Президент • 15 Шілде, 2018

Қазақстан Президенті «Біржан-Сара» операсына барды

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бурабай» курортының аумағында композитор М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының ашық аспан астында өткен қойылымына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті «Біржан-Сара» операсына барды

Басты партияларды халықаралық байқаулардың лауреаты М.Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты М.Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ж.Шыбықбаев, Д.Хамзина және С.Ахметова орындады. Операның қоюшы-дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Мұхитдинов, қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Маемиров.