ұсынуға құқылы, оны Ұлттық Банк Басқармасы 10 жұмыс күні ішінде қа­рай­ды. Қадағалап ден қою шарасы қар­сылық білдіру қаралғаннан кейін күшіне енеді. Осылайша, қадағалап пайымдау-
ды іске асырудың жалпы мерзімі 25 жұмыс күнін құрайды. Бұл ретте банктер бұрынғыдай, яғни Ұлттық Банктің уәжді пайымдауы және өзге шешімдері бойынша сот тәртібімен шағым жасай алады.

Біз уәжді пайымдау жөніндегі қада­ға­лау шешімдерін қабылдаудың көр­сетілген рәсімдерін барынша ашық деп санаймыз. Қаржы ұйымдарының уәкілетті орган шешімінің жобасына шағым жасау үшін жеткілікті уақыты болады. Қаржы қоғамдастығының уәжді қадағалап
пайымдау түріндегі жаңа қадағалау құралын пайдаланудың ұсынылып отырған тетігін толық қолдайтынын тағы да атап өткім келеді.

– Банк секторының орта мер­зім­ді перспективадағы дамуына қа­тысты болжамыңыз қандай? На­рық­­­тың шоғырлануын, оның қа­ты­су­шыларының бірігуін күтуге бола ма?

– Қазіргі кезде еліміздің банк сек­то­рын­дағы ахуалын сенімді түрде тұрақты деп сипаттауға болады. Бұл ретте банк секторының орнықтылығын қолдау жөнінде қабылданған бағдарлама банк секторын тұрақтандыру кезінде маңызды рөл атқарды. Орта мерзімді перспективада банк секторын дамытудың неғұрлым өзекті мәселесі экономиканы кредиттеуді қалпына келтіру болады.

Тұтастай алғанда, қаржы ұйымдары біріктірілген жағдайда ол оң синергияны көрсетеді, себебі құрылған банк банктердің ресурстарын біріктіру салдарынан туындайтын басымдықтардың кең ауқымын пайдалана алады. Атап айтқанда банктерді шоғырландыру пайдасына: ауқым бойынша үнемдеу, функцияларды орталықтандыру есебінен әкімшілік, маркетингтік және басқа да шығыстарды төмендету, қаржылық қызметтердің тізбесін кеңейту, нарықтың үлесін ұлғайту, өз бизнесін географиялық әртараптандыру, басқару тиімділігін арттыру және т.б. дәлел болып табылады.

Осылайша, ауқым бойынша үнемдеу банктің мөлшері, өнімдер мен қызметтерді әртараптандыру, банк брендінің танымал болуы банк өнімдерінің басым бөлігін олардың тұтынушыларының басым бөлігіне қарама-қарсы сатудан қосымша пайда алуға мүмкіндік беруінен көрінетін болады. Нәтижесінде, банктің қаржылық жағдайының нығаюына, оны капиталдандыруға, нарықта тиімді жұмыс істеуіне сенім артуға болады.

– Мемлекет басшысының бас­та­мала­рын іске асыру шеңберінде Ұлтт­ық Банк экономиканы ұзақ мерзімді кре­­дит­теуді қамтамасыз ету бойынша қан­­дай жұмыс жүргізуде? Ұлттық Банк ЕДБ-ны қорландыруды кеңейту бой­ынша қандай шараларды іске асыр­мақ?

– Банктердің қолайлы мөлшерлеме бойынша ұзақ мерзімді қорландыруға қолжетімділігін кеңейту Ұлттық Банк жұмысының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Банктерде қаржы ре­сур­старының болуы – кредиттік про­цесті жандандырудың, олай болса, ел экономикасы дамуының негізгі талабы Экономиканы ұзақ қорландырумен қамтамасыз ету және экономиканы кр­е­-
дит­теуді кеңейту үшін бірқатар жұмыс жүр­гізілді, жақын арада тағы да іске асы­рылатын болады.

Біріншіден, екінші жарты жылдықта «7 – 20 – 25» ипотекалық кредиттеу бағдарламасы іске асырыла бастады оның аясында бес жылдық кезең ішінде ипотекалық кредиттеу нарығын 1 трлн теңге сомасына кеңейту көзделіп отыр.

Екіншіден, банктерді қорландыру мер­зімдерін ұзартуға Ұлттық Банктің банк­тердің айналыс мерзімі 5 жыл болатын облигацияларын сатып алуы ықпал етеді. Осы Бағдарлама шеңберінде ақша қаражатын жалпы тарту көлемі 2018 жылы 400 млрд теңгені құрайды. Осы кө­ле­мнің жартысы – 200 млрд теңге – БЖЗҚ қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.

Үшіншіден, жинақ депозиттерін енгі­зуде банктерді қорландыру мерзімдерін ұзар­туға және банктердің экономиканы ұзақ мерзімді кредиттеуін кеңейтуге ық­пал етеді.

 Көрсетілген ақша қаражаты сол си­яқты экономиканың нақты секторын кре­­диттеуді кеңейтуге бағытталуы мүм­­кін.

Бұл шаралар кешені тиімді іске асы­рылған жағдайда банктердің экономиканы кредиттеу бойынша мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік туады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.11.2018

Асхат Маемиров Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

15.11.2018

Бекзат жаттыққан спортзал

15.11.2018

А. Майтиев тариф қалыптастырудың ашықтығын арттыру шаралары туралы айтып берді

15.11.2018

Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

15.11.2018

Бас прокуратурада бизнес саласындағы проблемалық сұрақтар талқыланды

15.11.2018

Қазақстан мен Швеция ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын анықтады

15.11.2018

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті

15.11.2018

Алматыда композитор Әсет Бейсеуовты еске алу кеші өтті

15.11.2018

Президент Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевты қабылдады

15.11.2018

Жезқазған мен Сәтбаевтың арасында ірі супермаркет салынады

15.11.2018

Елбасы Словакия Республикасының Премьер-Министрі П. Пеллегринимен кездесті

15.11.2018

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұтфолла Шәкеновты еске алу кеші өтті

15.11.2018

Алматыда Құрманғазының 200 жылдығына арналған дәстүрлі музыка фестивалі аяқталды

15.11.2018

Асқар Шәкіров ұлттық құқық қорғау мекемесімен өзара іс-қимылын оң сипаттады

15.11.2018

Алматыда «Серікбол Қондыбай. Рух жауынгері»  атты деректі фильмнің көрсетілімі болды

15.11.2018

Алматы полициясы: ірі сатып алушының үйінен ұрланған заттар иелеріне қайтарылды

15.11.2018

ШҚО-да атқа мінген ауыл әкімі қасқырдан құтқарып қалды

15.11.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

15.11.2018

Қостанайда жол-көлік оқиғасы 5,9 процентке азайды

15.11.2018

Аягөзде зағип жандарға құрмет көрсетілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу